неге өзіңіз таңдау жаса деп алып неге қарсы шығасыз,әркімге әрқалай, сен оданда бөлме гүлі ұнай ма деп сұрақ қойсай біреудің жауабын тергейтін болсаң,өзіңе ұнамаған жауап екені көрініп-ақ тұр бірақ сен өз сұрағыңа мән беріп қара
Менікі қарсылық емес,бөлме гүлін күткенді ұнатпаймын дегеннен соң нақты себебін білгім келді,бәлкім оның жауабы өзін жақсы білетін адамдар үшін пайдалы болып қалар деген оймен. Бір затқа қарап екі адам екі түрлі ой түйетіні белгілі ғой. Әрине,талғамда талас жоқ.
Тереңнен ойлай біледі екенсіз,бұл үшін талдап,талқылауды жақсы меңгеріпсіз. менің пікірімді білгіңіз келсе: Иә,өзім арнайы мен үшін баптап,өсірілген бөлме гүлін алғанды жақсы көремін. Ол менің бөлме гүлін жақсы көретіндігімнен ғана емес. Дала гүлін ұнатпаймын деп те айта алмаймын. Тек,дала гүлін кез келген адам жұлып,сыйлай алады. Жұлып. Өмірін тоқтатып.Одан кейін ол гүлді қанша уақыт сақтай аласыз? Ал бөлме гүлінің кейінгі тағдыры сіздің қолыңызда. Сіз жауапкершілікті сезінесіз,оны өсіріп әкелген жанның сізге деген ықыласын сезінесіз сонымен қоса қосымша қызығушылығыңыз пайда болар еді мүмкін кейін сүйікті ісіңізге айналар. Тағы қате түсініп қалмаңыз, өз ойымды тықпалағанымнан айтып тұрған жоқпын. кім қандай таңдау жасаса да еш қарсылығым жоқ. Қарсы болсам, шөлге төзімді түйенің балықты суда өмір сүретіні үшін кіналағанындай болып көрінеді ғой. Өзгелердің де өз айтарлары бар болар,ал білген артық етпейді мен үшін.