+1 дауыс
3.3k көрілді
Жапырақ неге тек 3-ақ түске боялады? Неге күлгін, көгілдір түсте болмайды?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
жаратылысы бойынша пластидтердің түсі үш түсті..әр мезгіл ерекшеленеді..оның түсін өзгертуді ешкім ойластыра қоймаған..оның қаншалықты мүмкіндігін анықтау үшін орасан зор тәжірибе жасау керек шығар..бірақ гүлдердің түсі әр түрлі болады..ал жапырақ сол күйде қалғаны дұрыс шығар..ерекше болып..
+2 дауыс

Өсімдіктің жасушасының құрамында өзі 3 түрлі пластид болады ғой.

Себебі жапырақтың құрамында пластидтер болады. Пластидтер өсімдікке жасыл түс береді. Митохондриялар мен пластидтер Митохондриялар жасушаның тыныс алу үрдісіне қатысып, жасушаның басқа құрылымдары пайдалана алатын түрдегі энергия бөліп шығарады. Басқа органеллалардан митохондрияларның айырмашылығы, оларда өздерін қайта құруға және ақуыздар синтезіне қажетті жеке генетикалық жүйенің бар болуы. Митохондрияларда, ядроның ДНҚ, РНҚ, рибосомаларынан өзгеше, өз ДНҚ, РНҚ және рибосомалары бар. Олар прокариоттардың ДНҚ, РНҚ және рибосомаларына ұқсас келеді. Пластидтер - өсімдіктердің арнайы органоиды. Олардың үш типі бар: түссіз (мөлдір) – лейкопластар, жасыл – хлоропластар, реңі қызыл-сары түсті – хромопластар. Хлоропластар дың басты қызметі – фотосинтез. Лейкопластар қоректік заттардың қорын, әсіресе крахмал жинақтайтын түссіз, домалақ пластидтер. Хромопластар лейкопластар мен хлоропластардың стромаларында каротиноидтардың жинақталуынан пайда болатын қызғылт-сары және сары түсті пластидтер. Олар гүл күлтелерінде, піскен жемістерде, кей жағдайларда – тамырсабақтарда, күзгі жапырақтарда кездеседі.

+1 дауыс
Себебі, жапырақтың түсі ондағы хлорофиллдің жағдайына байланысты.
Хлорофиллдің жағдайын басқа түстерге өзгеретіндей етіп ауыстыруға болмай ма?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
4 жауап
+3 дауыс
7 жауап
...