+1 дауыс
1.6k көрілді

Көрініс екінші рет қайталанып жатқан сияқты сезім байқала ма? Бұрын түсімде немесе  өңімде болған жағдай сияқты көрініп тұрса не істеймін? Мұның денсаулыққа, психологияға зияны және пайдасы бар ма? Мұндай адамдарды ғылымда не деп атайды? 
P.S.Бұл сұрақ қайталанған: мында және мұнда. Тек бұл сұрақта қосымша сұрақтар қосылған, әзірге басқа сұрақтарда маған керекті жауаптар болмай тұр. Сондықтанда түсіністікпен қарауды өтінемін. 

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Дежавю́ (фр. déjà vu, МФА (фр.— «бұрын болған секілді сезім») осы іс-әрекет бұрын болған секілді көрінетін психикалық ахуал, бірақ бұл сезім дәл бұрын болған кезбен байланыспай, жалпы болған кезбен байланысты. Бұл термин ең алғаш рет Эмиль Буарактың "Будущее психических наук" кітабында қолданылған. Ұқсас құбылыстар (аналогичные явления) - фр. déjà vécu («болған кез»), фр. déjà entendu («естілген секілді») Кері термин жамевю - ешқашан болмаған кез. Жалпы кезде қалай сезінесін, сол секілді ешқашан да болмаған оқиға. Дежавю, мысалға, оқып жатырған кітапты бұрын оқыған сияқты немесе бұрын көрген фильмді мүлдем умытып қалған сияқтылар. Дежавюдің әсері өте қатты болуы мүмкін, тіпті, бірнеше жылға есте қалуы мүмкін. Дегенмен, адам білген сияқты болған нәрселерді еске түсіре алмауы мүмкін. Дежавю кең таралған құбылыс; зерттеулер бойынша, 97%-ға дейін дені сау адамдар дежавюды бастарынан откізген, ал эпилепсия ауруына шалдыққандар жиі көреді. Бұл құбылысты адамдар өздері болдырта алмайды және де әрбір сау адамда бұл сирек болып тұрады. Осы себептен дежавю ғылыми зерттеулері қиындық туғызуда. Қазіргі таңда дежавю тек батыста емес, сонымен қатар, Ресейде де зерттелініп жатыр. Осындай тақырыпта Андрей Курганның "Феномен дежа вю" деген жұмысында уақытын зерттей келіп, толқудың нақты себебі - екі оқиғаның бір-бірінің үстіне қабаттасуы болып табылады. Бұл қабаттасудың себебі уақыттың өзгеруінде. Болашақтың қазіргі кезбен ауысып кеткені секілді болуы.
+1 дауыс
Ондай жағдай менде де қайталанады.
+1 дауыс
Менің байқауымша мұндай жағдай бәрінде болады. Бірдеңені істегенде бұрын істеп қойған сияқты болып тұрам. Бәлкім адамдар бірнеше қайтара өмір сүред дегенді еститин ем сол шың шығар.
сонда бірнеше қайталанып туууура солай өмір сүре ме екен??
білмедім, мен бәлкім шығар деген сөздермен жауап бердім. Дінжолындағы адамдардан сұрап көру керек
Белгісіз
жоқ...адам өмірге бір-ақ рет келеді...
+1 дауыс

ондай құбылысты дежавю деп атайды

+1 дауыс
Менде бұндай нәрселер өңімде болып көрген жоқ,бірақ түсімде болды.Бүгін көрген түсімді кеше көріп кеткендей соны жалғастырып жатырғандай боламын.Өңімде олай болмағасын түсіме онша мән бермеймін.
+1 дауыс
Ия менде де болып тұрады. Бір жағдайлар кейде бұрындары да дәл солай болған сияқты сезіліп тұрады.
+2 дауыс
Менде де бұл жағдай болған ,менде ғана емес  осы өмірде барлық адамда болады.Ол ешқандай да зиян емес .Мен оны Дінтану пәнінен беретін мұғалімімнен сұрағанда:Оған қорықпай ақ қойындар,адам ұйықтаған кезінде барлық дене мүшелері жұмыс істеуін тоқтатады ,дәл осы кезде ,адамның алдыңғы болатын іс әрекеттің кішкене ғана бөлігі көрінеді екен(мүмкін сурет ретінде)Мысалы мен мынаны бір жерден көрдім,дәл осы кез болып кеткен сияқты  деген   сөздер жиі ұшырасады.
...