+2 дауыс
125k көрілді
Зар заман ақындары туралы шығарма керек? Бар болса бере аласыздарма, өтінем.Рахмет  (Жоспармен болса тіпі жақсы.
Маған да керек

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Шығарманы өзің тіл байлығыңа байланысты сөздеріңмен ұйқастырып аларсың. Мен саған ақпарттар тауып берейін.

Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда  жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен , Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды.

Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп – ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады . Патга үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлық, өсек, талас – тартыс , алауыздық, арызқойлық – қазақ қоғамының осы кезеңдегі жемісі болды.

Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.

Олар Қазақстанның  Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады , болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді.

Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов « Зар - заман » жыршылары  деп атаған болатын  және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен  қайғы - қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. (1,246 б.). Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді.

Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді.

Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мурат сияқты « зар – заман » ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып , бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар –заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар , шер әбден күнәға батқан « замандастарының  құлағына » жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар –заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының    

(1843 – 1906 ) жырларынан айқын байқалады ( 3,38 ). Зар – заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген , ой – пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің  өршіл үні  айқын аңғарылады. Зар –заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы – мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады. Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ  халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады.

Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.

Заманның бұзалғанына назары болған ақын «әуелгі заманның » енді қайта келмейтіндігіне « құдасы жоқ құлдың , қонысы жоқ байдың » озатынына , « байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алмай » өздері де жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. « заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден бас білдірдің » деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады (4,29).

Елде ұрлық пен парақорлықтың , өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған , атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының » жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша , «ақырзаман »бұрынғы әдет – ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы , орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын « Жандарал ұлығың , майыр сынғаның болды », «кәпірді піріндей  тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің », енді сені күтіп « абақты тұр қасында , қазылған қара көріндей » (5,60 ) деп сақтандырады.

Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің    екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан биліктің, әдеп – ғұрыптың кенеттен өзгеріске ұшырауын ол халықтың адамгершілік нормаларын бұзатын құбылыс ретінде бағалады. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын батыл айыптады, бұл жағдайдан шығудың жолдарын іздеп арпалысты.

Зар – заман ақындарының өлең – жырларында елмен қоштасу , туған жердің өткенін аңсау сарыңы орын алған. Жалпы «алға көшу», қонысты бастау ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Таласуға түскен елден кетіп, жайлы жер , ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндікке , бостандыққа ұмытылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып , өткен күннің  елесін іздеу жастық дәуреннің еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп , өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң – шермен астасып жатады. Ақындардың бір қатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып , басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зорлана жырға қосады. Зар – заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап , алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар – заман ақындарының шығармашылығын алғашқы бастапқы кезеңінде , яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығы мен құнды . бүгінгі көз қарасақ тұрғысынан қарасақ олардың ойлаған қауіпі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде  өлең – жырдың бар қуатын пайдаланып, ата – баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені. Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874). (6,169).

Зар – заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықдықтың белең алунан басталады. Жыр жүйріктерін бар құдреті бар қабілеті ел жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қатерді, зорлық – зомбылықты , алдын – ала ескертті, зардаптарын күнілгері таңба басқандай айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі  бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын айаусыз сынға алды , кей тұста ел бірлігінің келместігін де түйреп өтті. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заман ақындарының шоғырының белгілі өкілі – Дулат  Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестенің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай қайсысында  ұлттық поэзиямыздың мазмұны жағынан байытуға үлес қосты. Кеңес идеология үстемдік еткен кезде Зар – заман ақындардың шығармаларын насихатттауға тиым салынды , олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан зар –заман ақындарының шығармалары әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетін тариқын оқып – үйренуге арналған ғылыми жинақтарда олардың кейбір олең тұлғаулары жарық көрген тұстарында болды. Мысалы , 1978 жылы Ленингратта басылып шыққан , « Поэты  Казахстана » жинағында - (құрастырған М.Мағауин ) ( 7 ,149 б. ) Зар – заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.

ХХ ғасырдың соңынан бастап  Зар – заманның тарихи сипаты , Зар – заманның   ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері , көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар – заман шығармаларының – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.

