+1 дауыс
377 көрілді

Менің мұғалімімнің сөзі:

- Немістер партизандардан гөрі қайырымдылау еді. Партизандар жолында кездескен ауылдарды  жойып, құртып, тіпті екіқабат әйелдер, балалар, қарттарға дейін өлтірген. Мысалға "Сыр бойында" жазыпты: бір тұқындардың қарауылы неміс бір қазақтың байқатпай сытылып шығуына көмектескен. Ал партизандар оңбағандар. Ал біз оларды мақтаймыз. Шындығын айтайын, партизандар болмаса бізге жеңіс келмес еді..

Есімде қалғаны. Әйтпесе көп уақыт жамандаған болатын. Сонымен сұрақ: Партизандардың соғыстағы іс-қимылдарына көзқарасыңыз қандай? 

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жұбатхан,сен шатастырып отырған сияқтысын,халықты қырған партизандар емес,соңғы кезде мынадай бір деректер шығып жүр:немістер ең бірінші кеңес одағына басып кіргенде,жолында кездескен ауыл-қаланың бейбіт тұрғындарына ешқандай тиіспеген,олар кеңес одағын басып алатынына сенімді болған,сондықтан қарапайым халыққа тийспеген,бас кезінде.Содан кеңес үкіметі арнайы диверсанттарды даярлаған,сосын ол диверсанттар немістерше киініп алып, немістер өтіп кеткен жерлердегі қарапайым бейбіт тұрғындарды аяусыз қырған,әдейі халық көтерілсін деген оймен.Содан халық ормандарға тығылып,немістерге қарсы партызан отрядтарын құрған.Партизандардың жеңістегі еңбегі өте зор.Партизандар болмаса жеңіс те болмайтын еді -дейді біреулер.
"Немістер ең бірінші кеңес одағына басып кіргенде,жолында кездескен ауыл-қаланың бейбіт тұрғындарына ешқандай тиіспеген,олар кеңес одағын басып алатынына сенімді болған,сондықтан қарапайым халыққа тийспеген,бас кезінде.Содан кеңес үкіметі арнайы диверсанттарды даярлаған,сосын ол диверсанттар немістерше киініп алып, немістер өтіп кеткен жерлердегі қарапайым бейбіт тұрғындарды аяусыз қырған,әдейі халық көтерілсін деген оймен.Содан халық ормандарға тығылып,немістерге қарсы партизан отрядтарын құрған." Енді осы рас па?
Рас деп ойлаймын.Жеңіске жету үшін Кеңес Одағы небір амалдарды пайдаланғанғой.Сол кезде сотталып түрмеде отырғандарды соғысқа апарып,екі адамға бір мылтық беріп,шабуылдың алдына салып қойған,біреуі өлсе,мылтықты екіншісі алады,егер бұлар артқа шегінсе артта өзіміздің әскерлер оларға оқ жаудырған, шегінсе де өлім,сосын амал жоқ,бәрібір бір өлім болғасын алға баса берген,соның да көп көмегі болған жеңіске жетуге."Штрафбат"-деген киноны көрген боларсың,сол тарихи деректерге сүйеніп түсірілген фильм.
+1 дауыс
Жұбатхан! Партизандардың Ұлы Отан соғысындағы атқарған еңбектері өте зор. Олар фашистердің азық-түлік, оқ-дәрі, жанармай тиелген майданға бара жатқан пойыздары мен автомашиналарын жойып отырған. Сөйтіп, Москва түбінде фашистердің ұшақтары мен танкілері, барлық әскері ойлағандарындай соғыса алмай қалған. Ал фашистерге көмектескендердің көздерін жойғандар - жазалау отрядтары (карательные отряды).
"Қарапайым кінәсіз халықты, қырды, жойды" дегені өтірік пе сонда? Партизандардың саны қанша болған? Олардың басшыларының есімдері, ерліктері жайлы мәліметтер білмейсіз бе?
Әрине өтірік. Себебі, партизандар сол елді мекендердің адамдары ғой. Партизандардың міндеттері - фашистердің майданы мен тылының арасындағы байланысты үзу.
+2 дауыс
Бұл 1 ғана немістің адамгершілігі,ол барлық немістер сондай деген сөз емес.Немістердің тұтқындарды қалай қорлағанын көп білмейтін боларсың.Тырнақтарының астына ине тыққан мысалға.Сосын бір кітаптан оқығаным есімде.Тұтқында болып келген адамның жазғаны.Тұтқында жүргенде 2 жыл бойы су көрмеген.Яғни шомылмаған.Қашайындесе қашалмайды,Дуалмен қоршалған,бойымен тоқ жүргізіп қойған.Адамдарды қорлап өлтіргендері қаншама.Партизандардың іс-қимылы дұрыс,дұрыстығының дәлілі,қазіргі заманымыз
Йә, келісемін. Немістердің жауыздығы бәріне аян ғой.
...