+3 дауыс
7.4k көрілді
"Ағайынды алтау едік өле-өле жетеу қалдық" бұл сөздің мағынасы қандай, бір терең мағынасы бар екенін білем бірақ миым жетер емес
меня заинтересовало)) жауабын бірге күтейік))
Мәке, хатыңызды уақытында көрсем де, жауап таба алмай жүріп қалдым.Бұл өзі соңғы уақыттағы ойланатын жақсы сұрақтардың алды болды деп ойлаймын.

7 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап

"Ағайынды алтау едік өле-өле жетеу қалдық" - деген сөздің мағанасына бұрындары еш мән бермеген екенмін. Осы сұрақты оқығалы бері әбден миым қатты.  Ақыры сұрақты барлай,жан-жағынан жіктей келе өз-өзіме 100% сенімді болмасам да  жауап жазып көрейін деп шештім. Бұл жердегі алтау, жетеу  деген сандар бұлжымайтын, қатып қалған емес тек баламалы алған деп ойлаймын. Демек бұл жерде бұл жерде 3,5,9 деген сандарды атай берсе де болар еді, бірақ екінші сан біріншіден міндетті түрде көп болуы керек болған деп ойлаймын. Оның мәнін түсіндіріп көрейін. Адам өмірі мәңгілік емес, ерте ме,кеш пе ажал құшағына бәрі де енеді. Міне осы жерде анадан алтау тусаңда өле-өле таусылуың, немесе азайюың табиғи заңдылық. Міне осындай жағдайда біздің қазақ " Аллаға шүкір, артында ұлдары бар  жоқтатпас" - деп басу айтатынымыз бар емес пе? Осы жерде бауырыңның ұлдары да саған бауыр болып саналатынын еске алсақ   "ағайынды алтауымыз кетсек те, артымызда бізді жоқтатпайтын ұлдарымыз бар, олар бізден де көп қой" - деген мағанада болар деймін,  ал олар жетеу,  мүмкін одан көп болар одан сөздің айтар ойы өзгермейді деп ойлаймын..

+++++++++++++++++1
Өте жақсы жауап, және оптимист екеніңіз көрініп тұр (мен жетінші ағайынды жалғыздық болар деген ойда едім (яғни  бәрі өлді, мен тек қана жалғыз қалдым деген сияқты), білесіз ғой ылғи менің жаман оймен жүретінімді) көңілімді көтеріп тастадыңыз
Мәке, мен сізді айналаңызға ғылыми дәлдікпен, дәлелді деректермен тұжырымдай қарайтын реалист ретінде бағалаймын.
0 дауыс

Бір кинода осының жауабы айтылған дейді

+1 дауыс
Сәлем осы тұста ұлы Абайдың сегіз аяқ өлеңі есіме түсіп кетті жалпы басқалар сияқты көп ойланған жоқпын бірақ дұрыспа бұрыспа ол жағын өзіңіз пайымдай жатарсыз! Атадан алтау,анадан төртеу Жалғыздық көрер жерім жоқ,Ағайын бек көп, Айтамын есептеп! Демекші алтау едік жетеу болдық дегені ағайынды алтау едік 2 қайтыс болып ар жағында біреуінің 1 балсы таңы бір бауырның 2 балсы 4 ағайынға аманат болып қалады!  Енді жеті бауыр болдық осылар сияқты бізде кетіп жатсақ артта қалған ұрпағымыз орнымызды жоқтатпас деген ой беріп тұрған болуы керек шамасы!
менің жауабымды ешкім елемегенбе қалай өзі?Өзімдеде обал жоқ 2013 жылғы сұраққа жауап беріп просто тақырып қызық екен!
Неге ескермедік, елеп-ескеріп жатырмыз, осы сіздің сәл нәрсеге ренжіп қалатыныңыз жаман (әзіл ғой),
СЖ-дағы жауаптың ешбірі елеусіз қалмайды, мысалы Гуглден "ағайынды алтау едік" деп іздеп қараш Сіздің жауабыңыз шығады, сол сияқты сіздің әр берген жауабыңыз қазақ тілді интернетті дамытуға, қазақ тілін сақтауға қосқан үлесіңіз, (тіл болмаса халық та болмайды), қазақ ұлтының болашағына қосқан үлесіңіз деп біліңіз
0 дауыс
Бесеуі өліп өзі жалғыз қалған... Алайда жалғыздықтан құса жеп  бір өзі "екеу" боп( жаны өлілермен, тәні тірілермен) жүрген бейбақтың сыры
0 дауыс
Ұяттан өлу. Ұяттан өлу
0 дауыс
1 ши 2 ши 3 ши 4 ши 5 ши 6 шы жане 7 кун апта
0 дауыс
Апта күндері
Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма | Сенбі | Жексенбі
...