+4 дауыс
933 көрілді
Оқушылар : "есеп шығарып беріңдерші" , "шығарма жазып беріңдершіііііі" т.б. сұрақтарды неге қоя бересіңдер? Өздерің жазыңдар, шығарыңдар.Түсінбесеңдер мұғалімдеріңнен сұраңдар, оқыңдар. "Оқысаңыз , балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан Іздемей- ақ табылар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық" деп айтып кетпеп пе еді Ыбырай атамыз.
Онда былай болсын: шығарма жазу, реферат жазу деген сұрақтар өшірілініп тасталынатын болсын, есепті бірауыздан *****.kz-ке салайық, шығарма жазар болсақ тек жоспарын, қайдан алуға болатынын ғана сұрайық. Ең бастысы - өзіміздің миымызда бірдеңе қалдыру. bek_86med, сенің ойың дұрыс.  Сонда сен не ұсынасың? Қайткің келеді?
Сіздердің жауаптарыңызды,пікірлеріңізді оқығаннан кейін АДМИН бір шарасын табар деген ой болған
Айтпақшы, админ осы сұрақты көретіні анық па? Маған да осындай сұрақ қойған, "Сенің жазғандарыңды сайт админі оқи ма?" деген.
Көретіні рас. Көрмеген жағдайда сайттың төменгі жағындағы КЕРІ БАЙЛАНЫСҚА жолдаса да болады

17 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалқаулықты, еріншектікті азайту керек!

Көп іздену керек!

Мектепте мұғалімді тыңдап, сабақты жақсы түсіну керек!

Дайын асқа тік қасық болмау керек!

Егер есептің шығарылу жолын түсіндіруді сұрасаңдар, әңгіме жоқ ешкім қарсы болмайды. Немесе шығармаға жоспар құруға көмектесуді сұраңыз. Ары қарай өзіңіз ізденіп жазатындай. Ал толық есепті шығартып, шығарма жызғызып өзіңізге зиян алып келесіз. Дамудан, білімділіктен, зияткерліктен тысқары қаласыз. Ертең ЖОО-да Гимназия, НИС мектептеріндегі оқушылардан айырмашылық байқалып қалады. Сондықтан өзіңізді дамытыңыз, барлығын өзіңіз жасаңыз. Мен істей алмаймын деген әңгіме болмасын!

Адамның жасағанын адам жасайды!
Жарайсың Елеке (clap)
+4 дауыс
Иә қосылам, доғару керек сияқты сондай нәрселерді.
+2 дауыс
Дұрыс айтасың, bek_86med. Бірақ оларды да түсінуге болады. Қазір білімді де білікті ұстаздар жоқтың қасы... Бірақ барлық ұстаздарға топырақ шашпаймын!
Былай ғой.Мұғалімнен сұрасам,соны да білмейсің бе? деп,ұрысып,бағамды төмендетіп қояды.
Белгісіз
Яғни, сізге ол мұғаліміңіз аузы ауырғанша түсіндірген. Соны түсінбегенге әрине ренжиді.
Бірақ мен бұл сайтқа есеп шығарып,беріңдерші,шығарма жазып беріңдерші деген сұрақтарды қойған емеспін.
Белгісіз
Неге төмендетеді:Мынадай сөз бар:ЕГЕР БАЛАЛАР БІРДЕНЕНІ түсінбейтін болсанонда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес,оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиус!МҰРАТХАН ОРЫНТАЙҰЛЫ!Айтқан сөзі!
Жоқ,түсіндірмейді.Екі есептің берілгенін жазады да,ары қарай өздерің түсініп,шығарып алыңдар дейді.Мен осы кезге дейін аузы ауырып,түсіндіретін мұғалімді көрмеппін.
Белгісіз
Онда түсіндірінз деп айтыныз ол оның міндеті сол үшін жалақы алып отыр емес пе!?
Онда жағдайларың өте мүшкіл екен :^) Ондай мұғалім болса Директорларыңа айту керек. Сіздердің білімдеріңізге балта шабылғалы тұр (doh)
+1 дауыс
Енді қандай сұрақ қояды,оны қоймағанда...
Шыныменде, оқушыларға жауап бергилериниз келмесе, жауап берменыздер! Ол сіздердің еріктериниз!!
Осындай жауап боларын күткен едім    :D
0 дауыс

Менде саған қосыламын осы сайтта осындай сұрақтар жиі-жиі қойылады!Бірақта қандай сұрақ қойсада жауап беруіміз керек!Бірақ ҮЙ ТАПСЫРМАСЫНЫН БӘРІН осы сайттағыларға шығартудың қажеті жоқ  өзі үшін шығарып жазуы керек,Ол өзінің білімі емеспе?!

