+1 дауыс
2.0k көрілді

Неге домбыраның үнін сипаттағанда "қоңыр үн" дейді? Мысалға: домбыраның қоңыр үні.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізі қазақ халқына байланыстының көбісі "қоңыр" сөзімен байланысып келеді ғой. Қазақтың даусы да, даласы да, аспаптарының үнi де қоңыр. Мысалы, домбыраның үнін естігенде қазақтың қоңыр даласы көз алдымызға елестейді ғой. Сол себептенде солай айтылатын шығар.
+1 дауыс
Өйткені оның өзіндік даусы бар басқа аспаптардан, сондықтан "қоңыр үні бар" дейтін шығар.
"Қоңыр" тобының атын осындай мақсатта қойған екен ғой. Бірақ та барлық аспаптардың өзіндік даусы бар, бірақ олардың үнін "қоңыр үн" деп атамайды...
+1 дауыс
Құлаққа жағымды үн болған соң қоңыр үн дейтін шығар. Басқа аспаптар сияқты тақылдап, шәңкілдеп болмаса шиқылдап ми ашытпайды. Домбыраның үнін барабан, скрипка, Баян т.б. қалай теңестіресің. Домбыраның үні деген керемет емес пе?!
...