+1 дауыс
874 көрілді
Қызға сөз айтуға "духың" жетпесе қайтуге болады?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен әрине, ақылшы болудан аулақпын. Бірақ, кез-келген ұнаған қыз баламен жақсы араласудың мынадай жолын ұсынамын:

- Ер бала, алдымен өз өзін баптауы қажет. Олар: жеке бастың күтімінен бастап, білім, этика, мәдениетке дейінгі манера және әрине, хобби.

- Өзімен араласатын адамды сыйлай білу, әділ болу. Қалай сыйлаймын деген сұрақтар болуы мүмкін, бұл сұраққа, атақты неміс ойшылы Кант Иммануил былай дейді (шамамен): "Құндылық, ең алдымен мораль болуы керек. Оны затпен (байлықпен) ауыстыруға болмайды. Сөйте келе, адамның жеке басының құндылығының жанында, біреудің байлығы түкке тұрғысыз алдамшы дүние екенін тұжырымдайды. Өзіңізді қалай сыйласын десеңіз, өзгені де солай сыйлау қажет".

 

Кей адамдардың, қыз баласының да қарапайым адам баласы екенін ұмытып кететіні қызық көрінеді.

Егер қыз балаға сөйлеуге қандай да бір себептермен батыл жетпесе, субардинация сақтай отырып, дипломатиялық форматтағы қатынаспен бастау ұсынысын жасаймын. Ол, әрине жеке басқа көшпей, қызығушылық пен іскерлік мақсатындағы әңгімелер. Мұндай әңгіме қызық болуы үшін, адам өзі білері, көргені көп болғаны жақсы. Уақыт өте келе, жақындасып та кетуге болады.

Барлығымыз да адаамбыз ғой, басында қауіптенеміз. Күдіктенеміз. Адамға сенім ұялаған соң, онымен әрі қарай араласа беруге болады. Оған дейін, адам қорғанып, кез-келген адамға ашылмайтын көрінеді.

Іштей психологиялық дайындық та басты фактор. Егер адамды өзіме қаратамын деп әрекет жасаса, ол сырт көзге әдемі көрінбей, адамды қашырып жіберетін сияқты. Сондықтан, адам шынайы болғаны, болсаң бол, болмасаң қой менімен, бірақ менің бар болмысым осы ғана деп өз өзімен болу (быть самим собой) тиімді вариант деп білемін. Мұндай кезде, адамдар да фильтрлене қалады меніңше, араласуға жарайтындар және жарамайтындар деп. )))

 

P.S.: Пікірім басқа адамдардың оймен қарама қарсы келуі мүмкін. Олардан кешірім сұраймын. Ешқандай мүддені көздемеймін!)
+1 дауыс
Жұбатхан! "Духың" жетпесе, агентпен хабарлас. Сөз айту міндетті емес, қыз сені ұнатса болды ғой ;)
Агентпен хабарлас деген қалай сонда?
+1 дауыс
Тисе терекке тимесе бұтаққа. Тауекел етте тас жұт.
+1 дауыс

ай бауырым мен сиякты екенсін гой!

Күнде көріп тұратын адамың болса, ара қатынасыңды бүлдіріп алам ба деп қорқасың. Әрі өсекке де таңыласың.
+1 дауыс
онда хат жазыңыз..егер бетке айтуға батылдық таныта алмасаңыз..егер өсек болып кетеді деген қорқыныш бойыңызда басым болса..сезім кемесін мұхитқа жібермегеніңіз абзал...
+2 дауыс

Не қыласың соза беріп.....Қазақсың ба? Жігітсің бе? Ұнатасың ба? онда болды - алып қаш!!! қалғанын өмір өзі туырлай береді!!! қайтесің анау-мынау деген әлсіздердің сөздерін. Ал бірақ та - нағыз еркек болсаң, ол қызды саған ғашық ету оп-оңай!!! Ойлан бауырым!!!cool

...