+1 дауыс
796 көрілді
Молдас құрып ұзақ отырғанда кей жағдайда аяқтар құрысып қалады, молдас құрудың белгілі тәртіптері, ережелері барма? молдас құруды кім шығарған?

1 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
ДОКТОР,бұл өзі ойлануды керек қылатын сұрақ екен,бұл негізі Азиялықтарға тән,немесе осы аймақтарда кең тараған деген дұрыс болар,үрдіс.Соның ішінде әсіресе қазақтарда түрмысқа дендеп енген отырыс түрі.Біздің бұрынғы салт - дәстүрімізде стол,орындық деген жиһаз атаулары  болмаған.Ол кездерде көшпенді халықтардың жиһаздарының бәрі жеңіл,ыңғайлы,сына қоймайтын,киіз үйге лайықталып,көші -қон жағдайына қолайлылықлен жасалуын түрмысымыздың өзі қажет еткен.Міне сол заманда адамдардың осы бір отыру түрлерін игеруі де заңдылық,күнделікті тұрмыстық кажеттілік еді.Отырудың молдас құру,молда соқынып отыру,шөкелей отыру,бір жамбастай отыру сияқты түрлері болған.Мысалы әйел балалары бір жамбастай,көйлектерінің етегімен аяқтарын жаба отыратын болған.Асығыс бір жерлерде екі табанымен тізесін бүгіп шөкелей отыра салатын жағдайлар болған.Ал енді құран,дүға оқылатын кездерде молдасоқынып(тізерлеп аяқ ұшын қадай)отыратын болған.Ал енді негізгі сұрағымыз молдас құрып отыруға келсек,бүл отырыс ең көп қолданылатын түрі болған,соның неге қажет болғанына көз жіберіп көрейін.Өздерің білесіңдер ҚАЗАҚтар жайлауы жазира дала,қыстаауы құмда жайладық,соның қайсысы болса да аттан түсе қалып алқа қотан молдас құрып отыра қалуға қандай ыңғайлы,үстім былғанады,дәретім бұзылады демейсің табиғаттың саф тазалығы.Адам молдас құрып отырғанда жарты шарды(сфера) құрап отырады,соның өзі дөңгелек киіз үйімізге жайғасуға өте ыңғайлы емес пе?Көз алдарыңызға иога жаттығуындағы молдас құрып отыра қалып медитация жасайтынын елестетіп көріңіздерші.Біздің ата-бабаларымыз күні бойы ат үстінде бел жазбай жүріп келіп,аттан түскен соң осы бір отырыстың адамды тынықтыратын,сергітетін қасиеті барын мүмкін үнділерден бұрын білген де шығар.Әйтеуір бабаларымыздың бұл отырысты силайтыны,қадірлейтіні анық.Оған дәлел үйге кірген адам асығыс ыңғайсыз отырса жақтырмаған:- "Не болды,от ала келген қатындай шөкелемей,молдас құрып отырсаңшы" - дейтін болған.Демек молдас құрып отыру,жайласып,рахаттанып отыру мағанасын берген.Ата-бабаларымыз солай отырып ақ не бір апталарға созылған келелі кеңес,жер дауы,жесір дауларын шешіп отырған.Енді біздер он минуттан артық отыруға шыдамасақ мүмкін қазіргі заманның жеңілдігі,болмаса біздің ұсақталғанымыз болар ол жағын тап басып айта алмадым.Бұл менің жеке ойым еш жерден оқыған да,естіген де емеспін.Сондақтан дұрыс шықпай жатса кешірім өтінемін.
...