Консерватор ақындар күшті де , әділ хан билігін құп көрді. Олар өз шығармаларында өткен дәуірді аңсады. Әз Жәнібекті , Қасым ханды , Тәуке ханды, Абылайды, Кенесарыны еске алды , олардың ел бірлігін нығайтудағы еңбектерін атады. Замананың бұзылуын ел билеудің бұрынғы дәстүрлерінің жойылуынан деп білді, сондықтан ел арасындағы келеңсіз құбылыстар тамырын тереңге жайды деп тұсіндірді. Олар патшалық отаршылдық саясатты сынаумен қатар былайша жарқын өмірдің қайта  орындалатынына сенді. Зар –заман ақындарының уақыт тағдырын  дұрыс түсінгені және оны әділ бағалағаны өзінің тарихымен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бірақ олар дәстүрлі құндылықтарды қорғаны мен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты көрсете алған жоқ. Дегенмен , олар патшалық отаршылдық саясатты сынау мен қатар , болашақта жарқын өмірдің қайта орнайтынына сенді.

да уж из книги переписали
0 дауыс

Арғы түбі ақырзамандық сарындар мен болжал өлеңдерден бастау алатын зар заман жырларының көп таралған кезі – отаршылдық дәуірі. Қазақтың көптен күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске асуға айналды.Жерлері алынумен қатар, әуелі қазақ даласын айнала сызып, шеткі қалаларды салды…..Артық жерге Ресейдің қара шекпен мұжықтарын әкеп қондырды.Бұрынғы хан, бұрынғы би, бұрынғы елдің қамын ойлайтын түзу адамның бәрі шетке қағылып қалып, қыбыр еткен ісі болса барлығы да орыс қуатымен, орыс қолымен істейтін болды.Зар заман ағымына анықтама берсек, ол отаршылдық дәуірдегі елдің әлеуметтік ахуалының көркем бейнелеуінің көрінісі.Асан ата айтып кеткен («Мұнан соң қилы-қилы заман болар,Заман азып,заң тозып, жаман болар»),Бұқар болжап берген («Күн батыстан бір дұспанАқырда шығар сол тұстан») дәуір келіп жеткен соң ақын-жырауларының  өлең-толғауларының тақырыбы өзінен-өзі зар заман ағымына ойысты. [1.144].Сондықтан бұл құбылыс басталар жері, тамамдалар тұсы айқындалған, тарихи өзгерістер аясында жетіліп, өркенделген, түйінделген ағым ретінде қарастырылады.Бұл сарынның ақындары қатарына Дулат Бабатайұлын1802-1871,Шортанбай Қанайұлын1818- 1881, Мұрат Мөңкеұлын1843-1906, Әбубәкір Кердері Шоқанұлын1858-1903 т.с.с. ақындарды қосуға болады.

Солардың көрнекті өкілдерінің бірі Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген әлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер.Қазақ даласына сауда капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде әсерлі суреттеледі.

Асылық азған заманда,

Алуан- алуан жау шықты.

Арам, араз хан шықты.

Қайыры жоқ бай шықты,

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты,-

деп ол бірде қазақ даласына келген сауданы айыптаса, елдің бас көтерер азаматтарының байлыққа құнығуын, қанаудың күшейгенін сынға алады.

Қайыр кетіп байлардан,

Бұзауға ақша беріп тұр.

Пәлен тенгеторпақ деп,

Тиынға тиын болып тұр.

Залым туған сұмырайлар

Осылай жұртты еміп тұр,- дейді.Осының бәрін Шортанбай заманның азғандығы деп ұқты.[3] Шығыстағы Дулаттың, батыстағы Әбубәкір мен Мұраттың, Арқадағы Шортанбайдың бір – біріне ұқсас әуенмен ел мұңын жырлауы көп ойға жетелейді.Заманды сезіну ортақтығы деген осы.Орыс шаруаларының қазақ жеріне ағылып келуі жұрттың наразылығын оятты. Бұл қарсылық отаршылдық дәуірдің құбылыстарын аяусыз сынға алған зар заман поэзиясында шынайы көрініс тапты:

Айтуға ауыз келе ме,

Аягөз кімнің жері еді?

Ұлы өрісі қысқарып,

Кең қонысың тарылды.[4]

Шортанбай:

Нысапсыз екен бұл кәпір,

Жеріңді алды, малды алды.[5]

Талай ғасырдан бергі жаугершілік жорықтарында қасқыр мінез танытып, намысын ешкімге таптатпаған,кеудесі көтеріңкі, рухы биік қыр қазағы ептеген жағымпаздыққа бой алдырды. Бұл ең алдымен Дулат Бабатайұлының сынына ілікті:

Майырдан алса бұйрығын,

Борбайға қысып құйрығын.

