+1 дауыс
554 көрілді
ҰБТ келесі жылы да, онан әрмен де жалғаса береді деген рас па?

Анам мұғалім еді. Мектепте солай деп айтып жатыр деді. Бұл қаншалықты рас?

7 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап
ия..рас...бірнеше күн алдын...жаңалықтар қарап отырып..білім министрінің ұбт-ға ешқандай өзгеріс енгіздірмей..оны сол бойы қалдыруы жайлы хабарын естіген болатынмын...алайда алдағы уақытта тағы да өзгерістер еңгізіп ұбт-ны алып тастауы да ғажап емес...
–1 дауыс
әзірге жалғасуы мүмкін)))ал 2015жылы түгелдей алынып тастайды)))))
–1 дауыс
осы жылы болады, келесі жылдан бастап қалады.
+1 дауыс
Түсінбедіңіздер. ҰБТ 2015 жылда да, одан кейінде болады деп жатыр министірлікте. Осы рас па дегенім?
ұбт жалғасуы мүмкін мен осы 2014 те тапсырып кетемін
Қазіргі кезде білім министрлігіне келгендердің барлығы реформашыл болып кетті. Қазіргі білім министрлігі өзінше жоба ұсынып жатыр 2015 ке. 2015тен бастап барлығын Кеңес уақытындағы секілді билет қыламыз дейді. Бірақ жақында президент сөйледі және білім министрлігіне сөгіс жариялады олар аузына келгенін айтып халықты дүрліктірмесін ұбт бұдан әрі жалғасады деген. Одан кейін ұбт жайлы еш жаңалық айтылған жоқ
Жақсы досым. Жауап қылып жазшы.
–3 дауыс
2015-жылдан кейін болмайды одан әрі ҰБТ жалғаспайды.
–1 дауыс
2015 жылдан бастап ҰБТ болмайды. Оның орнына емтихан тапсырамыз((((
0 дауыс
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу мектептік және ЖОО болып екіге бөлінеді. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім  етті.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді биыл 2 мәрте тапсыруға болады. Ешбір мемлекетте мұншалықты жоғары әлеуметтік бағаға ие емтихан жоқ шығар. Сондықтан, біз ҰБТ-ны қайта тапсыру әлеуметтік күйзелісті басуға мүмкіндік береді. Екіншіден, колледждер түлектері де ҰБТ-ны қайта тапсыра алады. Қазір оны шілде-тамызда тапсырып жүр, енді біз оларға оны келесі жылдың қаңтарында - 2017 жылы қайта тапсыруға мүмкіндік береміз», - деді министр. Оның айтуынша, колледж түлегі шартты түрде жоғары оқу орнына қабылдануға құқылы болады.

«Қазір біз осындай ережелерді дайындап жатырмыз және ЖОО аясында қаңтарға арналған кешенді тестілеу әзірленуде. Егер ол осы кешенді тестілеуден өтсе, сәйкесінше оның қыркүйектен бастап қаңтарға дейін өткен кредиттері, оған есептеліп, былайша айтқанда ол бірінші курстың ортасына түседі, және мұны біз әділетті деп есептейміз», - деді Е. Сағадиев.

Министр сондай-ақ келесі жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді екіге бөлу жоспарланғанын атап өтті. «Мектеп бітіру емтихандары мектепке оралады, ал ҰБТ SIT (интеграциялық тесттер (System Integration Test) қарай ауысады. Бұл әділетті, себебі ЖОО-лары түлектің зияткерлік деңгейі мен ЖОО бағдарламасын меңгеру әлеуетін білуі қажет. Ал SIT мұны анықтай алады. Сол себепті біз ҰБТ-нің жаңа бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Оны енгізген соң барлығы, олимпиада жүлдегерлері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері - бәрі осы емтиханды тапсырады. Алғаш рет оны тегін тапсыру жоспарлануда. Сосын оны бірнеше рет қайта тапсыруға болады. Кезең-кезеңмен ЭЫДҰ стандарттарына көшеміз. Мұны келесі жылдан бастап енгіземіз», - деді ведомство басшысы.
...