+1 дауыс
ондай суракка жауап беретындер де жауап бермейтын де бар гой)) дурыспа! окыса окитын шыгар бирак катты тусыныксыз боп жатса кайтеды екен? СЖ не ушын арналган!? сурап былып жауап алу ушин! тек кана омирден алынган сурактар емес сабактагы сурактарда бола береды! оган админ карсы емес  деп ойлаимын!!
Админ қарсы болмаса . Әрине біз көнеміз (bandit)
Інім отыратын еді ұйықтайтын уақыт болғанда "мама сабағымды жаздың ба",- деп...)))
Белгісіз
0 дауыс
Ей,бопты.Енді сабақ туралы сұрақ қоймаспын.Тек махаббат туралы сұрақтарды қоямын енді).Ақыры бұл мектепте,мұғалім үйретпейтін нәрсе ғой)
Сұрай бер сабақ жайлы , тек үй тапсырмасын қоймаңдарш деп тұрғо.
+2 дауыс
Ондай сұрақтарға дауыс бере алатындар "Төменгі дауыс" беріп отыру керек.
+2 дауыс
Елекенің айтқан сөзінің жаны бар. Дегенмен сайттың ретингін көтеру үшін былай шектеу қоюға болмайды. Админ айтқандай бұл "оқушылардың сайты". Олар көңілдеріне қалаған сұрақты қоя алады. Тек оңай есептердің шартын жазып, қиын есептерді шығарып беру жансақ емес. Дей тұрғанмен шығарма жазып беріңдерші дегендері аздап ұяттау.  kaldarbek.adilet-тің айтқанына қарсымын. Неге десеңіздер, білікті ұстаз көп, ал сол ұстаздарының айтқанын түсінбейтін, миы жоқ, санасыз оқушылар көп. Сондықтан мұғалімдерге ешқандай кінә артудың түкте қажеті шамалы.
0 дауыс
Сонда қандай сұрақтар қою керек,бұл сайт "сұрақ-жауап" сайты.Сондықтан бұл сайтқа адамдар түсінбегендерін жазады,білмегендерін сұрайды.Әр адамнын өз еркі ғой,жауап беруге немесе жауап бермеуге.Бұндай сұрақтарға шектеу қоюға қарсымын.
+3 дауыс
Мен сайттағы барлық жағдайды қадағалап отырамын. Көбіне сұрақ қойып, жауап беріп, пікір қалдыруға араласпасам да сайттың ішінде 24 сағат болмаса да 12-14 сағат бойы қадағалап отырамын.

Сайтта негізінен Діни сұрақтарға қарсы. Себебі өте ауыр тақырып болғандықтан, кезінде талай ұрыс керіс болып талас-тартыс болғандықтан сайттан шеттеттік. Екіншісі ол руға, жүзге, ұлтқа бөлініп ұрысқа апаратын сұрақтарды жасырып отырамыз.

Ал мектеп сабақтарына қатысты сұраққа келетін болсақ. Жақтай да даттай да алмаймын. Түсінуге болады кейде кей сабақтарды түсінбей сұрақ қойып жатады. Ондай кезде сайттағы қолданушылар шығару жолын түсіндіріп жазып берсе нұр үстіне нұр болатын еді.

Ал болмайтын орынсыз Тест сұрақтарын көшіріп қойып, астына 4 жауабыз жазып осы сұрақтың жауабы қайсы болады немесе Химиядан 8 сынып №15 есеп кіріп көріңіздерді деген сұрақтарды ескертусіз өшіріп тастаймын. Осындай секілді сұрақ сымақ сұрақ емес сұрақтарға мен де қарсымын.

Сондықтан білмеген сұрақтары болып жатса, берілгенін негізгі сұрақ жеріне жазып, ал сұрақтың негізгі жеріне осы есептің қай жеріне түсінбегендігін толықтырып жазса мен қарсы емеспін ондай сұрақтардың сайтты қойылғанын.

Қанша дегенмен СЖ сайты контентке бағытталған жоба. Яғни контент деп отқанымыз сайттағы ақпарат көзі ол мәтін, сурет, видео, аудио болсын қабылдайды. Яғни шығарма жазып берші деген сұрақтар дұрыс емес әрине, бірақ шығарма жазуға мәтіні бар, арнайы шығарманың жазылу нұсқасы дұрыс жазылған шығармалар болса ол да бір контент емес па?! Сондықтан қатты қыспаққаа алудың өзі де орынсыз болады. Себебі ақпаратпен адамдар алмасу керек, ал дайын жазылған шығарма болса оған Олар қаласында жазған бір оқушы шығармасының мәтінін салса, оған Шымкент қаласындағы бір оқушы шығарма мәтінін салса үшінші бір Семей қаласының оқушысы немесе мектеп мұғалімі қажетіне жаратса жазылған ақпаратты оның несі айып. Қайта ақпарат алмасу болып, пайдалы іс болады емес па?!

Сондықтан көп жағдайда дұрыс сұрақ қоя білмей осындай жағдайға әкеліп соғады. Мейлінше өңдеуге келетін сұрақтарды өңдеп, орынсыз сұрақтарды жасырып отырамын.

Оқушыларды да түсініп қарауға шақырамын. Келісіп пішкен тон келте болмас, сондықтан осы жағдайды шешуге уақыт беріңіздер. Себебі сайтқа қатысты басқа прироритетті қосымшаны іске асыруды ойластырып жұр едім. Соны бітірген соң бұл мәселені шешуге тырысамын.
Сұрақ қоюшылардың  арсаында, білу үшін емес, үй тапсырмаын орындау үшін сұрайтындар бар.  Абайдың  өлеңдерін  сұрағанға не айтуға болады?  Жоғары дипломы бар мамандардың  өзі  оңай сұрақтарды білмей қалады? Оқулықтардың өзінде қателіктер кездеседі. Кейбір мағлұматтар қысқа жазылады. Ондай жағдайда толықтырып сұрауға болады.
0 дауыс

Сайттың аты айтып тұрғанда,бұл сайт сұрақ қоюға арналған.Ол қолданушы шынменде сол есеп немесе т.б шеше алмай жатырғандықтан,осы СЖС көмек сұраған болар.Бірақта кейбір қолданушыларда шектен шығып жататын жерлері жетерлік.

0 дауыс
Олай сұрақ қойғанда тұрған ештеңе жоқ, қалаған сұрағын қоя берсін, тек сайт ережесінің шеңберінде.
0 дауыс

Қатырдың)))...........................................................

0 дауыс
Осы сұрақтан кейін үй тапырмасын сұрау азайғандай болып еді. Неге қайтадан көбейді?
...