0 дауыс
4.6k көрілді
Өкпедегі тесік қанша айда пайда болуы мүмкін тубуркудезде, тубуркулезденде бфсқа түрі болу мүмкін ба?

1 жауап

0 дауыс
Өкпенің туберкулез ауруында асқынып ,зақымданған жерде өкпе ткані ыдырауын  "каверна" дейді. Бұндай жағдайға адам ауруын елемей асқынғанда , ауруға қарсы  иммунитет әлсіз болғанда және өздігінше сауатсыз емделгенде,немесе туберкулездің антибиотиктерге төзімді бацилласын жұқтырған адамдарда болады.Жас балаларда иммунитет әлсіз болғандықтан, бір айдың ішінде өкпе түгелімен тесіліп, іріп шіріп кетуі мүмкін.Мұндай жағдай болмас ұшін міндетті түрде дені сау адамдардың өздері жылына екі рет флютротексерістен өтіп тұрған жөн. Флюротексерістен өту- өкпедегі туберкулезді  адам өзі білмесе де , ерте аңғарып,дер кезінде диагноз қоюга септігі тиеді.Ал жас балаларды  жылына бір рет МАНту пробасы арқылы тексереді.Түберкулездің микобактериялары басқа ағзаларды да зақымдайды және көп жағдайда өкпе туберкулезінен асқынып, бациллалардың қан арқылы басқа ағзаларға тарауы арқылы. Мысалы өкпеден басқа кеңірдектің, тілдің ,ауыз қуысының туберкулездері қақырықтың жүру жолдары  арқылы беріледі. Ішектің, өңештің туберкулезі   ауыратын адам  әсіресе "кавернасы" бар адам қақырығын жұтқанда пайда болады.Қазіргі кезде туберкулезге қарсы антибиотиктерді ретсіз пайдаланғаннан, дәрігердің нұсқауын дұрыс орындамағаннан,туберкулездің антибиотикке төзімді түрлері жиі кездеседі, және бұл қоғамда, жалпы медицинада шешімі қиын басты мәселелердің бірі.
...