Сайт ішінен азпаз жобасы сияқты ғылыми анықтамалық (справочник) жасасаңыздар. Мәселен мен Қазақстанда кездесетін 500 ден астам құстардың атауын 5 тілде (латын,ағылшын,орыс,қазақ,неміс,француз) ұсына алар едім. Бұндай анықтамалық кітап менде бар. Бірақ өте тапшы, сирек кітап(Э.И.Гаврилов. Справочник по птицам Республики Казахстана). Автордан жариялауға рұқсат ала аламын. Кітап ішіндегі мәліметтер көпке қолжетімді болғанын қалаймын. Сонда көпшіліктің құстардың атауы жайлы қиындықтардан арылар еді.
Дәл осылай әркім өзінде бар құнды мәліметтерді ортаға салса, нұр үстіне нұр болар еді.