Ел пысығы жортады-ай,

Өз елді қорқытып,

Одан өзі қорқады-ай.

Бұл тұрғыда М.Мырзахметовтің пікіріне жүгінсек, «қазақ әдебиеті тарихында алғаш рет ұлттық санасы саналы түрде оянған жаңашыл ақын, халқының бозторғайы боп шырылдаған Дулат поэзиясында отаршылдық билік жүйесі және елін сатқан атқамінерлер  бейнесін тұңғыш галереясы жасалды» дейді.Жұртшылық арасында «Жаңа низам»  деп аталған 1868 жылғы реформа- зар заман поэзиясының негізгі тақырыбы болды.Қарапайым халықтың «Жаңа низамды»  қалай қабылдағанын, қандай күйге түскенін зар заман мектебінің өкілдері тайға таңба басқандай бейнелейді.Әсіресе, Дулат Бабатайұлының отарлаушылардың астарлы амал-айласы мен қитұрқы қулығын салғаннан-ақ аңғарды:

Батыстан патша түнегі,

Жеріңе келіп түнеді.

Жоныңнан таспа тіледі,

Дулат оны біледі.

Осыны Шортанбай да:

Осы күнде заманның,

Осылайша болып тұр.

Мұсылманды бұл күнде,

Орыс кәпір жеңіп тұр.

Ал Әбубәкір  болса:

Қоныстан бірнешелер көшті үркіп,

Штаттың  хабарынан білмей қорқып — дейді.

Отаршылдық биліктің ел арасындағы өкілдерінің бейнесі зар заман поэзиясында типтік тұлға ретінде көрініс тапты. «Өмірдің шындық құбылыстары мен оқиғаларының қалың тасқыны арасынан қажетті типтік сипаттағы маңызды, мағыналы фактілерді көре білу үшін де зергерлік зерде керек» деген талап тұрғысынан қарасақ, халқының жоғын жоқтап,  мұңын мұңдау арқылы өзара үндестік танытқан замана жыршыларының шығармаларынан типологиялық ұқсастықтың мысалдарын көптеп кездестіруге болады.

 

0 дауыс

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІ

Қ.С. Қожабекова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда  жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен , Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды.

Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп – ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады . Патга үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлық, өсек, талас – тартыс , алауыздық, арызқойлық – қазақ қоғамының осы кезеңдегі жемісі болды.

Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.

Олар Қазақстанның  Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады , болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді.

Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов « Зар - заман » жыршылары  деп атаған болатын  және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен  қайғы - қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. (1,246 б.). Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді.

Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді.

Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мурат сияқты « зар – заман » ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып , бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар –заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар , шер әбден күнәға батқан « замандастарының  құлағына » жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар –заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының    

( 1843 – 1906 ) жырларынан айқын байқалады ( 3,38 ). Зар – заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген , ой – пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің  өршіл үні  айқын аңғарылады. Зар –заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы – мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады. Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ  халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады.

Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.

Заманның бұзалғанына назары болған ақын «әуелгі заманның » енді қайта келмейтіндігіне « құдасы жоқ құлдың , қонысы жоқ байдың » озатынына , « байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алмай » өздері де жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. « заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден бас білдірдің » деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады (4,29).

Елде ұрлық пен парақорлықтың , өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған , атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының » жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша , «ақырзаман »бұрынғы әдет – ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы , орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын « Жандарал ұлығың , майыр сынғаның болды », «кәпірді піріндей  тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің », енді сені күтіп « абақты тұр қасында , қазылған қара көріндей » (5,60 ) деп сақтандырады.

Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің    екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан биліктің, әдеп – ғұрыптың кенеттен өзгеріске ұшырауын ол халықтың адамгершілік нормаларын бұзатын құбылыс ретінде бағалады. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын батыл айыптады, бұл жағдайдан шығудың жолдарын іздеп арпалысты.

Зар – заман ақындарының өлең – жырларында елмен қоштасу , туған жердің өткенін аңсау сарыңы орын алған. Жалпы «алға көшу», қонысты бастау ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Таласуға түскен елден кетіп, жайлы жер , ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндікке , бостандыққа ұмытылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып , өткен күннің  елесін іздеу жастық дәуреннің еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп , өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң – шермен астасып жатады. Ақындардың бір қатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып , басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зорлана жырға қосады. Зар – заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап , алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар – заман ақындарының шығармашылығын алғашқы бастапқы кезеңінде , яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығы мен құнды . бүгінгі көз қарасақ тұрғысынан қарасақ олардың ойлаған қауіпі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде  өлең – жырдың бар қуатын пайдаланып, ата – баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені. Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874). (6,169).

