+3 дауыс
8.7k көрілді
Достар, араққа тоймайтын болыппын. Тек сытылып кетіп, бірдеңе жұтып келуді ғана ойлап тұрам. Қандай ұсыныстарың бар? Тек "қою керек", "өзіңді ұстау керек" деген сияқты арзан ақыл айтпаңдаршы, өтініш.
Қоймай ақ қой,ескі досың ғой арақ,жүре берсін жағаласып,онсыз қызық болмай қалар деп қрып отырмын.))

13 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Біріншіден, "арақты қой", "өзіңді ұстау керек" деген арзан ақыл емес!!! Саған ешкім жамандық ойлап, мұның дұрыс деп айтпайды. Қою-қоймау ол өзіңнің сана-сезіміңе байланысты. Арақты ішкеннен зиянын көрмесең, пайдасын бермейді. Осы түсінбеймін, жап-жас бола тұра, араққа, темекіге неге құмартасыңдар??!! Кімге пайда??Кімге зиян??

/За здоровье не пьют, за него молятся. 
За счастье не пьют, за него борются.

А пьют за мечты, которые сбываются/

Ха-ха,бұндай ақыл оған жүрмейді.
иа! өз еркінде!!!
мен айтайынба қоюдың жолын бір кітаптан оқығаным бар еді
Саят, ол кітапты Сатыбалдының өзі жазған шығар))
Бұл бала өмірінде бір ақ рет ішкен,   қалғандарының бәрі жәй пахмель.
+4 дауыс
Намаз оқы. Сен қазір арақты қоямын деп басқа амалдар қолданғаныңмен, қоя алмауың мүмкін, сондықтан намаз оқы. Намаз оқысаң арақты ішуді қоясың әрі ол сенің парызың. Намаз арақты жеңеді. Менің саған айтарым осы.
Дұрыс айтасың!
+2 дауыс
Маскүнемдерді емдейтін мамандарға барғаның дұрыс болады. Талай адамдар жазылып шығып жатыр. ЕР адамсың және өзіңде "қоямын" деген ниет болса, осы іспен айналысып жүрген мамандар жақсы көмектеседі . Маскунемдік әйел адамдарда көп жағдайда жазылмайды және өз басым маскүнем әйел маскүнемдіктен жазылды дегенді естімеппін.
+1 дауыс
Керекинфоның Сатыбалдысынан ақыл сұрап көрші, бір білсе сол біледі, ол да өзіңдей ішкіш))).
Сұрақ қойып отқан Сатыбалдының өзі ғой Жако аға :)
Мен де соны танып әдейі айы отырмын ғой)))
+1 дауыс
Арақ ішетін достарыңнан алшақтау жүр. Егер арақты тастай алмаймын десең,арақтан спирті төмен ішімдіктерді пайдалан. Жай жайдан қойып кетерсің деген ойдамын. Болмаса арақты есіңнен айырылғанша іш, ертеңіне өзіңнің де арақтың бетіне қарай алмайтындай боласың ))
мен өзім арақ ішкен адамды ұнатпаймын иа оның несі жақсы отбасының бытшытын шығаратын арақ емеспе 1 орында осындай жағдай бұл ащы шындық
–2 дауыс
Аид атаңа ұқсаған шығарсың, нақ епті)))) Қойма арақты, арақ ішкеннің еш сөлекеті болмаған деседі дәруішөлгеннің қойын жегендер...
Дәруішөлген )))
+1 дауыс
Арак ишетин  адам  кояды дегенге оз басым сене  коймаймын. Ол адам озин куртканы мен коймай жан- жагындагы балаларын жане айелинде куртады.Онда адамдар ауру. Маскунемдерди  сау адамдардан болек жерде устау керек. Менде сондай бир маскунеммен бирге турып жатырмын,
+3 дауыс
Іше бер,егер өз-өзіңді өзің тоқтатпасаң адамдар қалай тоқтатады?Іше бер,шайтанның азығын.Жауап беретін біз емес қой!!!Сенен неге іштің деп сұрағанда,не деп жауап беретініңді ойлан!Бірақ өз-өзін тоқтатуым керек,бұл жаман деп тоқтатпаған адамға қалай ақыл айтып тоқтатамыз?!
Қалай бастап едіңіз,солай тоқтатыңыз…
Өзіңіз шешесіз емес пе?!
Намаз оқы дейді.Арақ ішетін адам қалай намаз оқиды?Намаз оқу керек,ол дұрыс әрине!Бірақ өзін тоқтата алмаған адам намазын қаза қылмай,шын ниетпен оқиды деп ойламаймын.Намазды арақты тоқтату үшін ғана оқу керек емес,шын ниетпен оқу керек!
О дүниеге аттанғанда жауабым қандай болады,не деп айтамын.Арақты іш деп тұрған ібіліс.Оған еріп жүріп қателестім деп қалай айтамын?-деп ойлан.
Пікіріме қарсы болсаңыздар,айтыңыздар,өтініш,бәрі анаған бар,мынаған бар дейді,мүмкін қойып кетер шығарсыз(қойған боларсыз…)Бастытсы Аллаһ кешіргей…………
+1 дауыс
"Жас кезіңде арақты жеңесін, қартайғанда сол ішкен арағың сені жеңеді" деген екен))
+1 дауыс
Наркологияға жатсай пәленбай ақшамен, салынып кетсен өзін қойып кете алмассын. Қан тазарту керек, ломка болып іздегенде алғашқы көмек көрсетілуі керек. Өліп те кетуің мүмкін өздігіннен қоямын деп, қан тазартып, система салдырып сөйтпесе болмайды.
0 дауыс
оі айтасыздаргой,іше бер деп калай айтып отсыздар,кудайда кеширмес іше бер деп айткан адамды,кім кепіл іше бер дегеннін өзі ішіпкетпеуіне,комек сурап турган адамга комек бер колыннан келсе кекеп айтудын кажеті жок,1ші коям деген ниетініз болсын,2ші намазга куланыз,3ші мешітке коп барыныз,4ші емдеу орталыгына барыныз,бастысы жан жакты даин болыныз,барін женесіз,аллам колдайды сізді,
0 дауыс
Арақты жеңген адамды көрген жоқпыз,  Арақты ішпе, қазіргі арақтар таза емес, бәрі миллиардтаған қытайдың мусорынан, және әжетханадағы қалдықтардан жасалған арзан у спирттер, оны сол арақтың бағасынан ақ біле бер, 200- 700 тенгеге қайдағы таза арақ. Нағыз таза арақ шығаратын заводтарда бір шиша таза арақ дайындау үшін кем дегенде 5000-6000 тенге шығын кететінін есіңнен шығарма!  Ары қарай дүкендердегі бағаларын шамалай бер өзің ақ.  Ішпеңдер ден саулықтан айырыласыңдар!  Пиво да солай қытайдың дәрімен өсетін арзан күрішінен жасалып жатыр қазір. бұрынғыдай технологиямен шығарса олардың шығындары ақталмайды, сыра жасауға қажетті өнімдер қымбатқа түседі екен оларға.
+1 дауыс
Ясин сүресін суға оқытып ішіп емделіңіз немесе аятүл-күрсиді өзіңіз жаттап алып 303 оқысаңыз Алла өзі қаласа, сізден жақсы адам болмайды.
...