–1 дауыс
970 көрілді
Ең бірінші сайыт әкімшілігінен және де сайт админынан кешірім өтініп менің сұрағымды өшіріп тастамауын сұраймын! мен Ақтөбе облысының аудандарының бірінде тұрамын жасым 20 да сұрағымның нақты бөлігін жоғарыда жазған болатынмын оған себеп әке шешем намаз окығанмды мақұл көрмейді жәрайды әке шешеніда тындайық деп сақалымды кырдым балағамды түсірдім енді үйленгім келеді сөйлесіп жүрген қызым бар орамал тағады деп айттым жақында оғанда қарсы болды үйден шығармайды сыртқа нестесем болады? бірнәрсе сұрасам әкем балағаттап қол көтеріп шығады. жарайды делік орамал тақпайтын қызбенде жүрдік уақтында олар менің мүгедектігіме арланып тастап кеткен болатын сондықтан намаз оқып бастадым 18 жасымнан. Білесіздерме осы сайытқа алғаш тіркелген күні осыған ұқсас сұрақ қойған едім неге сүйген қызыма үйлендіре алмайм деп сонда сайыттағы бір баурымызба әпкемізбе ол қызды анаңызбен таныстырыныз деген болатын менде солай жасайдым орамал такпайтын қыз еді оныда жақтырмады. сонда әке шешеме қандай қыз керек екенін білмей дал  болдым. Дәл кинодағыдай өзім тап қан қызға үйлендірем дейді. айтындаршы ғашық болмай қалай үйленем! ӘКЕ ШЕШЕМ түсінбейді соны қазргі қыз орамал тағады олда агенттен неге қалаға келмейсін дей береді? ал әке шешем қарсы тіпті достарыммен арласа алмай қалдым. бүгін қалада арласып жүрген достарымызбен айт намазына қатысып болған соң ақша шығарысып отырамыз келсенші деді оғанда жіберген жоқ білем сені кімдермен арласатынынды деп акем тағыда кол көтеріп ұрды қамап қойды қысқа айтқанда ешкіммен араластырмайды не істесем болады сотқа тартсам болама? және оған заң барма?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
арине арыз жазып тартуга болады, адам кукыгын таптады деп укiм шыгарады, бауырым АКЕ - ШЕШЕМНЕН айрылып калам деп корыкпайсынба, сенi тусiнiп отырмын жазганына карап, "Коптеген арекеттер оларга ман бермей жасаган кезде дурыс болып шыгады, ал кате істер онын кате болмауы аса катты кадагаланган кезде болады". Жасын болса 20да екен, 20жасар баланы акесi урганда ерсi корiнерi анык, бауырым саган айтарым сотка жугiнбе, 20дасынгои уйiнен кашып кетта оз кунiндi озiн кор, ата-анам осындай iстедi деп сотка бергенiн жарамас, адам баласы кателiгiн тусiнбеуi мумкiн емес, ертелi кеш тусiнер ата-анан, сонда уйне ораларсын! Ал суйген кызына айтсан олда тусiнер сенi! Омiрде окiнген жаман, окiнiп журме бауырым!
мен сізді түсініп тұрмын қашқанда мен мүгедекпін ауыр жұмысқа жарамаймын кәзіргі танда жайләп курсовой мәнжазбалармен айналысып жатқан едім енді үйден шығаалмай қалдым
0 дауыс

Ассаламуалейкум бауырым!

Әрине заң бар, сотқа тарта аласың, себебі конституция бойынша 18жасқа толған әрбір азамат толықтай жауапкершілік пен әрекет қабілеттілігіне ие болады, ол дегеніміз: өз еркімен жүріп тұрып, өз қалауынша әрекет жасай алады деген сөз жәнеде әрбір істегені үшін өз басымен жауап береді (яғни 18 ге дейін жауапкершілік ата-ананың мойнында болады). 

Ендігі ата-анаңыздың ісіне келсек. Әкеңіздің сізді ұрып сғуы - күш көрсету, тіпті қасақана күш көрсету. Заңда бұл үшін қылмыстық жаза да бар. Егер де сіз сол қылмысты сот алдында дәлелдей алсаңыз (яғни диктафонға жазып немесе камераға немесе фотоға түсірсеңіз)! Онда сот ісіңізді қарастырады! Бас тартқан жағдайда жоғары тұрған сотқа шағымданыңыз)

уаалейкумассалам олар менің намаз оқығаныма қарсыма деп  ойласам жоқ қарапайым кластастарымнын тойынада жібермейді
Ата ананызды да түсін,өсірген баласын орамал тақатын қызды алады енді ата ананда уайым боладығой сені басқа дінге түсіп кетпедіма деген ойлар да туады түсін ?
Несі күлкілі?
Белгісіз
кім күлкілі деп түр?
Жауап берген адам күліп отыр.
Белгісіз
Анаңызға қарсы шықпаңыз, ол сізді дүниеге әкелді. Есіңізде болсын!
Дұрыс айтасыз, әке-шешеден артық адам жоқ бұл дүниеде.
0 дауыс

айт кутты болсын бауырлар. Досым сен аке-шешеннін ойын алдымен біліп алсай, олар оз баласына не ушін булай жасайды. олардын да ойлаган бір нарселері бар шыгар. ата-ана өз баласына жаманшылык ойлаушы ма еді?

