0 дауыс
388 көрілді
Бөлме гүлдеріне қандай жаңалық немесе ұсыныстар бар?

2 жауап

0 дауыс
Айтарлықтай еш жағалығым жоқ.Бірақ мен жағында мынаған таң қалдым.Мұны құйған сайын үйдегі гүлдер де күннен күнге өсіп жатыр.Жапырағы да сарғаймайды.Яғни тамаққа туралған,піспеген картопты жуған суды гүлге құйса қаулап өседі екен.
Крахмалдын пайдасы шығар шамасы!!!
Белгісіз
0 дауыс

Гүлдерге күтім жасау олардың түріне тікелей байланысты.Олардың бірі күнді жақсы көрсе,енді бірі көлеңкені мекендегісі келеді. Бір гүлдерді жиі суарып тұру керек,енді бірі аса шөлдей бермейді,мысалы,алоэ.Жиі суарса кей гүлдердің жапырағы сарғайып кетеді.Біз үйде қайнаған шайдан қалған шаманы қолданатынбыз,бірақ, шаманы жиі қолданғаннан ұсақ шіркейлер пайда болатынын кейін білдік. Ауаны өздері бөліп шығарғанымен олардың өзіне ауа керек,сондықтан оларға су бүркіп,жалпақ жапырақты гүлдеріңіз болса шаңын дымқыл шүберекпен мұқият сүртіп тұрыңыз. Топырақты құнарландыру мақсатында тыңайтқыштар қолданған да дұрыс екенін өзіңіз де білетін боларсыз. Бірақ,жиі әуестенбеңіз,шамадан тыс болса гүлдеріңізге обал. Бір танысым көп мөлшердегі суға шамалы цемент ұнтағын қосып,араластырып қосып,онымен суарып тұрса да көп көмегі тиетінін айтқан болатын,бірақ өзім тәжірибе жүзінде байқап көрмедім. Қиял сияқты көрінгенімен гүлдермен сөйлескен дұрыс екен, иесіне бауыр басып қалатын гүлдер жайлы да біліп жатырмыз.

...