0 дауыс
295 көрілді
Елбасының министрлер мен облыс әкімдерінің жиналған отырыс қайдан көруге болады немесе ол жиналыс калай аталады?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Отырыста биылғы 9 айдағы Үкіметтің жұмыс қорытындылары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

Осы мәселелер бойынша Премьер-Министр С.Ахметов, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев, сонымен қатар Алматы қаласының әкімі А.Есімов, Павлодар облысының әкімі Е.Арын және Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов баяндама жасады.

Қазақстан Президенті өз сөзінде Үкімет қызметінің басым бағыттары мен оның алдында тұрған нақты міндеттерге тоқталып өтті, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысына бағасын бере келіп, бірқатар кемшіліктер мен әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудағы олқылықтарды көрсетіп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық конъюнктураның нашарлауы жағдайында Үкімет бюджет саясатына түзету енгізгені жөн екенін атап өтті. Мемлекеттік бюджеттің жоспарлану және орындалу сапасын арттыру қажет. Атап айтқанда, үш жылдық бюджет жобасы әкімдермен тиісті деңгейде келісілмеген, бұл бюджеттік бағдарламалардың теңгерімсізсіздігіне әкеліп соғуы мүмкін.

Бюджет қаражатын толық және сапалы игеру – маңызды міндет. Алдын-ала болжамға сәйкес, игерілмеген шығыстар көлемі 150 миллиард теңге шамасында болып отыр. Қазақстан Президенті бұл қаражат «тесікті» бітеуге емес, кідіртуге болмайтын қажеттіліктерге ғана пайдалануға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы игерілмеген қаражатты бюджет тапшылығын қысқартуға немесе Ұлттық қорға бағыттауды тапсырды.

Бұған қоса, бюджеттік жобалардың қымбаттауы тәрізді бұрыннан келе жатқан проблеманы шешкен жөн. Жобалық құн көлемінің ұлғайтылуы 2012 жылы 40 миллиард теңгеге, ал биыл 60 миллиард теңгеге жеткен. Мемлекет басшысының пікірінше, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мен қарау төңірегінде күмәнді бизнес саласы қалыптастырылған.

– Тендерде мердігерді таңдау кезеңінде төрешілдік пен ысырапшылдық басталады. Міне, құрылыс бағасы өсуінің, инфляцияның шарықтап кетуінің себебі осында, – деді Қазақстан Президенті.

 жалғасы :http://akorda.kz/kz/page/page_214958_

видеосы болама?
толық нұсқасы бар ма?
...