0 дауыс
1.4k көрілді
Қазақ тілінің дәрежесі орыс тілінен төмен ба сонда, алде дыбыстары құлаққа жағымсыз естіледі ма?

9 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ атамыз айтқан ғой: "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте"деп! Орысша білгені де дұрыс, бірақ қазақ тілін жетім балаша оқшауламағанымыз дұрыс!
+5 дауыс
Ойткені Казактар тындамайды , Мен де тангалам кітапка Оян казак дегенді окыдым, бірак казактар жалкау, барі орысша окиды,орыстарда жумыс коп, орыстар коп казакстанда,Казак деген атымыз калдырып кеткен ата-бабаларымыз, сол ушін баріміз казакша сойлеуміз керек, казактар ойланбайды кішкене
Қазақтар жалқау емес,жалқау болса орыс,ағылшын,қытай,араб тілдерін үйренуге жалқаулық жібермес еді ғой.Тіл білгеннің еш айыптығы жоқ,керісінше ол артықшылық деп білемін.Мәселе сол білгенді өз орнына пайдалана білу де шығар.
Келісемін.
+5 дауыс
Өте орынды сұрақ! менің ойымша орыс тілінде сөйлейтін қазақтар үшін ол бір "мәртебе"шығар...Аллаға шүкір мен өзім таза қазақша сойлеймін деп айта аламын! Қазақ болып туғаныма, қазақша таза сойлейтінімді мақтан етем!!!
+6 дауыс
Бір сөзбен айтқанда, Кеңес үкіметі берген уынан арыла алмай жүрген ДҮБӘРӘЛАР сөйлеседі!!!!!!!!! Е ҚАЗАҚ емес Е ОРЫС емес екі жақта жүрген ЖП-лар сияқты!!!!
+3 дауыс
ты чееее десем ұят болады иә. Қазақ тілінің мәртебесің көтеру біздің ,яғни жастардың қолыңда. Сіз де бізде қазақша сөйлей берейік. Сөйлей алмайтындар өздері үшін сөйлеп кетеді(егер намыстары бар болса әрине):^)
Тамаша жауап.
+3 дауыс
"Қазақ тілі -бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу-бейнеулері ерте туған тіл" -деп Ғабит Мүсірепов айтпақшы, қазақ тілі орыс тілінен кем емес, еш уақытта кем болмайды да. Қазақтар  бір-бірімен қазақша білмегендіктен емес, тек қазақ тілінде сөйлеуді ұнатпағандықтан сөйлеседі. Оларды ҚАЗАҚ деу де ұят!
+2 дауыс
1.Қазақ-тілім байтақ менің мәртебем!
 Қазақ-тілім қайталанбас рухым ең!
 Сеніменен бүкіл әлемге мақтанам!
 Сені мәңгі биік шыңға көтерем!

1. Осы қазақ тілімен Абылай-Хан ел басқарған!
2. Осы тілмен билерім ынтымақтасқан!
3. Ана-тілі арқылы Тәуке-Ханның!
4. Жеті жарғысы заң болып қалыптасқан!

Оян қазақ, Аш көзді, Көтер басты - М. Жұмабаев

Ерболат Құдайбергенов қандай әдемі айтқан еді: Руым көп солардын аттарындай, Мінезім бар таулардын қатпарындай, Жырым бар бабалардын аттарындай, Әжімім бар бейнеттің таттарындай (әрі қарай жазбай-ақ қояйын). Меніңше бұл өлеңдерді әрбір қазақ не үшін шығарды дейсіз. Әрине тек қана қазақ-тілін сүю үшін!!!
Ерболат Құдайбергеновтың бұл жерде еш қатысы жоқ!
Бұл өлеңнің авторы  - Жұбан Модағалиев. Осыны білмейтін болсаң несіне қазақ туралы сөз сөйлейсің?!   Ерболат Құдайбергенов өлеңді қайдағы бір рэппен айту арқылы қор қылып отыр.
Рас па? Жоқ олай емес шығар. Ерболат Құдайбергенов жайлы тағы не білесін???
ҰЯТ-АЙ. "МЕН ҚАЗАҚПЫН" ӨЛЕҢІНІҢ АВТОРЫ ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВ ЕКЕНІН БІЛМЕУ СЕН ҮШІН ӨТЕ ҰЯТ НӘРСЕ!!!
Ерболат Құдайбергенов жайлы ештеңе білмемін, білгім де келмейді, маған ұнамайды ол.
Жоқ білгелі қашан білемін ғой. Тұманбай Молдағалиев жайлы. Ал мен Ерболат Құдайбергенов туралы сұрап отырмын?! Өленнің авторы екенің де білемін ғой!
Тағы да қателесіп отырсың Жұбан Молдағалиев жайлы мүлдем естімеген болып тұрсың ғой.
[Жұбан Молдағалиев өмірбаяны][1]
[Мен қазақпын поэмасы][2]


  [1]: http://kazakhadebieti.kz/index.php?option=com_chronocontact&Itemid=23&authorid=134
  [2]: http://kazakhadebieti.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6639&Itemid=23
+2 дауыс
Қазақ тілі орыс тілінен дәрежесі жағынан да,дыбысталу әуездігі жағынан да,тарихи тереңдігі жағынан да еш кем емес.Сол сияқты басқа тілдердің бәрімен де тереземіз тең,қатар түра алатын тілміз.Біздің тіліміз ешкімнен қалып бара жатқан жоқ.Тілімізді жымысқылықпен жойып жіберу саясаты болған кешегі  кеңес заманының өзінде де тіліміз өміршеңдігін сақтап қалған, қазір жағдай мүлдем басқаша.Орысша сөйлеп жүргендердің көбісі артықтығынан емес қазақ тілін үйренуге дәрмені жетпегендіктен,өздерін өздері қор санайтындар.Байқасаңдар солардың көбі болашақ программасымен оқып келген жастар, олай оқып келіп оңай жолман мемлекеттік кызметке қолы жеткендердің көбі жоғарғы чиновниктердің балалары болды емес пе,олардан басқа не күтуге болар еді. Жүре берсін, олардың да күндері санаулы. Келешек ана тілінде.Ана әлдиін тыңдап, бесік жырымен өскен өздеріңдей қазақ өркендері тұрғанда ҚАЗАҚ ТІЛІ өлмек емес,еркен жайып өседі.Бәрі өз қолымызда екенін ұмытпасақ болды.
–1 дауыс
ондаи адамдарды ширык  деиды     биреулер озынше   4 созды жаттап алып   орысша соилеп кисы болып    озын бахытты сезынетын  коты бок казактар коп . оларды ширык неме деп атаган.
...