0 дауыс
5.9k көрілді
Молдас құрып отыру нені білдіреді? Бұл дәстүр ме, ырым ба? Сіздердің тұрғылықты жерлеріңізде қалай сақталады?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Малдас құру. Бұл сөз тіркесінің түсіндірме сөздіктегі мағынасын — екі аяғын астыға жіберіп ...отырыс деп ұғынамыз.«Төрде малдас құрып, құрметті қонақтар отырды» (С. Мәуленов,Үркер.). Қазіргі қалпында, сөз болып отырған, тұрақты тіркестің екінші сыңары ғана түсінікті сияқты көрінеді. Ал «малдас» сәзінің қандай мағына беретінін ешкім де айтып бере алмаса керек. Шынына жүгінсек, осы кезде жазып жүрген «малдас құру» дегенімізқазіргі орфографиялық сөздігіміздің ыңғайына көндіріп, икемдей түсіп, бір қалыпта тұрақтандыру ниетінентуған тіркес. Ауызекі тілімізде мұны әркім «молда соқыну», «малдасын құру» сияқты түрде де айта береді. Дұрысын айтсақ,тұрақты тіркестегі екі сөздің әрқайсысының да мағынасы беймәлім. Біздің байқауымызша, әуелгі кезден-ақ бұл екі сөздің тіркесінен құралған. Бірақ ол сөздердің алғашқы дыбыстық құрамы танымастай өзгерістерге ұшыраған. Түркі тілдерді былай қойғанда, монғол тобындағы, тіпті араб , парсы тілдерінде де тіркестің бірінші сыңарына (малдас) мағына жағын айтпағанда, дыбыстық құрамына сай келерліктей сез табу қиын. Солай бола тұрса да біз өз жорамалымызды ұсынып көрмекпіз. «Малдас» сөзімен дыбыстық құрамы жағынан ұқсас сөзді тунгус-маньчжур тобындағы тілдерден кездестіреміз. Эвенкілерде—мокойи, негидальтілінде — моокласин, ульчтерде— моқйлан, орокша — моңилатчи, маньчжур тілінде —мосэла қалпында дыбысталатын сөздердің қай-қайсысы да — аяқты айқастыра жиыстырып астыға баса отыру деген мағыналарда қолданылады. Осы тұлғалардыңкез келгенін, біз әңгімелеп отырған сөз тіркесінің алғашқы сыңарымен сәйкестіруге әбден болады. Әсіресе, «малдас» сөзіне негидал тіліндегі «моокласын» өте жуық келеді. Бір-біріне үндес осы сөздердің алғашқы мағынасы «аяқты айқастыра астыға басу» деген мағынада қолданғандығын ажырату енді қиын емес сияқты. Келесі жорамал — «малдас құру» тіркесінің екінші сыңары «құру» туралы. Мұның алғашқы дыбыстық құрамы мүлде басқаша әрі мағынасы да «құру» сөзінің қазіргісінен алшақ болған демекпіз. Оның алғашқы тұлғасы мен мағынасын монғол тобындағы тілдерден табамыз. Монғолдарда — суух, қалмақ тілінде — суух дыбыстық тұлғалар біздің тіліміздегі «отыру» мағынасында қолданылады. Осы тілдердің ықпалын түркі тілдерінің ішіндебашқұрттардан табамыз: сүкәйеү — отыру. Сырт көзге, бұл топшылауымыз оғаш көрінсе де, тіл туыстығы, олардың ішіндегі заңдылықтар теріске шығара қоймайды. Өйткені түркі, монғол, тунгус-маньчжур тобындағы тілдер туыстық жағынан бір семьяға кіргізіліп жүр. Осыны еске ұстайотырып, «малдас құру» тұрақты тіркесінің алғашқы құрамы «моокласин суух» немесе осыған сәйкес болуы мүмкін де,мезгіл өткен сайын талай өзгеріске түсіп, қазақтардың ауызекі қолданысында «малда соқыну», «молдасын соқыну», «молдас оқыну» дәрежелеріне жетіп, ал мағынасы көп өзгеріске ұшырамай — «аяғын айқастыра отыру» қалпын сақтағандығы байқалады. Ал қазіргі «малдас құру» дегеніміз, жоғарыда көрсеткеніміздей, күштеп өзгертуден пайда болған кейінгі нәтиже. Ақпарат: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%81_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%83
–1 дауыс
Алдымен молдас құрып отырып көрсеңші,сонда түсінесің өзіңді есейген азамат ретінде сезінесің.Бұл қазақтың салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы.Ертеде ел ағалары мұртты,қамшыны және молдас құрып отыруды сәнге айналдырған,сонымен қатар бұл отырудың түрі адамға берер пайдасы зор,денсаулыққа,астың қорытылуына жаксы!
+2 дауыс
бала, жігіт, еркек екеніңді білдіретін отырысың бірі.
–1 дауыс

Молдас болып жазылады ма? Меніңше, малдас сияқты еді ғой.

Уикипедиядан тексердім, малдас құру екен.

тырнақтың астынан кір іздемесей
...