Мен сайттағы барлық жағдайды қадағалап отырамын. Көбіне сұрақ қойып, жауап беріп, пікір қалдыруға араласпасам да сайттың ішінде 24 сағат болмаса да 12-14 сағат бойы қадағалап отырамын.
Сайтта негізінен Діни сұрақтарға қарсы. Себебі өте ауыр тақырып болғандықтан, кезінде талай ұрыс керіс болып талас-тартыс болғандықтан сайттан шеттеттік. Екіншісі ол руға, жүзге, ұлтқа бөлініп ұрысқа апаратын сұрақтарды жасырып отырамыз.
Ал мектеп сабақтарына қатысты сұраққа келетін болсақ. Жақтай да даттай да алмаймын. Түсінуге болады кейде кей сабақтарды түсінбей сұрақ қойып жатады. Ондай кезде сайттағы қолданушылар шығару жолын түсіндіріп жазып берсе нұр үстіне нұр болатын еді.
Ал болмайтын орынсыз Тест сұрақтарын көшіріп қойып, астына 4 жауабыз жазып осы сұрақтың жауабы қайсы болады немесе Химиядан 8 сынып №15 есеп кіріп көріңіздерді деген сұрақтарды ескертусіз өшіріп тастаймын. Осындай секілді сұрақ сымақ сұрақ емес сұрақтарға мен де қарсымын.
Сондықтан білмеген сұрақтары болып жатса, берілгенін негізгі сұрақ жеріне жазып, ал сұрақтың негізгі жеріне осы есептің қай жеріне түсінбегендігін толықтырып жазса мен қарсы емеспін ондай сұрақтардың сайтты қойылғанын.
Қанша дегенмен СЖ сайты контентке бағытталған жоба. Яғни контент деп отқанымыз сайттағы ақпарат көзі ол мәтін, сурет, видео, аудио болсын қабылдайды. Яғни шығарма жазып берші деген сұрақтар дұрыс емес әрине, бірақ шығарма жазуға мәтіні бар, арнайы шығарманың жазылу нұсқасы дұрыс жазылған шығармалар болса ол да бір контент емес па?! Сондықтан қатты қыспаққаа алудың өзі де орынсыз болады. Себебі ақпаратпен адамдар алмасу керек, ал дайын жазылған шығарма болса оған Олар қаласында жазған бір оқушы шығармасының мәтінін салса, оған Шымкент қаласындағы бір оқушы шығарма мәтінін салса үшінші бір Семей қаласының оқушысы немесе мектеп мұғалімі қажетіне жаратса жазылған ақпаратты оның несі айып. Қайта ақпарат алмасу болып, пайдалы іс болады емес па?!
Сондықтан көп жағдайда дұрыс сұрақ қоя білмей осындай жағдайға әкеліп соғады. Мейлінше өңдеуге келетін сұрақтарды өңдеп, орынсыз сұрақтарды жасырып отырамын.
Оқушыларды да түсініп қарауға шақырамын. Келісіп пішкен тон келте болмас, сондықтан осы жағдайды шешуге уақыт беріңіздер. Себебі сайтқа қатысты басқа прироритетті қосымшаны іске асыруды ойластырып жұр едім. Соны бітірген соң бұл мәселені шешуге тырысамын.