+2 дауыс
55.4k көрілді
Қант диабеті ауруының алғашқы белгілері бар ма: Қандай? Өтінемін тауып беріңіздерші?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қант диабеті өте күрделі және қатерлі ауру, оның шамалы белгілері байқалғанда алаңдау керек. Бұл ауруға қанттың қандағы деңгейі көтерілуі, оның зәрде болуы тән. Ауру нәтиже-сінде асқазан асты безі шығаратын гормон- инсулиннің аздығы туындап,ақырында зат алмасудың бұзылуына алып келеді. Қант диабеті жас шағының ауруы, онымен дүниедегі халықтардың барлық топтары қамтыл-ған. Дүние жүзінде 180 млн. астам адам қант диабетімен ауырады. 2030 жылға қарай бұл сан екі еседен асып кетер қаупі бар...
ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ ЕКІ ТҮРІ БАР:

Инсулинге тәуелді – ҚД 1 түрі, негізінен жас адамдарды зақымдайды.Оның себебі, иммунитеттің төмендеуі немесе вирустық жұқпалы аурудың салдарынан асқазан асты безі жасушаларының өлімі. Ағза бұл жағдайда өздігінен инсулин түзуге қабілетсіз.
Инсулинге тәуелсіз – ҚД 2 түрі. Аурудың бұл түрінде инсулин асқазан асты безімен керек деңгейде шығарылмай, асқындырып шығарылады. Бірақ ағзадағы жасушалар оған сезімталдығын жоғалтқандықтан, қабылдай алмайды. Диабеттің екінші түрі - семіздікпен қиналатын, жасы 40-тан асқан адамдардың арасындағы тұқым қуалаушы ауру.
Қант диабетінің екі түрі де ауру адамның ағзасында капиллярлар мен тамырларды зақымдап, салмақты өзгерістерді тудырады. Ауыру процессінің нәтижесінде түрлі мүшелердің қан айналымы бұзылып, олар әдеттегі қалыпты қызметін жоғалтады. Диабеттің таралған зардабы шел (катаракта), көз қарашығының бұзылуы мен соқырлыққа сүйрейді. Жиі қант диабеті ұзақ сақталатын бүйрек жеткіліксіздігін тудырады. Мол қанттың қол-аяқ тамырларына әсері диабеттің трофикалық жаралар түзілуі мен өкшенің шіруіне әкеліп соғады. Қант диабеті сирек емес жағдайда ерлердің импотенциясының себебі. Сондай-ақ бауыр да ауру адамның ағзасындағы өзгерістерге, майлы дистрофия мен циррозда болатын жауап қайтарады. Қант диабетімен ауыратындар иммунитет төмендеуінен зардап шегеді және түрлі жұқпалы ауруларға шалдығады.
Аурудың негізгі белгілері мен сипаты:
  1.Ағзаның шөлдеп кептіруіне алып келетін, жиі зәр шығару мен әр уақытта шөлдеу сезімі;
2.Әрқашандық аштық сезіміне қарамастан, салмақты тез жоғалту;
   3.Қанттың қандағы жоғары құрамы;
   4.Шаршағандық немесе әлсіздікті сезіну;
5.Көрудің қиыншылығы (көз алдындағы
«ақ таңба»)
    6.Жыныстық белсенділік қиыншылықтары;
    7.Ұйып қалу және ұйып қалған жерлерде шаншу;
    8.Аяқта ауырлық сезіну;
9.Бас айналу;
    10.Жұқпалы аурулардың баяу емделуі.
11.Жаралардың баяу жазылуы;
12.Дене температурасының орташа деңгейден төмендеуі;
13.Көрудің нашарлауы;
    14.Тез шаршаушылық;
    15.Аяқ бұлшықеттерінің тартылып қалуы.
Бірқатар жағдайда қант диабеті өзін бір уақытта білдіртеді .Диабеттің сипаттамалары әр түрлі, 1және 2 түрдегі диабеттерде де. Кейде ешқандай белгілері байқалмай, диабетті мысалы, көз дәрігеріне көз түбін көру кезінде қарап анықтайды. Бірақ екі түрдегі қант диабетіне сай белгілердің кешені бар. Белгілердің білінуі инсулиннің секрециясының төмендеу деңгейіне, ауру адамның жеке бас ерекшеліктеріне және ауру ұзақтығына тәуелді.
Қант диабетінің 1 түрінің басталуына өзін сезінудің тез нашарлауы және көбірек білінетін ағзаның кебу белгілерінің байқалуы жатады. Ондай науқас адамдар инсулиннің тез тағайындалуына байланысты. Сәйкес емдеусіз, барлық зат алмасу түрлерінің бұзылуы өмірге қауіп төндіретін жағдай-диабетикалық комаға алып келеді. Оған себеп, қандағы инсулиннің жетіспеушілігі, глюкозаның жасуша ішіне енуінің қиындауы және энергия жетіспеушілігі. Ағза май деполарындағы энергияны қолдана бастайды. Бұл процесс тым интенсивті жүргендіктен, майдың біршама бөлігі қанға өтеді. Олардың кейбір бөлігі бауырдан өтіп, кетон денелеріне айналады да, қанға түскенде ағзаға токсикалық әрекет жасайды. Жедел емдеуді қажет ететін, ауыр жағдай дамиды.
Аурудың диагнозын құптау үшін тек қант диабетіне тән сипаттар мен белгілердің байқалуына сүйенуге болмайды,қанның құрамындағы қанттың кем дегенде екі реттік тексеріс қорытындысы қажет.
Егер ауру адамның қанының зертханалық зерттеулері аурудың белгілерімен расталса,онда диабетпен ауыратын адам жедел емдеуге мұқтаж. Диабет сынды аурумен күресте, науқас адамның белсенді қатынасы қажет.
Қант диабеті –қатерлі ауру, онымен нау-қас адамға өмір сүруге үйрену керек. Өзіңізді тыңдап көріңіз, қант диабетінің белгілері мен сипаты байқалса, сіздің ағзаңыз әр уақытта емдеу мен көмекке мұқтаж екенін ойлаңыз.

      Негізі бұл көшірме "Жедел жәрдем" газетінен алынған, сенуге болады өзім үшін көшіріп алғанмын.
Өте жасы ақпапарат.
0 дауыс
Саламатсыздарма.Сурайын дегеним менин сонгы кездери тамагым оте катты ауырып жур,азанга жуык тамагым мулдем кеу1п кетеди,козимде жасаурап иши кызарып тур,озимди алсиз сезинемин,температурам биресе котериледи,биресе орнына туседи.Айта аласыздарма бул кант диабети болуы мумкинбе?Жане де бул ауруды калай емдеуге болады?Жауаптарынызды кутемин.Жасым 14
0 дауыс
Сахар болган адамнын журегі шанши ма?
0 дауыс
Мен де өкшенің ысуы бас айналуы қантқа құмарлық байқап журм. Бул сахарға жатады ма?
0 дауыс
Саламатсызба менің сурайындегенім кант диабетіне менің ауыруымның катысы барма астым кышитженский жагым, котеншегі сырты кышит калпитдеп емделдим бирай бойы кышуы токтамат аскарита бардеп те ем кабылдадым болмад
0 дауыс
Салеметсызбе мен коп шөлдеп. коп терлим журегым шаншиды және әлсізденіп уйктап калам
0 дауыс
Менде тамағым кеуіп жатканда ащы конфеттер сорып жатам..дем жетпей калажы...тура тұншыгам..белгісі емеспе?

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
7 жауап
...