Нұрәсеттің бір сөзімен келіспеймін. "Күнәсі көп адамға көп сынақ жібереді "деген. Алла Тағала тек сүйген құлдарына ғана сынақтар жібереді. Көтере алатын қиындық береді. Ал мына сөзі ұнады" адамның бақытты болуы өзіне байланысты". Адам бақытты болам десе , оган ұмтылу керек. Түріктің бір ғалымы:- "Дара тұлға "-өмірдің төрт мезгіл болатынын біледі, сол мезгілдердің тамаша кезеңдерін тауып , бақытты болудың жолын іздейді. Өмірде ешкімге ұқсамайды, өзіндік қалыбын сақтайды. Адамгершілігі мол нағыз адам. "Жарты адам"- өмір тек бір мезгілде , тек көктем болып тұра бергенін қалайды. Басқа мезгілдерді, өмірдің шындықтарын мойындамай бақытсыздықты тілеп алады. Әркімге ұқсағысы келіп өмірін еліктеумен өткізеді-деп адамдық жолдан айнымай, дара тұлға болып қалыптасу жолын айтыпты. Пайғамбарымыздың-"Қайырлы сауапты істер адамды мың түрлі бәледен қорғайды"деген хадисі бар. Бақытты болғың келсе жоғары білім иесі бол, жақсы жұмысқа орналас. Адал бол, қарапайым , қайырымды бол. "Адам өмірінің ұзақ, ризығының мол болғанын қаласа жақындарына қайырымды болсын "деген хадис бар. Дара тұлға болып қалыптас. Ой мен сезімді, ақыл мен жүрегіңді басқара біл!