Зар – заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықдықтың белең алунан басталады. Жыр жүйріктерін бар құдреті бар қабілеті ел жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қатерді, зорлық – зомбылықты , алдын – ала ескертті, зардаптарын күнілгері таңба басқандай айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі  бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын айаусыз сынға алды , кей тұста ел бірлігінің келместігін де түйреп өтті. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заман ақындарының шоғырының белгілі өкілі – Дулат  Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестенің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай қайсысында  ұлттық поэзиямыздың мазмұны жағынан байытуға үлес қосты. Кеңес идеология үстемдік еткен кезде Зар – заман ақындардың шығармаларын насихатттауға тиым салынды , олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан зар –заман ақындарының шығармалары әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетін тариқын оқып – үйренуге арналған ғылыми жинақтарда олардың кейбір олең тұлғаулары жарық көрген тұстарында болды. Мысалы , 1978 жылы Ленингратта басылып шыққан , « Поэты  Казахстана » жинағында - (құрастырған М.Мағауин ) ( 7 ,149 б. ) Зар – заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.

ХХ ғасырдың соңынан бастап  Зар – заманның тарихи сипаты , Зар – заманның   ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері , көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар – заман шығармаларының – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.

Консерватор ақындар күшті де , әділ хан билігін құп көрді. Олар өз шығармаларында өткен дәуірді аңсады. Әз Жәнібекті , Қасым ханды , Тәуке ханды, Абылайды, Кенесарыны еске алды , олардың ел бірлігін нығайтудағы еңбектерін атады. Замананың бұзылуын ел билеудің бұрынғы дәстүрлерінің жойылуынан деп білді, сондықтан ел арасындағы келеңсіз құбылыстар тамырын тереңге жайды деп тұсіндірді. Олар патшалық отаршылдық саясатты сынаумен қатар былайша жарқын өмірдің қайта  орындалатынына сенді. Зар –заман ақындарының уақыт тағдырын  дұрыс түсінгені және оны әділ бағалағаны өзінің тарихымен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бірақ олар дәстүрлі құндылықтарды қорғаны мен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты көрсете алған жоқ. Дегенмен , олар патшалық отаршылдық саясатты сынау мен қатар , болашақта жарқын өмірдің қайта орнайтынына сенді.

0 дауыс

Сәбит Мұқановтың зар заман ақындары туралы зерттеуі

Ахмет Күләш Садыққызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, ф.ғ.д., Қазақстан

С.Мұқановтың  «Қазақтың XVІІІ-XІX ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» еңбегінде «Зар заманның жағдайы» деп айрықша назар аударған ғылыми проблемасы кейін үлкен науқанға айналып, кеңес үкіметі құлағанға шейін бет қаратпайтын саяси мәселеге айналып, оның өкілдері әдебиет тарихынан аласталған болатын.

1927 жылы кітап болып шыққаны болмаса, еш жерге таратылмаған, оқытылмаған  М.Әуезовтің «Әдебиет тарихына» зер салсақ, «Зар заман деген XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «Зар заман ақындары» деген ат қойдық. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталған, арты Абайға келіп тіреледі. Зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады» [1,192б.]  деген анықтаманың айтары әбден анық.

Бірақ осы атау Сәбит Мұқановтың 1942 жылғы «Очерктеріне» дейін айтылмай, жазыла қалса бұқпантайлана айтылып келе жатқан үлкен де даулы мәселе болатын. Оны алғаш ауызға алған М.Әуезовтың өзі соттан үш жылдық жаза алып, 1932 жылғы «Ашық хаты» шыққанша байшыл-ұлтшыл аталып келді де бұғаншапағатын тигізгені бүгінде әбден аян. «Зар-заманды» әдейі айтып, жазып отыр мына кеңестік заманда» деп ойлағандар сол «Әдебиет тарихын» кітаптар түрмесіне салып қойған-ды.

