+2 дауыс
475 көрілді
Ұзын -сонар тізілген көліктер. Жол кептелісі. Автобуста лық толы. Сабақтан қайтарда жарты кейде бір сағаттық пробкаға тап боламын.Жүйкені бұзады осы.Пробка кезінде уақытты қалай өткізуге болады?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ислам дінінде болсаң аят, дұғалар жаттасаң болады. Үйіңнен Құраннан қағазға жазып алып шық та, қайтарда ішіңнен жаттап отыр. Зияны жоқ.
Бұны көлік жүріп келе жатқанда да болады емес пе?
0 дауыс
Қалтаңызға мынаны салып жүріңіз.

+1 дауыс
Жалпы біліміңізді толықтырып, ойыңыздың өрісін кеңейтуге тамаша мүмкіндік қой. Тек автокөлігіңізге қажетті кітап, газет, журнал, ноутбук және тағы басқа ақпарат құралын салып жүрсеңіз болғаны. Тіпті жол жүру жережесін де бір еске түсіріп пысықтап алуға болады.
+1 дауыс
Күшті сұрақ!  Кептелісте   өзіме кітап оқу үнайды.
+2 дауыс

Шынымды айтсам ойланып көрмеппін.  Рульде отырған адам бәрібір ешнәрсе істей алмас, себебі бар көңілің алдыңдағы машиналарда болады ғой. Ал жанында бос отырған адамдарға түрлі сканворд, сөзжұмбақ, судокилар шешкен дұрыс шығар, әрі ми тынығады,әрі дүние танымың артады деп ойлаймын.

...