0 дауыс
5.2k көрілді
Ана өсиеті деген термені жүктеп алуға көмектесіп жіберсеңіздер алдын ала рахмет.Бұл жалған қайтып келмейдай,өгіз бір аттай жүрмейдай,деп басталатын:текстін жазып жіберсеңіздер тіпті жақсы.

3 жауап

0 дауыс
Google-ге ана өсиеті деп жазсан шығады
0 дауыс
Бұл жалған қайтып келмейдай,өгіз бір аттай жүрмейдай
0 дауыс
АНА ӨСИЕТІ

Бұл жалған қайтіп келмейді
Өгіз бір аттай желмейді
Тарылып мына қу тыныс
Байлады тіл мен көмейді
Науқасым жаман қарағым
Демегін мені өлмейді
Баяғыдай дәрмен жоқ
Сөйлеуге шамам келмейді
Баласы түзу ата-ана
Жаман болсын демейді
Бірлігін болсын қарағым
Бірліксіз тірлік өнбейді
Айналдырған ауыру
Өлімге мені меңзейді
Ажал жетсе не шара?
Аман қыл сені, сендерді

Қысылып шыққан қаңтардан
Бүршіксіз шыбық талдайсың
Қанатын әлі қатпаған
Сары ауыз балапандайсың
Он төртке жана толсанда
Жанботам маған нардайсың
Білмесен өзін қарағым
Білгеннің тілін алғайсың
басына қиын күн туса
Жанашыр таппай зарлайсың
Тындап ал балам ақылды
Бұдан жаман болмайсың

Ата-ананың қадірін
Балалы болсан білерсің
Ағайынның қадірін
Жалалы болсан білерсің
Жамандық қылсан жақынға
Көрісе алмай жүрерсің
Үйірден безген сәулектей
Жапанда жалғыз түнерсің
Тісі шыққан балаға
Шайнап бір берген ас болмас
Басына түссе көрерсің

Сыйлап жүр әр бір пендені
Жете біл балам парқына
Көтеріп жүр ей кеудеңді
Көп ішінде шалқыма
Болсада қанша білімің
Бас ие жүр халқыңа
Қос інің бар қарағым
Қарайлап жүр артыңа
Тигізбессің тіліңді
Әкен мен менің атыма

Бөлінгенді бөрі жейді
Деген бір қазақ сөзі бар
Сырттай саған білдірмей
Аңдыған дұшпан көзі бар
Бір түйір дәнге таласпай
Үшеуін теңдей бөліп ал
Әр бір істің қарағым
Өз жөңі мен жолы бар
Жаласада табаның
Итте бір күнің көре алар
Адам бол енді жан балам
Адам бол баламі тілімді ал

Бай болсан балам тасыма
Кедей болсан жасыма
Нелер бір келіп не кетпес
Ер жігіттің басына
Қанағат қыл тәубә деп
Алдындағы асына
Тындап ал балам ақылды
Көп болмаспын қасында
Болған іске болаттай
Бол деп еді анам жасымда
Деп кейін айта жүрерсің
Ақылын болса басыңда

Келгенше балам қолыңнан
Жақсылығыңды балам асырғын
Сөз ермесін соңыңнан
Жамандығыңды жасырғын
Ұрлық пен жалған-өтірік
Болмаған ата кәсібің
Болмашыға кетірмей
Қадірін жап-жас басыңның
Ел іші алтын бесік қой
Таусылмас балам нәсібін
Баласы еді өсірген
Дегізбе қандай кәпірдің
Адам бол енді жан балам
Сыйласан ағын шашымның

Қолынды сұқсан сұраусыз
Егесіз жатқан бұйымға
Басынан балам арылмас ай
Кез боларсын қиынға
Жаман атын бір шықса
Қадірін қалмас ырымға
Ала алмайсын айырбастап
Дүниенің құнына
Болмашыға еліктеп
Кесірге жаман ұрынба
Тер төгіп тапқан дүниеңді
Шашпағын бекер шыбынға

Ішімде кетті арманым
Дүниенің білдім жалғаның
Көре алмай қызықтарыңды
Арманда кетіп барамын
Осы үйдің ошақ мал-жаның
Аманат қылып ал жаным
Сөндірмес балам отыңды
Ақылды болса алғаның
Жаста болсан жан балам
Өзіне арттым салмағын
Шаман келсе жылына
Бір малды құрбан шал жаным
Келмесе шаман қысылмай
Разы болсын аруағым!

Ары қарай түсініксіздеу болып кетті
...