0 дауыс
2.7k көрілді
Мен бір ұл баланың туған күніне баратын едім,соған жаңа тілек керек еді
Туған күнге біріншірет что ли

3 жауап

0 дауыс
Туған күнде айтылатын тілек-сөздерМінезің бар әкеңдей бір салмақты, Жігіт болып өсе бергін жан-жақты. Құттықтайды нағашылар әулеті, Алматылық __________________! Көзіміздің ағы менен қарасы, Аман жүрші ____________баласы. Туған күнің құтты болсын ....., Қамқоршы ғой әрқашан да нағашы. Басқалардан өте жақын болады, Жиен менен нағашының арасы. Тиіп кетсе қол қалтырап қалатын, Құдіреттің күштілігін қарашы! Сырласатын, сыйласатын өзіңмен, Ең бірінші нағашым деп санашы. * Тілеймін таңның нұрлы шапағатын, Сол нұр ғой бар әлемге таралатын! Тілеймін тағы өзіңе қабыл алшы Көлдегі қос аққудың махаббатын! * Сәттіліктер серік боп, Бұлт баспасын көгіңді. Тілегіміз қабыл боп, Биіктерден көрінген. * Жүрегің таза болсын, ақ болсын, Көңілің көтеріңкі, шат болсын. Достарың одан ары көбейіп, Басыңа таусылмайтын бақ қонсын. * Өмір көркі – жастық шақ, Жайна, құлпыр, жалын ат. Тілеймін саған үш тілек: Өмір, Бақыт, Махаббат.  Тілеймін болашағың жарық болсын! Әр кезде жас жүрек жырға толсын! Алдағы арманың орындалып, Басыңа бітпес дәулет, бақыт қонсын! * Күздей салқын сабырлық, Жаздай ыстық махаббат, Қыстай мықты денсаулық, Көктемдей әсем сұлулық. * Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шаққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды – оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді – олардың жұлдызы біресе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын жұлдыздар болады. Мұндай жұлдыздардың иелері айналасына жылу мен шапағат нұрын төгіп тұратын ізгі жандар болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін! * Алла тағала дүниені жаратып, әрбір тіршілік иесінің өмір жасын белгілегенде адамға 25-ақ жыл өмір, ал жылқыға, итке, т.б. аңдарға 50 жылдан беріпті. Адам өзіне берілген жасты қанағат тұтпай, жануарларға барып жарты жастарын сұрап алыпты. Міне содан бері адам ұқсап 25 жыл өмір сүрсек, 25жыл жылқыға, 25 жыл итке, ал кейінгі 25 жылымыз маймылға ұқсап жұртқа күлкі болып ғұмыр кешеді екенбіз. Бүгінгі туылған күн иесіне адамға ұқсап 25-ақ жыл емес, 100 жыл өмір сүр, ғұмырың бақытты да баянды болсын деп тілеймін! * Бүгін сенің туылған күнің – төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып-қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенің өміріңді жарық етсін! Бақытты бол! * Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады. Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайың ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос. Досым, алдағы өмірде де абыройың артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер! * Бір досым: «Осы мен адамдарға түсінбеймін: әр жылы туған күнін тойлайды, сонда олар бір жылға қартайғанына қуанады ма екен?» деп еді. Бүгінгі туған күн иесіне қарап отырып, сол досымның жаңсақ пікір айтқанына тағы да көзім жетіп отыр. Әр жылы туған күнін тойлауға жеткен адам – бақытты. Адам әр жаңа жылға жеткеніне қалай қуанса, туған күнінде де дәл солай қуануы керек. Әр жастың өзіне тән бақыты, қуанышы, игілігі, ерекше сыйы болады. Сондай игіліктерге аман-есен жеткеніне неге қуанбасқа! Қарапайым ғана мысал: біз бала күнімізде туған күнімізді достарымызбен, сыныптастарымызбен бірге тойлап өткізсек, есейе келе қуанышқа ортақтасатын қадірлі жандарымыздың қатары молая түсті. Міне, бүгінгі туған күн кешінде қонақтардың арасында жаңа таныстар, жаңа туыстар пайда болғанының куәсі болып отырмыз. Бұл дегеніміз – туған күн иесінің өмірінде былтырғы туған күнінен бері қарай біршама жаңалықтар болғанын, араласатын ортасы кеңейгенін, тілеулес жандарының қатары артқанын байқаймыз. Мұндайдың өзі бір ғанибет емес пе! *Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін! *Достарыңның алды болма көз тиеді, соңы болма сөз тиеді, достарыңның ортасында жүре бер. *Зор денсаулық, ашық аспан, шат күлкі, мол бақыт, талмас қанат, қайтпас қайсарлық пен мөлдір таза махаббат тілеймін. *Лұқпандай мың жаса. *Ғұмыр жасың ұзақ болғай. *Жамбылдың жасын берсін. *Өмір деген айдында өз теңіңді тауып бақытты да баянды өмір кеш. *Арайлап атқан таңның ақ шапағатын тілеймін.
мааа мынанын бәрін айтып беріңіз!
0 дауыс
туған күн иесі менің кластасым еді
0 дауыс
басыңа бас қосылып айдаһар болып жүре бер деңіз
...