+1 дауыс
14.9k көрілді
Күзгі балға қатысу үшін салат түрлерін тауып бере аласыздар ма?

2 жауап

0 дауыс

"Достық" салаты   http://massaget.kz/bastangy/kulinariya/13416

+1 дауыс

СЖ-ның Аспаз бөлімінде де неше түрлі, жақсы-жақсы салаттар бар.

"Күнбағыс" салаты

Құрамы: 

картоп
пияз
сәбіз
болгар бұрышы
ет (сиыр еті/тауық еті)
пісте май
тұз
қызыл бұрыш
қара бұрыш
лимон шырыны
майға қуырылған картоп (чипсы)

1. Ең алдымен етті төртбұрыштап және майдалап тураймыз.


 2. Картопты да майда төртбұрыш етіп тураймыз. 

 3. Сәбізді де майда төртбұрыш етіп тураймыз.


 4. Пиязды да майда төртбұрыш етіп тураймыз.

 5. Майдалап турауды болгар бұрышымен аяқтаймыз.


 6. Асты жанып тұрған табаға пісте май құйып, қуыруды еттен бастаймыз.

 7. Ет әбден қуырылып біткенде пиязды салып қуыра бастаймыз.


 8. Пияз сарғыш тарта бастағанда сәбізді салып қуырамыз. 

 9. Одан соң болгар бұрышын салып қуырамыз.


 10. Қуырылып жатқан кезінде қара және қызыл бұрышты аздап себеміз. Тұз салуды да ұмытпаймыз.

 11. Пісуге жақын қалғанда лимон сығындысын қосамыз (аздап қана)

 12. Қуырылып біткен соң жайпақ тәрелкеге салып шеттерін майға қуырылған картоппен (чипсы) сәндейміз. 

 

"Смайл" салаты

Құрамы: 

3 картоп;
4-5 жұмыртқа;
2 қияр;
2 сәбіз;
200 гр шұжық;
200 гр ірімшік (сыр);
5-6 зәйтүн;
майонез.

Сәбізді майда үккіш арқылы өткізіп, майонезбен араластырып алыңыз.


Сырды қалауыңызша майдалаңыз.


Картопты алдын ала пісіріп, үккіштен өткіземіз.


Қиярды майдалап турап, дайындаған тәрелкенің үстіне жайғастырыңыз. Кішкене тұздауға болады.


Үстінен үгілген картопты салыңыз. Тұздап, майонез жағыңыз.


Шұжықты қияр сияқты турап, келесі қабат қылып жайғастырыңыз.


Үстін қалауыңызша тұздап, үстінен майонезбен араласқан сәбізді салыңыз.


Келесі қабат үгітілген сырдан тұрады.


Піскен жұмыртқаның ағын дәл осылай үккіштен өткізіп, жаямыз.


Соңғы қабат үгітілген жұмыртқаның сарысы болады. Онымен салаттың бәрін жабуға тырысыңыз.


Зәйтүнді ортасынан бөліп, сақиналардан көздер, тігінен бөліп, шаш пен ауыз, тіл жасаңыз. Қызыл тіл үшін өрік не басқа қызғылт зат қолданыңыз.

 

Басқа да салаттар жасағыңыз келсе мына сілтемені қарап өтіңіз:

http://massaget.kz/bastangy/kulinariya?tag=%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%82

 

...