0 дауыс
15.4k көрілді
Хемосинтез процеси дегенимиз не?

2 жауап

0 дауыс
ХЕМОСИНТЕЗ (хемо… және грек.synthesіs — тізбек) — бактериялардың бейорганикалық қосылыстарды тотықтыру есебінен көмірқышқыл газды (СО) сіңіруге негізделген қоректену типі. Хемосинтезге жарықтың қажеті жоқ. Хемосинтез процесін 1887 жылы Ресей микробиологы С.Н. Виноградский (1856 — 1953) ашты.
0 дауыс
Хемосинтез — жұмыс барысында бактериялар бейағзалы заттарды тотықтырып, сонымен бірге энергия бөлетін, энергия есебінен атмосфераның көмірқышқыл газын көміртек көзі ретінде пайдаланып, меншікті ағзалық заттарды синтездейтін үдеріс. Хемосинтетиктер гетеротрофтарға ұқсас. Гетеротрофтар да, жарық энергиясын пайдаланатын өсімдіктерден өзгеше, хемосинтетиктер тәрізді химиялық байланыстар энергиясын пайдаланады. Сонымен бірге олар жануарлардан ерекше азықтағы нәруыздар, майлар және көмірсулардағы көміртекті пайдаланбай, атмосфера көміртегін (С02) пайдаланып, меншікті ағзалық заттар түзеді. Яғни хемотрофты бактериялардың «тағамы» қызметін бейағзалық заттар атқарады. Мұндай заттар оттегіне қосылған кезде хемотрофты бактериялар АТФ энергиясына және басқа ағзалық заттарға өзгертетін энергия бөлінеді. Өйткені хемотрофты ағзалар негізінде тотығатын бейағзалық заттарды жер қыртысынан алады, сондықтан оларды литотрофтар деп те атайды. Хемосинтез үдерісін  1887 жылы микробиолог Сергей Николаевич Виноградский (1856-1953) ашты. Кейінірек 1894 жылы бактериялардағы азот бекітуді ашқан да Виноградский. Ауа азотын сіңіріп, оны өсімдік үшін химиялық қолайлы формаға алмастыру азотбекіту деп аталады. Мұның маңызы өте зор, өйткені тірліктің міндетті құрамбөліктері болып табылатын нәруыздар мен нуклеин қышқылдарын құру азотсыз мүмкін емес. Барлық гетеротрофтар сияқты біз де өзіндік нәруыздарды тағамның нәруыз құрамбөлік-терінен құрамыз. Сондықтан қоректік құндылықтың маңызды көрсеткіштерінің бірі ондағы алмастырылмайтын аминқышқылдар молшылығына қызмет етеді. Өсімдік азотты топырақтың азоты бар заттарынан алады. Адамдар түсімділікті арттыруға ұмтылып, топырақты азотты тыңайтқыштармен байыта бастады. Алайда азотбекіткіш бактерияларсыз эукариотқа басқа азот көздерін іздестіруге тура келер еді. Мұның жолы болды деу дұрыс та емес. Қазіргі кезде ауадан азот сіңіре алатын бірде-бір эукариот тобы беймәлім.

Виноградский азот бекіте алатын бактерияларды азотбактериялар деп атады. Қазіргі кезге дейін хемобактериялар атауында олардың тамақтық төсеміктерінің аты пайдаланылуда. Мысалы: күкіртбактерия, темірбактерия, нитробактерия және басқалар.

Қазақстанда басқа да дамыған елдердегідей осындай микроорганизмдер селекциясы жүргізіледі. Олардың жәрдемімен тек қана темір кендерін емес, марганецті де байытады. Зерттеу нәтижелері -жаңа жоғары өнімді себінділер Қостанай облысында металлургиялық кәсіпорындарда қолданылады.

Толық ақпарат көзі: http://kazorta.org/hemosintez/
...