+2 дауыс
4.6k көрілді
Жалпы түтіннің адамға зиян екенін білемін. Бірақ көзге әсері қандай? Қандай ауруларды туғызуы мүмкін? Оның көзге зияны қаншалықты?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Түтіннің қандайын сұрайсың? Түтіннің әсері оның химиялық құрамына байланысты.Мысалы қаныққан көмірсутектер яғни метан, пропан, этан , бутан  ..октан ,нонан, декан.жанған кезде ауаға су бу түрінде және көмірқышқыл газы бөлінеді және оттегі жеткілікті болып толық қалдықсыз жанса, оның зияны жоқ . Мысалы табиғи газды алатын болсақ құрамы жоғарыда айтылған көмірсулардан тұрады және күнделікті ас әзірлейміз уй жылытамыз бірақ зияны жоқ. тек қауіпсіздік шараларды дұрыс сақтамай жанбай шығып ауамен араласса  улы болады эәне  көз тұрмақ ,тыныс жолдары арқылы адамның қанына  өтіп өлімге  әкеледі және ауамен қосылып жарылыстар,өрттер болады  Түтіннің пайда болуы  зат жанған кезде  оттегі жетіспегендіктен бықсудың нәтижесіяғни шала жану, Бұндай түтіннің   құрамы  жанған заттың химиялық құрамына байланысты . Егер қоқыс жанып түтіндесе, оның құрамындағы пласмасса қалдықтардан, полиэтилен пакеттерден диоксин уы бөлінеді Қалалы жерлерде улы ғаздарға бай автомобил түтіндері жанармай құрамы сапасыз болғанда,машиналардың двигательдерінде ақау болғанда пайда болады Түрлі завод, фабрикалардан шығатын түтіндердердің құрамында  күкірт пен сутегінің қосылыстары ,хлор, фосфор қосылыстары  болады бұлардың бәрі адамның көзінің кілегей қабығына әсер етіп қабындырады,  Бұны экологияның әсерінен болған коньюктивит дейді, ал егер өрт сөндірген кезде улы түтіннің әсерінен көз ауырса онда бұл химиялық коньюктивит дейді. Көзге темекі түтіні де әсер етеді, темекі шегетін адамдардың көздерінің ісініп ,қызарып жұретіндерін өздерің күнделікті өмірде көріп жүрсіңдер.Темекіде никотин бар екенін бәрің де білесіңдер. Қазір темекі құрамына түрлі ароматизаторлар енгізіледі. мысалы ментолды алатын болсақ, бықсығанда бұлда улы ғазға  айналып, адамның көзіне кері әсерін тигізеді.. ..
+2 дауыс
Түтінге ұзақ қарап тұру яғни бір нәрсе өртеп соның үстінен төніп тұрсаңыз көзіңізге айтарлықтай зиян келтіреді. Түрлі көз ауруын туғызады. Соның ішінде түтінмен бірге көтерілген түрлі қалдықтар мен микроптар көзіңізге кеп қонса, мүлдем көр соқыр қылуы мүмкін. Кейде шел ауруында туғызады.
...