Канамицин орнына СТРЕПТОМИЦИН қолдансаңыз болады. Егер осы топтағы дәрілерді, яғни аминогликозидтерді қолдануға қарсы көрсеткіш болса , олардың орнына цефалосориндер (ЦЕФАЗОЛИН,ЦЕФТРИАКСОН) қолданғаныңыз жөн. Және қосымша ДИКЛОФЕНАК және ВИТАМИН В1 , В6 қолданыңыз
Брусулез дегеніңіз шамасы бруцеллез ауруы болуы керек.Бұл осы аурумен ауыратын малдан , және ауыл шаруашылық мал өнімдері осындай ауру малдан өндірілгенде адамға жұғатын жұқпалы ауру. Егер ауру жұқтырған адам жедел түрімен (острая форма) ауырса, онда науқасты аурухананың жұқпалы аурулар жататын бөліміне жатқызып емдеу қажет Антибиотиктерден жедел түрмен ауырған науқасқа тетрациклин, доксициклиндерді тағайындайды. Бұл антибиотиктердің дозасын емдеуші дәрігер инфекционист науқастың жағдайын, аурудың ерекшеліктерін анықтап болған соң тағайындайды.Ал бруцеллездің созылмалы (хроническое течениие) түріне антибиотиктермен емдеу мүмкін емес,осыған арналған вакцина арқылы емдейді.Вакцинадан басқа түрлі витаминдер,антигистаминдер,қажет болса,тіпті гормондармен де емдейді.Созылмалы бруцеллезбен ауырған адамға арналған протокол бар.яғни көптеген әр түрлі дәрілермен белгілі бір схемамен емдейді.Өз бетінше канамицин сияқты дәрілерді пайдалану қауіпті.
Бруцеллездің созылмалы түрін вакцинамен емдейді дейсіз бе? Қызық екен??? Ойдан шығарып алған жоқсыз ба???8-|8-|8-|
Баға қойғаныңа рахмет. ВАКЦИНАны адамға не үшін салады? ВАКЦИНА деген не екенін білесің бе өзі? Білмесең құлақ түріп тыңдап ал: ВАКЦИНА ем үшін емес , профилактика ретінде қолданылады. Бруцеллездің созылмалы түрінде бруцеллездің әлсіретілген вакцинный штаммдарын салып не жын ұрыпты. Ол ағзаның өзінде инфекция қоздырғышы бар болса. Медициналық білімің бар екен , сонда осыны ойламадың ба? Немесе "Тупой медиктердің" қатарын толтырып жүрсің бе? Келісемін көз жақтан асқыну тудырады. Саған қанша коярымды білмей дал болып отырғаным )))))
Айналайын, сабыр сақта! Тағыда байыбына бармай,бруцеллез жөнінде аз білетініңді өзің көрсетіп жатырсың. Саған ешкім бруцеллездің вакцинасын біреуге сал деген жоқСалайын десең де сала алмайсың ,себебі бұл вакцина санэпидемиологиялық орталықтарда малшыларды егу үшін және инфекциялық ауруханаларға бруцеллездің созылмалы түрін емдеу үшін жіберіледі.Кішкене көкірегіңді бас,аспаннан жерге түсіп, өзіңмен бірге оқыған инфекционист курстастарың , таныстарың болса сұрап ал. Сені сол өзің айтқандай "тупой медик" болып кетеме деп тура жол көрсетсем,қайта қисайып бара жатқан сияқтысың. Жоғарыда өз жауабымның дұрыстығына және айтқандарымның дұрыстығына толық сенімдімін.