+1 дауыс
381 көрілді
Ноутбугімнің ОЗУі 1ГБ. Процессоры Intel (R) Celeron (R) CPU. ОЗУді 2 немесе 4 ГБ-қа ауыстыруға болады ма? Сұрағым алдын ала қойылған сұрақтардың бірі болса кешірім өтінемін.

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә. Алдымен сіз ноутбуктың моделін гуглға жазып немесе ноутбугыңыздың артын ашып, қанша слот бар екенін және қандай типті RAM (DDR3/DDR2/DDR) екендігін біліп аласыз.

Сосын дүкеннен сондай типті RAM аласыз да, ноутбукке қондырасыз.

HP 620: Сізде 2 слот, ОЗУ типі - DDR3
Сізге мынадай ОЗУ типін қондырса болады: PC3-8500, PC3-10600 DDR3
Яғни, дүкеннен DDR3 2 GB ОЗУ алып, соны жоғарыдағы видеодағыдай етіп өз ноутыңызға орната аласыз.

ОЗУді максимум 8 GB дейін көтере аласыз, әрбір слотқа 4GB.

Мына жерлерде жазылған:
http://www.memorystock.com/memory/HewlettPackard620NotebookPCDDR31333MHz.html
http://www.memorystock.com/memory/HewlettPackard620NotebookPCDDR31066MHz.html
http://www.crucial.com/uk/upgrade/HP+-+Compaq-memory/HP+Business+Notebooks/HP+620-upgrades.html
0 дауыс
Ноутқа да, кмпқа да екі ОЗУшка орнатқаннан, жалпы сыйымдылығы сондай бір ғана ОЗУшка орнатқан дұрыс.
...