Көзі тірісінде М.Әуезов бұл еңбегіне қайтып оралудың жөнін таппай, көңілі дауаламаған болатын. 80-жылдары М.Әуезов шығармаларының 20 томдығын жариялағанда 16 томға енген «Әдебиет тарихы туралы» түсініктеме берген ғалым М.Мырзақыметов «Қазақ әдебиеті тарихының тұңғыш оқулығы ретіндегі бұл еңбек тұтас қалпында жарияланбай, үштен бір бөлегі қысқартылп тасталды. Тіпті, кейде тұтас күйінде жіберілді деген тарауларының өзінен көптеген сөйлемдер мен кейбір әлеуметтік астары өткір пікірлері жұлмаланып» шықты [1,236б.] дегенді оқығанда большевиктік шовинистік идеологияның, оның қол шоқпары болған литоның жарамсақ жағымпаздары әлемді аузына қаратқан М.Әуезовтың әдеби мұрасына осыншама зорлық жасауларын тағылық, ғылымға, мәдениетке жат қылық демеске шараң қалмайды.

Осындай қасіретке ұшыраған зар-заман ақындарын С.Мұқанов білмеп еді деп ешкім айта алмас. Ал олай болса, 1942 жылғы «Қазақтың XVIII-XIX ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» еңбегінің сүбелі екінші тарауын «Зар-заманның жағдайы» деп бұлаңдата атауға қалай дәті барды, нендей мақсат көздеді деген сұсты сауалға жауап іздеп көрейік.

1927 жылдан 1942 жылға дейін арнайы аталмағанмен, зар-заманның ірі өкілдері мектеп оқулықтары мен хрестоматияларында даурықтыра аталмай, қатардағы ақындар ретінде қаралып келгеніне С.Мұқанов ерекше екпін түсірмей, әуелі орыс отаршылдығының екі түрін – жаулап алу мен жерді отарлау амалдарын тарихи деректермен дәлелдей келіп, «бас бостандығынан жерден айрылған кедейленген халық бұл зорлыққа қарсы басын көтере алмады, көтерем дегенге үкімет көтертпей, қозғала бергенде тарп бас салып, орнында езіп тастап отырды. Осылай қолдан күш, бастан ерік кеткен кезде, қайғыдан тұншыққан халықтың зарынан туған көркем әдебиетті біз «Зар заман әдебиеті дейміз». «Зар заман» әдебиетінің негізін қалаушы қазақ ақын Шортанбай» [2,122б.] деп ой түйеді де, Шортанбай Қанайұлының шығармашылығын білгірлікпен еркін талдайды.

Талай қызықты да мәнді деректермен келтіріп, «Шортанбайдың көзінен мың қабат жас ағызған кім? Әрине, ол патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы халықтың көтерілісі басылғаннан кейінгі басына түскен ауыртпалық зары. Халық басына түскен қиыншылықты Шортанбай өзі өлгенше шын ықыласын сала, бойындағы бар ақындық талантын жұмсай, халық қайғысын қайғыра, халықпен бірдей жылап өтті. Сол кездегі халық тұрмысынан Шортанбайдың жыры шолмаған ешбір сала жоқ» [2,124б.] деп талай мысалдармен дәлелдейді. Оқушының көзін жеткізеді.

«Шортанбайдың үш зары бар: «Зар заман», «Бала зар», «Өлең зар». Осы зарларында да ол халықтың басына түскен зарды, замананың зарын айтқан. Бұл үш зар-үш поэма және сюжет жағынан біріне бірі жалғас, бірінің мазмұнын бірі өрбітетін поэма» [2,132б.], сондықтан «Шортанбай жырлары қазақ әдебиетінде жаңа дәуір»[2,133б.] деп қорытуы қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш айтылған, тұжырымдалған пікір екеніне дау болмаса керек.

С.Мұқановтың идеологиялық саясаттың желімен «орыс» атауына еш шаң жұқтырмау ниеті күшейген 50-жылдары ешкімнен сескенбей айтқан ойына назар аударсақ, ол «орыс» деген атауды қалай түсінді, қалай түсіну керектігіне жол көрсетті. «Орыс-бүркіт, біз-түлкі», «Қуғындап орыс жеткен соң», «Орыстан жаман тым-ақ жау», «Қорқарма орыс қой дегенге», «Кәпірді көрдің пікіріндей», «Орыс кәпір жеңіп тұр», «Ит кәпірге жақындап...» секілді саясатшылар секем алатын Шортанбай тіркестеріне тағы да С.Мұқанов араша түсті. «Енді біреулер әдебиетте «Зар заман» сарынын Шортанбай туғызды, онысы қазақтың Россияға қосылғанына қарсылығы» дейді. Ол да сөз емес, орыс халқына, орыс мемлекетіне қарсылық сарын Шортанбайдың ешбір шығармасында жоқ. Ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы. Сол қарсылығын іске асыра алмаған ол өмірден тарығады да, бетін ахиретке бұрады» [3,16б.] дегенді «Зар заман» поэзиясын зерттеген  профессор Б.Омаров соңғы кездегі түсінікпен баяндайды.

