0 дауыс
904 көрілді
Бұл сұрақ былай қарағанда күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ, мұны қойған себебім, бір адамдар маған айтады: "маған мына ән өте қатты ұнады, мықты ән, сенде тыңдап көр"-дейді. Ал ,жақсы тыңдайық.  Тыңдайсың... сонша мақтаған әні осы ма?-дейсің, алып бара жатқан ештеңесін байқамайсың. Бірақ, сол әнді бір күні байқаусызда тыңдап қалып, кейбір ноталары әдемі естіліп тұрғанын байқайсыңда, өзіңде ұната бастайсың.  Сонда адамға тек бір жері ғана ұнаса болды екен, сол үшін оған ол ән хит болады, сол үшін оны күні бойы тыңдайды.  Сондағы сұрайын деп отырғаным, сіздерге қай әннің қай жері ұнайды? Қысқасы осы)). Мысал ретінде аттарын жазып кетсеңіздер. Мысалы, біреулерге тек қайырмасы ғана ұнауы мүмкін, ал біреуге басталғандағы музыкасы деген сияқты.

Түсінікті болу үшін мына әндерді айтып кетейін.

Мысалы, көп адамдарға DJ Smash-тің "Волна" әнінің 01:05 минутында басталатын әуен ұнайды.



мына "River flows in you" музыкасы жалпы ұнайды. Өте жақсы туынды.Бірақ, әсіресе 01:57-де басталатын музыкасы ұнайды.



Алсудың "Весна" әнінің қайырмасынан гөрі жәй куплеті ғана ұнайды.



Супернова мен Т-араның "Time To Love" әніндегі жігіттер айтатын рэптері ұнайды деген сияқты. т.б көп жаза берсем. Қазақша әндер де бар.

Бұрын бір түрлі сұрақтар қойған екенмін ғо))
Қызық сұрақ))))

5 жауап

+1 дауыс
Көбіне сөзіне мән беремін. Егер ұйқассыз жәй музыкасы ғана әдемі болып жарыққа шыға салған ән болса тыңдамаймын. Қазақша, орысша әндердің сөзіне қараймын. Кейде сөзі күшті әндердің музыкасы онша емес болғанына қарным ашады. Ал басқа шет тілдегі әндердің музыкасына қараймын, өйткені сөзін түсінбеймін) Кейде өзің айтқандай бір әннің, бас, қайырмасы ұнайтын кездерде болады.
мысалы қандай әндер?


хатико киносына дымдада жетпиди.......
магынасы барында я клубняктыда тындаймын.
Stromae - Te Quiero әнінің қайырмасы ғана ұнайды.Justin Timberlake - Mirrors әнінің басталғандағы музыкасы ұнамайды қалған жері ұнайды.Арман Қарынсаудың Мұңлы жапырақ,Жүрегімдегі жалғыз жан әндерінің басталғандағы музыкасын ұнатам.Меломэн тобының Келмеші деген әні жақсы,жалпы олардың әндерінің көбісі ұнайды біраақ  Жігердің шыңғыра беретініне жыным келеді)
әжем айтпақшы "қасқыр болып кетті ме?, ұлығаны несі" дейтін Жігер айтқан кезде
әжең дұрыс айтқан екен)шынымен жаман шыңғыра береді бүкіл әнінде
+1 дауыс

Маған мына өлең бар ғой Парасат пен Медеттің Аяулым деген әні,осындағы Медеттің айтатын жері ұнайды.

вокал ұнайды дейсің ғо
иә)))     .......
+1 дауыс

Мәке,музыка сарапшысы болып кетіпсіңғо?!Өз музыкальный вкустарымды жаза кетейін; ТОП5

Тәәәк, Lenka - Everything at once музыкасының басталған жері ұнайды) вызовта тұр..

Айдарбек Рысбек & Тілек - Сүйген жүрек түгелімен ұнайды.. Думковать етуге жақсы)

Jandro - Через года әнінің мелодиясы ұнайды)

 Quest Pistols - Ты так красива - мәтіні ғажап 

Звери - До скорой встречи - даусын ай,керемет))

 

 

Иә)) сондай болып кетіп жатырмыз))
+1 дауыс

Сөзге мән беру керек

дұрыс айтасың
+1 дауыс
Маган Маржан Арапбаеванын «ТЕК АЛГА» деген ані унайды. Бул ан мені ан байкауларында жулделі жетістіктерге жеткізді.
Қуаныштымын.

Ұқсас сұрақтар

...