+1 дауыс
21.8k көрілді

Қан айналым бұзылысы дегенімізді қалай түсінуге болады?

1 жауап

0 дауыс

Қан айналым бұзылысының төрт варианты бар:

  1. Қанның реологиялық қасиетінің бұзылуы( стаз, сладж феномен, тромбоз, ҚШҰ синдромы, эмболия)
  2. Қан тамырының тонусының реттелуінің бұзылуы( шок)
  3. Қан кемерінің толуына қарай толақандылық (венозды және артериялық), қан аздық (ишемия)
  4. Қан тамырының өткізгіштігінің бұзылуы( қан ағу)

Артериялық және венозды толақандылық:

Артериялық толақандылық: жүректен шыққан артерия қанының көп мөлшерде ағзаға келуінен, ағзаның қанға толуы. Физиологиялық және патологиялық, жалпы және жергілікті түрі бар.

Жалпы қан айналымындағы қанның мөлшерінің көбеуі немесе эритроциттердің санының көбеюі:физиологиялық АГ(рефлекторлы гиперемия, жұмысшы гиперемиясы, патологиялық АГ ( қан қысымының жоғарылауы)

Патологиялық жергілікті АГ: ангионевроздық(нейропарездік), коллатериальді, постишемиялық, вакатты(барометрлік қысымның төмендеуі, жалпы және жергілікті), қабынулық, артерия веноздық саңлау нәтижесінде болатын АГ.

Веноздық толақандылық веналық қанның жүрекке ағып кетуінің қиындауынан, ағзаның венозды қанымен толуы.: Жедел және созылмалы,жалпы және жергілікті.

Жедел ВТ жергілікті тіннің ісінуі, Созылмалы ВТ созылмалы гипоксиямен сипатталып,  стериотипті үш үрдіспен дамиды:

Қан тамырлардың өткізгіштігі жоғарылайды(диапедез және гемосидероз)
Фибрилогенез үрдісі белсенді жүреді(тығыздану, склероз)
Капилляр паренхиматозды блок( фибробласт, біріңғай салалы бұлшық еттердің активтенуінен эндотелий мен эпителийдің базальді мембранасының қалыңдауы)

Кіші қан айналым жүйесінің жедел ВТ қан тамырдың өткізгіштігі жоғарылап, өкпенің ісінуімен сипатталады.(сурет2-14,2-15)

Кіші қан айналымының созылмалы ВТөкпенің қоңыр тығыздануы дамиды.

Үлкен қан айналымында веналық қанның тоқырауынан, плазморрагия дамып, тері асты май қабатының ісінуі анасарка, табиғи қуыстарға жиналып гидроторакс, гидроперикард, асцит дамиды. Созылмалы веноздық толақандылықта бүйрек, көк бауыр үлкейеді,күйі қанық қызыл түсті болады. Бауыр мускат діні тірізді, сұр сары түспен қоңыр қызыл нүктелермен көрініс береді. Микр: орталық вена қанға толған, гепатоциттер бағанасы дискомплексацияланады, шеткері аймақта гепатоциттер майлы дистрофияға ұшырайды, соңында мускатты цирроз дамиды.

Микроциркуляция арнасында қанның баяулап барып, тоқтауынан. Стаз дамиды

Қан ағу( геморрагия) дегеніміз: қанның жүрек қуысынан немесе қан тамырынан сыртқа шығып тіндерге жинақталуы. Қан ағудың себебі:

Қан тамырының жарылуы( жарақат, хирургиялық операция, атеросклероздық аневризма, артериялық гипертония ауруында артериолалардың фибринойдты некрозы.

Ойық жараның асқынуында, туберкулездік некрозда, ісіктік некрозда қан тамырының жегіленуі жатады. Қан тамырының қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылау эритроциттер диапедезі.

Қан құйылудың түрлері: Гематома  қанның тіндерде жинақталыпұйып, тіннің бүтіндігін бұзуы және қуыстың түзілуі. Әр түрлі қуыстарға қанның құйылып жинақталуы: М: гемоторакс, гемоперикардиум, гемоперитонеум, гемартроз

Геморрагиялық сіңбелену тіннің бүтіндігі бұзылмай қан құйылу: қан тамырдың маңында эритроциттердің жинақталуынан нүктелі(петехия) және нүктелердің бірігуінен экхимоздар, пурпура жатады.

Шок: организмге шамадан тыс күш әсер еткенде, тіннің қанмен толуының күрт төмендеуімен жүретін генерализацияланған жедел қан айналым бұзылысы. Шоктың түрлері: гиповолемиялық, кардиогенді,сепсистік, нейрогенді, анафилактикалық. Шок кезінде негізгі қан айналым бұзылысының морфологиялық өзгерісіне қан ұюының бұзылысы, ҚШҰ синдромы, микроциркуляция қан айналымының шунттануы.М: шокта бүйректің проксимальді өзекшелері ауыр дистрофиялық және некробиоздық өзгерістерге шалдығып, некро нефроз дамиды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 9.12.2020 Биология сұрақ қойды
...