1. Пароль ретінде қиын, сирек кездесетін таңбаларды қосыңыз. Үлкен қаріп, кіші қаріп, сан үшеуін де қолдануға тырысыңыз. Бұл сіздің поштаңызды паролін бұзуды қиындатады. Қиын паролді бұзу көп уақыт алады. Мысалы: P@$$w0rD
2. Браузер сіздің паролді сақтауға сұраған кезде рұқсат бермеңіз.
3. Браузердегі кэшті, кукиларды тазартып шығып, паролді тағы бір мәрте ауыстырған дұрыс болатын шығар.
4. Поштамен жұмыс істеп болған соң, сеансты аяқтап, аккаунттан шығып отырыңыз.
5. Компьютер қосылған кезде басқа 'артық' программалар қосылмағанына куә болыңыз. Сіздің клавиатурадан енгізген символдарды сақтап отыратын программа болу мүмкін.
6. Сіз қолданып отырған интернет/wi-fi желісі қауіпсіз болуын қараңыз. Себебі сіздің пакеттеріңізді біреу 'аулап' отыру мүмкін.
Осы жағдайлар орындалса, сіз толықтай қауіпсіздіктесіз)