0 дауыс

"Тәжірибе" ме, әлде "Тәжірбие" ме?   Осы сияқты әлі емлесі анықталмаған сөздер бар ма?

image

Скриншот мына жерден алынды.

28.10.2013 23.3k қаралым

8 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Жұбатхан! Скриншотта қате жазылған. Дұрысы "тәжірибе".
28.10.2013
Бір емес, екі сұрағым бар):
1. Шын атың кім?
2. Неге менің сұрақтарыма жауап жазарда "Жұбатхан!" деп бастайсың?
1. Жомарт.
2. Енді атың Жұбатхан емес па?
Жұбатхан емес, ештеңе жазбай - ақ бастай берсең болмай ма? Қайта - қайта менің атым жарқырап бірінші болып шығып тұрғаны ұяттау екен, ұялтып жатыр)
Жарайды. Келістік.
Маған ше? Менің-ақ сұрағыма солай атымды айтып бастасаңызшы ))
Атыңды біле ме екен сенің?)))
Аты Ақжол ))
+1 дауыс
Дұрысы - тәжірибе. Тағыда көп адамдар шатастырып жататын сөздер нәтежие-нәтиже, әдибет-әдебиет.
28.10.2013
+1 дауыс
Анау скриншотыңа қарасақ, қате деген толып тұр ғой. "Тәжірбие" деген сөзді естіген жоқпын.
28.10.2013
Ол біреудің сөзі, мен тек ішіндегі бір ғана сөзге мысал келтіргенмін.
+1 дауыс
Және де мына сөз бар: "қортынды", дұрысы: "қорытынды".
04.11.2013
Сөйлемді "Және" деп бастауға болмайды деп, оқушы кезімде шығармадан 4 алғаным бар еді, содан бері есімде қатты қалып қойыпты. Жәй әңгіме болсын деп )))
+1 дауыс

"Тәжірибе" де, "Тәжірбие" де емес, менің ойымша "Тәжірибие"-деген дұрыс сияқты.

04.11.2013
+2 дауыс
"Тәжірибе" дұрыс қой. Көп кітапта солай жазылады.
04.11.2013
0 дауыс
Маймұл емес маймыл дұрысы)))))
21.05.2015
Өстіп жазғаны маған ұнап тұр) Расымен, "маймұл" ғой)))
Уа, білетін адамдар! "Өстіп" па, "өйстіп" па? Осы сұрақтан соң білмеймін неге екенін, әр сөзіме қадала беретін әдетті шығарып жатырмын...
0 дауыс
Нәтиже ма әлде нәтежие ма?
05.10.2019

Ұқсас сұрақтар

127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,003Қолданушы