Өте дұрыс айтыпсың, құсқа ешқандай қатысы жоқ. Тек жыл мезгілін өзгеруіне байланысты,яғни жылы мерзімнің суық мерзімге ауысып немесе керісінше суық мерзімнен жылы мерзімге ауысатын өтпелі кезеңдерде, созылмалы аурулары бар адамдардың организмі бұл өзгерістерге жылдам қалыптаса алмайды. Сондықтан сүйек буындары ауыратындар, созылмалы асқазан аурулары, жүрек ревматизмімен ауратындар,жүйке аурулары, психикалық ауытқулары бар адамдардың ... науқастары қозады. Осы өтпелі кезеңде қиналып кейбірлері тіпті ауруханаға жатып емделуге мәжбүр болып жатады. Сондықтан созылмалы аурулары бар науқастар, осы кезеңдерден ауырмай жеңіл өту үшін дәрігердің бақылауында болып , уақытымен емін алып жүрген абзал.