0 дауыс
2.5k көрілді
Достар менің тек қана екі алақаным қотыр болып кетті.Білмеймін аллергия ма.Соған қандай дәрілер бар???

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қышыма, биттеу Қышыма - жұқпалы ауру. Ол адамның денесіне қотыр жұқтыратын кененің түсуіне пайда болады. Микроскоппен қарағандағы ақ-қоңырқай түсті, таспақа тәріздес кене. Аталық денесінің ұзындығы 0,2-0,3 мм, ені 0,14-0,19 мм, аналық кененің ені сәл үлкен келеді. Аналық кене ұрықтандырғаннан кейін өледі. Теріге түскен ұрықтанған аналық теріге еніп, сұр-ақ жолақты ирек түріндегі жүріспен терінің үстіне жұмыртқа салады, одан 3-7 күннен кейін личинкалар пайда болады, олар лимфа сатысынан өтіп кенеге айналады. Дамудың бүіл циклы бірнеше аптаға созылады. Қышыма сау адамға ауру адамнан жұғады: тығыз қарым-қатнаста болғанда немесе ауру адам пайдаланған киім-кешек, төсе-орын, ыдыс-аяқ, қолғап, шұлық, қол орамал, аяқ киімдерді бірге пайдалану арқылы жұғады. Емшек жасындағы сәбілерге қышыма ауыруы сәбіді күтіп бағуға, тәрбиелеуге қатысы бар адамдардан жұғады. Инкубациялық кезеннің мерзімі 7-10 күн. Қышыманың негізгі белгілері түнгі уақыттағы терінің қышуы және бөрптелер болып табылады. Теріде жекелеген қотыр жолдары және әдетте қотыр үшін тән жерлерге орналасатын, атап айтқанда саусақ арасындағы қуысқа, шынтақ буындарында, кеуде мен іштің бүйір тұсының жоғары бетінде, кеуде бездері төңірегінде жолақты тарамдар пайда болады. Балаларда көбінесе алақан мен табанда, ал емшектегі балалардың бетінде байқалады. Асқынған қотыр, іріңдеп пиодермияға айналады (фолликулит, шиқан). Емдеу: қышымаға қарсы неше түрлі майлар (33% күкірт майы, Вилькинсон майы) падаланады. Олар денеге 5 күн бойы теріге жағылады күніне бір рет. Демьянович әдісі дененің бүкіл терісін 60 пайызды натрий гипосульфатының ерітіндісін, одан кейін 10 минут бойында 6 пайыз тұз қышқылының ерітіндісімен жағады. Сақтануы: теріге қотыр шыққандарды дер кезінде анықтау, оқшаулау және емдеу, аурумен бірге тұратын немесе мектепте, бау- бақшада ауырған баламен қарым-қатынас жасаған балаларды тексеруден өткізу қажет. Баларға еске салу керек олар ауырған адамның бас киімін, аяқ-қол киімін, қол-бас орамалымен пайдалануға болмайтынын. Әр адамға қатаң түрде жеке бастың гигиенасын сақтау қажет. Аурудың киімін қайнату, ыстық үтікпен үтіктеу, іш киімін төсек жаймасын, матрасын камералық дезинсекциядан өткізу керек. Ауру шыққан ошақта ағымды және қорытынды дезинфекция және дезинсекция жүргізіледі. Биттеу Биттер – қан сорғыш жәнтіктер, адамның паразиті және ұсақ қөректіліктер, олардың өмірі адамда өтеді. Олардың даму сатысы мынандай: жұмыртқа (сірке), личинка, нимфа, үлкен бит (имаго). Жұмыртқа салуға қолайлы температура 28-30 градус. Бүкіл даму циклы кемінде 15 кунге созылады. Бит өсіп-өнуінің барлық сатысында тек қанмен көріктенеді. Биттеудің таралуы қанағаттарлықсыз санитарлық-гигиеналық жағдайларға, халықтың материалдық және мәдени өміріне байланысты. Биттеу әртүрлі әлеуметтік және соғыстың, ашаршылықтың, табиғи апаттардың айнымас серігі. Биттердің денесінде ұсақ жәнтіктер (риккетсиялар) өсіп-өнеді де бит адамдардың қанын сорғанда адамның қанына осы микробтарды енгізеді. Адамдарда риккетсиоз аурулары: іш сүзегі, қайталама бит сүзегі пайда болады. Бастың шашы биттеген кезде қатты қышытады, бұл қотырға, одан кейін теренің іріңді зақымдануының тұғызады. Кийім-кешек биті көбінесе төсек-орын қоймасында өмір сүреді және теріге көріктену үшін өтеді. Шап биті көбінесе шаптың терісі мен жыныс мүшесін зақымдайды. Жұғу жолдары – жыныстық қатынас кезінде, қоғамдық моншаға барған кезде. Емі бас битын жиі тарақпен тарап арылтады. Еркектер мен балалардың шаші алынады. Битті құрту үшін керосин, сабынды керосинді эмульсия, жасыл сабын пайданылады. Биттен сақтандыру жолдар: халықтың материалдық және мәдени өмірін, санитарлық білімін көтеру, монша-кір жуу қызметін жақсарту мен қол жеткізіледі. Жеке бастың сақтандыруы: денені жиі жуу және іш киіммен төсек жаймасын ауыстыру, бастың, әсіресе балалардың басын тісі жиі тарақпен тарау, битте адамдармен қатынасты шектеу арқылы жүргізіледі.
0 дауыс
Суретін салсай сайтқа көрейік
0 дауыс
Алакандагы кызыл майда болып тур, кыши береды ма,олай болса ол уакытша менде де сондай болып турады,оган дари колданудын кажети жок,кадимгидей журе берыныз,ол уакытша кетеды.
...