С.Мұқанов Шортанбай шығармашылығын талдау кезінде «реалист ақын Шортанбай – заманының ірі суретшісі, қырағы ақыны. Сол кездегі қазақ тұрмысынан Шортанбайдың жыры шолмаған ешбір сала жоқ» [2,124б.] деп таптық айырмашылық, капиталистік озбырлық пен феодалдық кертартпашылықты көрсете келіп, елде ауызбірліктің жоқтығын, берекесіздік жайлағанын әр шығармасынан суыртпақтап шығарып, өзінің негізгі ойын былай тұжырымдайды: «Шортанбайдан сақталған жырлардың көлемі көп емес, жалпы шамасы 1500 жолдай ғана өлең. Бірақ осы аз көлемді жырға өз заманындағы қазақ халқының саяси-шаруашылық халін, ауылдағы тап тартысын, тұрмыс-салтын, ой-санасын түгел сыйғыза білген. Шортанбай жырлары қазақ әдебиетінде жаңа дәуір. Ол дәуір екі жақты қанаудан тұншыққан халықтың ащы зары, соңдықтан, Шортанбай өз заманының атын «Зар заман» деп тауып қойған» [2,129б.] деген қорытындыға тәуелсіздік, егемендік алған тұста әрең жетіп отырмыз.

С.Мұқанов Мұрат Мөңкеұлының поэзиясына тоқталғанда, ақынның «Үш қиян», «Қарасай-Қазы», «Шалгез» поэмалары мен Жас келін, Ораз, Жылқышы, Тыныштық, Жантолымен айтыстарын, басқа толғауларын талдай келіп, «Шортабай мен Мұраттың екеуі де «Зар заманның» ақыны бола тұра арасында айырма бар» деп алады да, Шортанбайды өз заманы тұрғысынан көріп,  «Мұрат – өз заманының мұңын мұңдаумен қатар, елінің тарихына үңіліп, өз заманынан ғана емес, өткен тарихтың хал-жағдайын да жырлаған ақын. Мұрат Шортанбайдай  «сөзім бітті, мен болдым, енді шықпас үнім» деп қайғының тұнығына батып кетпейді, Мұрат қайғы теңізіне құлаш сермеп батып кетпеуге малтып шығуға тырысады. Осылай жан сақтауға жанталасып малтыған Мұраттың қолына ұстар ескегі, астына мінер қайығы – халқының өткен тарихы» [2,158б.]  деп мәнді ойын Мұраттың  «Шалгез» поэмасымен нақтылай түседі.

«Бұл поэманы баяғы Шалгез ақын шығарды ма, әлде Мұраттың өзі шығарды ма ол жағы мәлім емес» деп ағынан жарылады да «Шалгез шығармасын, я өзі шығарсын бұл поэманы шығаруға Мұраттың мақсаты: отанын қорғауға, жауына айбынды болып, жауын үркітуге, бостандық алуға, тәуелсіздікке шақыру [2,164б.]деп табады да, «Шалгез» поэмасына мол талдау жасайды.

Ноғайлының он шалы қалмақтың көп жылқысын айдап келе жатқанда арттарынан қуғыншылар жетеді. Шалгез жолдастарына алаңдамай, жылқыны айдап жүре беріңдер деп, өзі қуғыншыларды жалғыз тосып алады. Мұндай жағдай 1465-1560 жылдары жасаған Тіленшіұлы Шалгез жыраудың «Ер Шобан» деген жырында баяндалған. Сәбит Мұқановтың қолында осы жырдың болмағандығы, мейлі Шалгез, не Мұрат шығарсын мейлі, әйтеуір жырдың көркемдік бейне жасау амалы күшті «Батырлардың образын бір- бірінен жекелеу, әр батырдың арнаулы сипат тауып, бір батырды екінші батырға ұқсатпауы күшті. Осы поэманы шығарған ақынның адам образын жекелеуге шеберлігін көрсету» [2,164б.] еді деп дәстүр жалғастығына үлкен мән береді.

