0 дауыс
368 көрілді
Менің компьютерімде Неро бағдарламасы орнатылмаған, сол неросыз және басқа программасыз дискке қалай файлдар жазуға болады?

2 жауап

0 дауыс
http://support.microsoft.com/kb/983417/ru
+2 дауыс
Иә, файлдарды қосымша бағдарламалардың көмегінсіз-ақ жазуға болады.  Дисководыңыз "пишущий" болуы керек. Оның  пишущий ма, пишущий емеспе қалай білуге болады? Ол үшін «Мой компьютер»-ді мышканың оң жағымен басып «Свойства» командасына кіресіз. Әрі қарай «Диспетчер устройств» таңдайсыз,  сол жерден DVD и CD-ROM бөлімін іздейсіз. Соның үстінен 2 рет шертіңіз н/е қасындағы стрелканы басыңыз. Сіздің приводыңыздың атының үлгісі шығады. Бірінші сөз - соны жасап шығарған фирманың аты, қалған әріптер оның түрін білдіреді. Егер DRW деген әріп жазылған болса, бұл привод ДВД-ға да, СД-ға да файлдарды жаза алады дегені. Ал, CRW әрпі тек СД дисканы оқиды және тек соған ғана жаза алады дегені. Егер CD-ROM деп жазылған болса, ол тек қана СД дискіны ғана оқиды бірақ, жаза алмайды деген сөз. DVD-ROM - да солай, тек қана ДВД оқиды, ал бірақ жаза алмайды. Сосын тағы CD/DVDW дегенді де кездестіруге болады, ондай болса ол СД, ДВД дискаларын оқиды және екеуіне де жаза алады дегенді білдіреді.

Сіздікі жаза алатын привод болып шықса, онда былай жазуға болады:

Дисканы салып бірнеше секунд күткеннен кейін мынадай терезе ашылуы тиіс:



Одан әрі қарай бізге дисканың аты мен жазу форматын таңдауды ұсынады:



1. Как флеш-накопитель USB

Бұл жазу форматы бізге RW-дискіні флешка түрінде қолдану мүмкіндігін береді. Сіз бұған қалаған файлды қосып, қалағанын кетіре аласыз. Қысқасы, диск флешкаға айналады. Бірақ, мұның бір кемшілігі бұл диск DVD-плеерлерде  ойнатылмайды.

2. С проигрыванием CD/DVD

Бұл кәдімгі жазу фоматы, яғни сіз қалағаныңыздың бәрін бірден  жазу керексіз және керек еместерін бір-бірлеп кетіре алмайсыз, бәрін кетеру керек болады.

Осы екеуінен қалағыныңызды таңдайсыз!
Қандай керемет жауап!
соны айтам)
Соны айтпай тұрсыңдар ғо
Берсеңдерші ЖЖ ным Мирас қа )
...