+2 дауыс
62.3k көрілді
Сақтың мына үш түрі туралы ақпарат қажет!:

1.сақ хаумаварка

2. сақ тиграхауда

3.сақ парадарая
сұрақ қайда?
ой рахмет мына сұрақты дұрыстаған адамға!

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мына сұрақ өшіруге тұратын сұрақ екен. Сұрақ деп атауға болмайды, сұрағы жоқ. Бір қатесіз жазылған сөзі де жо қ. Негізі былай болуы керек еді:

Сақтардың түрлері:

1.Сақ хаомаварга

2.Сақ тиграхауда

3.Сақ парадарайя
+2 дауыс

Тапқан ақпаратымда тек тиграхауда сақтары туралы біршама мағлұмат бар. Ал қалған ақпаратты таба алмадым.

1.Сақ хаомаварга

хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;

2.Сақ тиграхауда

Тиграхауда-сақтар (парс. – сүйір төбелі бас киімді) – сақтардың негізгі үш тобының бірі. Олар б.з.б. 8 – 2 ғасырларда Памир-Алай тауының солтүстігінен бастап, Тянь-Шань тауларын жағалай шығыс Алтай тауының батыс сілемдеріне дейін, солтүстікте Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі аймақта тұрған. Ежелгі грек тарихшылары Геродот пен Страбон Тиграхауда-сақтарды “азиялық скифтер” деп атап, олардың киізден жасалған, сүйір төбелі бас киім киетіндігін және садақ, қысқа қылыш пен айбалта секілді қаруы болғандығын жазады. Иранның сына жазуларында (Дарий Қ патшаның мазарындағы жазбаларда) сақтардың үш тобын атап, олардың ішінде Тиграхауда-сақтар көне деректерде массагеттер деп аталғаны айтылған. Персеполь сарайы қабырғаларында бедерлеп салынған суреттерде Тиграхауда-сақтар моңғол нәсілдес кейіпте бейнеленген. Ежелгі сақ тайпаларының одағы өз заманында әлеуметтік құрылысы мен шаруашылығы ілгері дамыған ел болған Жетісудағы Тиграхауда-сақтардың материалдық-мәдениет жағынан өз алдына дербес, өзіндік ерекшелігі болды. Алматыдан 50 км жердегі Есік облысы мен Іле жағасындағы Бесшатыр – бұлардың тарихы мен мәдениетінің айғағы.

3.Сақ парадарая

парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;

0 дауыс

Көне парсы жазба ескерткіштеріне жататын "Персополь", "Бехистун" жазуларында тур тайпаларының ортақ атауын сака деп береді. Біраз кейінірек табылған жазбаларда сақтарды ендігі жерде үш топқа бөледі. Олар —

парадарайя сақтары,
тиграхауда сақтары,
хаомаварга сақтары.

Парадарайя сақтары дегеніміз — теңіздің арғы жағындағы сақтар. Бүгінгі күні көп зерттеушілер парадарайя сақтарының мекендеген жерін Қара теңіз жағалауы деп керсетеді. Тиграхауда сақтарының негізгі орналасқан жері Каспий теңізінің шығысынан Жетісуға дейінгі аймақ деп көрсетеді. Ал массагеттер осы тиграхауда сақтарының грек жазбаларындағы атауы деген пікірлер де бар.

Тиграхауда-сақтар (парс. – сүйір төбелі бас киімді) – сақтардың негізгі үш тобының бірі.Тиграхауда сақтардың патшасы - Скунха.  Тиграхауда сақтары жөніндегі деректерді Ахеменид патшалары II Кир мен Дарийдің оларға қарсы жасаған жорықтары жөніндегі жазба мәліметтерден де аңғарамыз. Сондай-ақ тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкенттің маңайын, Тянь-Шаньды мекендеген.  Олар б.з.б. 8 – 2 ғасырларда Памир-Алай тауының солтүстігінен бастап, Тянь-Шань тауларын жағалай шығыс Алтай тауының батыс сілемдеріне дейін, солтүстікте Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі аймақта тұрған. Ежелгі грек тарихшылары Геродот пен Страбон Тиграхауда-сақтарды “азиялық скифтер” деп атап, олардың киізден жасалған, сүйір төбелі бас киім киетіндігін және садақ, қысқа қылыш пен айбалта секілді қаруы болғандығын жазады. Иранның сына жазуларында (Дарий  патшаның мазарындағы жазбаларда) сақтардың үш тобын атап, олардың ішінде Тиграхауда-сақтар көне деректерде массагеттер деп аталғаны айтылған. Персеполь сарайы қабырғаларында бедерлеп салынған суреттерде Тиграхауда-сақтар моңғол нәсілдес кейіпте бейнеленген. Ежелгі сақ тайпаларының одағы өз заманында әлеуметтік құрылысы мен шаруашылығы ілгері дамыған ел болған Жетісудағы Тиграхауда-сақтардың материалдық-мәдениет жағынан өз алдына дербес, өзіндік ерекшелігі болды. Алматыдан 50 км жердегі Есік облысы мен Іле жағасындағы Бесшатыр – бұлардың тарихы мен мәдениетінің айғағы.

Хаомаварга сақтардың ең ірі, саны жағынан көп тайпасы болған. Грек жазба деректерінде оларды кейдеамюргия сақтары деп те атайды. Олар ежелгі Бактрия мен Маргиана аймақтарында, яғни Әмудария менМургаб өзендерінің жағалауларында орналасқан. Сонымен қатар хаомаварга сақтарының біраз топтары қазіргі Ташкент облысын, Ферғана маңын жайлаған.

Тағы да сақ мәдениеті, Қазақстан жерін мекендеген тайпалар, сақтар жайлы толық мәліметтерді оқи аласыздар.

0 дауыс
Дұрыс ап ұзақ бір парадараяға бере қойыңыздаршы бір
...