Шынында, Шалгездің «Ер Шобанында» Жұмай, Мәмбет, Сұлтан, Қаян, Жылым, Баубек, Қолай, Жақсымбет, Жақан батырлар даралай суреттелсе, Мұраттың «Шалгез» поэмасында шындығына келгенде Қожақ, Жанай, Шора, Сойдақ, Қазы, Қосай, Арғын, Мамай батырлар аталады. Ал олардың аттары ғана емес, образдық келбеттері де басқа. Шалкиз бен Мұратты біріктіріп тұрған дәстүрлі машық, тіпті, әрі-беріден Мұрат Шалгез бабасының жырын естіп, соған ұқсатып жырлайыншы деген ниетінің өзі он батырдың бірі етіп Шалкезді атап, қалмақтың қолын қайтарған шешен батырға айналдырып жіберген. Суреттеу тәсілдері де бірдей.

Арғымақ аттың аласы,

Қас игінің баласы.

Алдаспан ауыр қылыш суырған,

Ажалға қарсы жүгірген.

Бұ жиынның ішінде,

Исалының ұлы Жылым бар [4,36б.],–

десе  Шалгез жырау, ал Мұрат Мөңкеұлы:

Енді бірін кім десең?

Жеті аршын жарым бойы бар.

Адамнан артық біткен сойы бар.

Артынан келген дұшпанға,

Көрсететін тойы бар.

Жауырыны жазық,

Мойны ұзын.

Оқ тартқанда

Қолы ұзын.

Маңдайының арасы

Екі қарыс екі елі.

Дулыға симас шекесі,

Оның бір несін сұрайсың.

Теккеппер деп жалғыз аттанған,

Көкшенің ұлы Қосай бар,–деген суреттеу амалы мен бір-біріне ұқсамайтын батырлардың образын жасағаны үшін Сәбит Мұқанов Мұратты «Зар заман ақыны» деп айтудың өзі обал-ау дегенге жақындап, «қандай тамаша бейнелер!» біздің совет заманының батырларына «болсаңдар, осы Мұрат сипаттаған қазақ батырларындай болыңдар дерлік емес пе?!» [2,164 б.] деп Мұрат ақындығына ризалығын жасырмай, бүгінгілерге үлгі етіп, өмір шындығына оралады. Кешегі мен бүгінгіні жалғастырып, дәстүрдің қасиетті ықпалын сездіреді.

«Жалпы еңбектерін тұтас алғанда Мұрат XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінен аса бағалы орын алады»  деген қорытындысы өкінішке орай 1947 жылы Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің «Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және Әдебиет инититутының саяси өрескел қателері туралы «қаулыға ілікті де, бүкіл «Зар заман» ақындарының қатарында кете барады.

С.Мұқановтың игі ниеті мен шыни танымына ілігіп, құнды да толымды пікір айтқызған ақын – Мұрат. Өзін жалпы қазақ ақыны, халық ақыны санаған және тарихын терең білген Мұрат «қазақ халқының сорлы ел еместігін, отанын, бостандығын қорғау жолында күресе алғандығын» [2,155б.], «Қазтуған», «Шалкиіз», «Қарасай-Қазы» дастандары мен «Үш қияны» көркемдігі мен идеясы жағынан өте құнды шығармалар» екенін нақты талдаумен дәлелдеп, олардың авторын «данышпан, ұлы жүректі Мұрат ақын» деп таныды.

Жалпы, очеркте «Зар заман» әдебиетінің жай-күйі, Шортанбай, Мұрат сынды ұлы ақындар шығармашылығы барынша жанашырлықпен насихатталып, толымды зерттеу жүргізілген. Осы баяндалған шындықтар әлі күнге дейін қалың оқырманның қолына толық тимей жатуы, әрине, өкінішті. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. 3-басылым. Алматы: Жазушы, 1991.-240 б.

2.Мұқанов С. Қазақстың XVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. Алматы: Қазақстан, 1942; Екінші басылым. Алматы: Арыс, 2002.

3. Омаров Б. Зар заман поэзиясы. Алматы: Білім, 2000.

4. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.– Алматы: Ана тілі,1993.

0 дауыс
Ақын жыры және зар заман ақының жыры айырмашылығы неде?
0 дауыс
зар заман ақындарының негізгі тақырыбына айналмаған негізгі мәселесі керек еді
...