Сотқа шағымдану алдында мәселе бойынша арнайы дәлел келтіретіндей құжаттарды жинап алу қажет. Содан кейін сотқа талап арыз жазып азамзаттық істер бойынша кеңсеге 2 данасын тапсырасыз.
Азматтық іс жүргізу кодексінің 14-тарауына сәйкес талап арыздың нысаны мен мазмұны төмендегідей:
1. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда берiледi.
2. Арызда:
1) арыз берiлетiн соттың атауы;
2) талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жерi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен банктiк реквизиттерi, сондай-ақ, егер арызды оның өкiлi берсе, өкiлдiң атауы мен мекен-жайы;
3) жауапкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi және, егер талапкерге белгiлi болса, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi, жұмыс орны туралы мәлiметтер мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса) немесе, егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi не, егер талапкерге бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен мәлiметтер белгiлi болса, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен банк реквизиттерi;
4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупiнiң мәнi;
5) талап қоюшы өзiнiң талаптарын негiздейтiн мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер ;
6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;
7) арызға қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.
3. Арызда дауды шешу үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер көрсетiлуi, сондай-ақ талапкердiң өтiнiшi баяндалуы мүмкiн.
4. Прокурор мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделер үшiн беретiн өтiнiмде мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдденiң неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негiздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сiлтеме болуға тиiс. Прокурор азаматтардың мүдделерi үшiн өтiнiш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзiнiң талап қоюы мүмкiн еместiгiнiң себептерiн негiздеу болуға тиiс; арызға, әрекетке қабiлетсiз адамның мүдделерi үшiн арыз беретiн жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгiнуге келiсiмiн растайын құжат қоса тiркелуге тиiс.
5. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкiлеттiгi болған жағдайда оның өкiлi қол қояды.
Талап арызға тіркелетін құжаттар:
1) жауапкерлер мен үшiншi тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшiрмесi;
2) мемлекеттiк баж төлеудi растайын құжат;
3) өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын сенiмхат немесе өзге де құжат;
4) талапкер өз талаптарын негiздейтiн мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшiрмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшiншi тұлғалар үшiн бұл құжаттардың көшiрмелерi;
5) оны дауға салған жағдайда нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi;
7) талапкердiң мерзiмдi кейiнге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерiн азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелердi талап ету туралы өтiнiмi және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тiркеледi.