Байқоңырдың елімізге әкелер пайдалы жақтары да бар:
1. Елімізде ғарыш игеруді дамытуға, Ресей мен біздің ғалымдардың бірлесіп зерттеулер жүргізуіне жақсы сеп болуда.
2. Ғарышқа қазақстандық ғарышкерлерді ұшыруға мүмкіндік береді. Қазір үшінші қазақстандық ғарышкер дайындалуда.
3. Қазақстандық азаматтарға, атап айтқанда Байқоңыр қаласы, Төретам стансасы және Ақай ауылының адамдарына мыңдаған жұмыс орындары ашылып отыр.
4. Ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін Ресей жағы қыруар қаржы төлеп отыр.
5. Қазақстан мен Ресейдің экономикалық жақындасуына тағы бір себепкер - Байқоңыр.