+2 дауыс
5.4k көрілді

Адамды қандай ғылымдар зерттейді? 

Бұл жерді адамды физикалық жағынан емес, мәдени, рухани жағынан зерттейтін ғылымдар жайлы айтылып отыр. Мысалға: психология, әлеуметтану, қоғам,т.с.с.
Әйтпесе ғылымдардың барлығы адамға қатысты ғой.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ұлпа) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды. Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді: 1) тірек-қимыл аппараты; 2) ас қорыту жүйесі; 3) тыныс алу жүйесі, 4) несеп-жыныс аппараты; 5) жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді); 6) сезім ағзалары; 7) эндокриндік бездер; 8) жүйке жүйесі. Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады.

Толық ақпарат.

+2 дауыс
анатомия, физиология,антропология,психология,гигиена,валеология тағы да басқалары,,,негізі көпко
+1 дауыс
Адамды психологтар, антропологтар, детективтер. көп қой. Нақы адамның қай жерін зерттеуі керек?

психикасын зерттеу психологтардың еншісінде

негізінде Антропологтар жайлы сұрап жатқан болуың керек?
Адам миын, дүниеге көзқарасын деген сияқты мәселелерін зерттейтін ғылымдарды айтып жатырм.
...