Брусулез дегеніңіз шамасы бруцеллез ауруы болуы керек.Бұл осы аурумен ауыратын малдан , және ауыл шаруашылық мал өнімдері осындай ауру малдан өндірілгенде адамға жұғатын жұқпалы ауру. Егер ауру жұқтырған адам жедел түрімен (острая форма) ауырса, онда науқасты аурухананың жұқпалы аурулар жататын бөліміне жатқызып емдеу қажет Антибиотиктерден жедел түрмен ауырған науқасқа тетрациклин, доксициклиндерді тағайындайды. Бұл антибиотиктердің дозасын емдеуші дәрігер инфекционист науқастың жағдайын, аурудың ерекшеліктерін анықтап болған соң тағайындайды.Ал бруцеллездің созылмалы (хроническое течениие) түріне антибиотиктермен емдеу мүмкін емес,осыған арналған вакцина арқылы емдейді.Вакцинадан басқа түрлі витаминдер,антигистаминдер,қажет болса,тіпті гормондармен де емдейді.Созылмалы бруцеллезбен ауырған адамға арналған протокол бар.яғни көптеген әр түрлі дәрілермен белгілі бір схемамен емдейді.Өз бетінше канамицин сияқты дәрілерді пайдалану қауіпті.