 

 

 

жаксы орамал такпайтын қызғада ғашық болып оныда кездестірдік шешемізбен оныда ұнатпадығой сонда ғашық болусыз тандап берген қызына қалай үйленем айтындаршы? жақсы қаладағы достарымнан қорқады екен кластастарыммен баста арластырған жоқ ((((
+1 дауыс

(жазған болатынмын оған себеп әке шешем намаз окығанмды мақұл көрмейді жәрайды әке шешеніда тындайық деп сақалымды кырдым балағамды түсірдім)менің ойымша сіз сақал өсіріпсіз ата-ананыз сізді теледидарда жаналықтарда көрсетіп жатыр ғой ВАХАБИТ(БАҚАБИС)дейді ғой сені сондай жолға түсіп кеткен жоқпа,әлде сондай басқа жат ағымдарға түсіп кеткен жоқпенкен деп қорқып жүрген болар шамасы!Менін ойым солай!

+1 дауыс

Мына өмірге біз не үшін келеміз? Алланың сынағынан өту үшін, парыздарымызды өтеу үшін. Қарсылық, ұрыс-керіспен басталған құдайының қабыл болмайтыны секілді, намаздың да ұрысқа ұласуы жақсы емес. Біле білсеңіз, Намаз - Алла мен пенде арасындағы өзара құпиясы іспетті. Әке-шешеңіз намазға жығылуға рұқсат етпесе, қасиетті Құранның сүре-аяттарын оқып жүріңіз, жатарда оқыңыз, таңертең оқыңыз, әрдйым іштей оқып жүріңіз. Қандай жағдайдың болмасын шешімі бар, ұрыс-керіссіз шешуге болады. Сіздің мына өмірде ата-анаңыздан артық кім бар? Сізді олар секілді кім жақсы көре алады? Олар қарсы, демек себебі бар болғаны да. Қызрадың орамал таққаны-тақпағаны маңызды нарсе емес. Орамалсыз қызға орамал таға салу қиын дүние емес қой, сол секілді орамал тағатын қыз да орамалсыз жүре алады. Ал әкеңіз бен шешеңізді ғайбаттағаныңызбен сізге ешкім де жақсы әке-шешесін әкеліп бермесе керек. Айтыңызшы, олар жоқ болса сіз мына өмірде кімсіз? Жолдастарыңызға сенесіз бе, олар да бүгін бар, ертең жоқ. Жассыз, бүгін үйленбесеңіз ертең үйленерсіз, "асыққан шайтанның ісі" деген. Құранда әке-шешені құрметтеуді бұйырған, "Әке - жаннаттың ортаңғы қақпасы. Қаласаң оны тәрк ет, қаласаң сақта" делінген. Қазақта "ана қарғысы - боқ, әке қарғысы - оқ" деген мақал бар. Анаңыз қанша қарғап жатса да ана жүрегі оны тілемейді, ал әке қарғысына ұшырау Алла сынағынан өте алмаумен пара-пар ғой. Сабырлы болуға тырысыңыз. Әке-шешесімен соттасып, оқыған намазының қабыл болған адамды көрмедім. Білсеңіз ата-ананы құрметтеу арқылы сіз намаз оқымай-ақ сауапқа бөленесіз, ал оларға ренжудің қажеті жоқ, ешқандай ата-ана баласына жамандық тілемейді. Сіз оларды сыйлаңыз, сонда мүмкін жағдай өзгеретін шығар.

Жарайсың Көркем, тамаша жазыпсың. Мен ештеңе жазбай-ақ қояйын.
Рахмет,  ағасы. Өзімнің атам "көргеніңнен көп екен көрмегенің, бәрінен де жақсы екен өлмегенің" деп отырады екен, осындай тағдырды оқи отырып, өмірден сабақ алып, тәубеге келеміз-ау.
"Әке-шешесімен соттасып, оқыған намазының қабыл болған адамды көрмедім"
Сіз сонда адамдардың намазының қабыл болу болмауын көре аласыз ба?
Астаhфралла расында намаз тек Аллах үшін, оның қабыл болу болмауы да бір Аллаға аян!
Сөзге қыстырылып жатыр деп ойлап қалмаңыз, менің айтайын дегенім 10 күнәнің 9 тілден екенін ұмытпаңыз!
+1 дауыс
Сонда сен мүгедексің ба? Кемтар адамдарға ғашық болатын қыздар да аз ғой. Қайта ұлдарының жетістіктеріне қуанып отыруы керек емес пе әке - шешеңнің?Жазасын құдайдан тартар. Сотқа берсең жеңеріңе сенімдімін.
0 дауыс
Құдай сақтасын әке-шешені сотқа беруден. Әкең жынды болса, байлап бақ деген. Мен өз басым дәл, бауырым, сенің тағдырыңдай бір жігітті көргенмін. Бірақ ол өзінің сүйген қызына әке-шешесін тыңдамай үйленді, ол қыз да орамал тағады. Тойында да болдым, сонда ол жігіт әке-шешесінің алдына барлық шараптарды жұрттың көзінше лақтырып, әке-шешесін жерге қаратқан. Сонда ауылдың барлықсы басын шайқады. Сенікі де дұрыс, әке-шешенің орны бөлек. Олар ешқашан жамандық ойламайды, жаны ашиды, қазір қыздардың да неше түрлісі бар, сондықтан сені бір күні тастап кете ме деп қорқатын шығар. Басқа ағымда ма деп уайымдайтын болар. Сен неге оларға бәрін түсіндіріп көрмедің, анаңмен жеке сөйлеспедің бе, ана ғой бәрін түсінетін. Бауырым, уайымдама, әке-шешеңді сыйла, Алла тағаланың мейіріміне бөленесің. Сенің жолың боларына сенемін.
0 дауыс
Ешқашан әке шешеңе қарсы шықпа өйткені әке шешеге қарсы шықсаң ол үлкен күнә ата ана әрдайым баласын жаман болсын демейді керсінше әке шешеңді түсін сені қатты уайымдайды сотқа берме бұның дұрыс емес.

Ұқсас сұрақтар

...