+1 дауыс
"ҰБТ-ға" деген сөз дұрыс па, әлде "ҰБТ-ке" деп жазыла ма? "ҰБТ-ға" дейін десем "Ұлттық Бірыңғай Тест"-ға деген жараспайтын сияқты.
29.10.2013 810 қаралым

3 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Ұлттық біріңғай тестті қысқартып ҰБТ дегені баршамызға аян. Қысқарған сөзге жалғантын қосымша сөздегі дауысты дыбысқа байланысты. Яки "ұ" дауысты, жуан. сондықтан сөзге жуан дауысты жалғанады. Егерде сөзді қысқартып жазып оны толық күйінде оқитын болса ҰБТ-ке деп жазу жансақ емес.

30.10.2013
Бұл қазақ тілінің грамматикасында жазылған ба? Яғни заң бойынша бекітілген бе?
Бұл ертеде Ахмет Байтұрсынов іргетасын қалап кеткен қазақ тілінің граматикасы. Заңның түкте қатысы жоқ.
Рахмет! Дәл осындай жауап күткенмін.
Оқасы жоқ!
+3 дауыс
ҰБТ-ға деп қолданылады ғой,ҰБТ-ке деп ешқашан естімеппін.Өзінің ережесі бар шығар.
29.10.2013
+4 дауыс
ҰБТ-ға ыңғайлы немесе Ұлттық бірыңғай тестке дайындық))))
29.10.2013
Екеуі де ма сонымен?
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы