Квастың зияндығы бар ма?

+2 дауыс
1.5k қаралым
Жалпы ол адамды семіртеді деген шын ба?
• Санаты: Жалпы сұрақ | 1.5k қаралым

3 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Квас – алкогольсіз сусындардың бірі. Мыңдаған жылдар бұрын ойлап шығарылған сусын бүгінде де үлкен сұранысқа ие. Қара бидай мен арпа уытынан өндірілетін квас дәмді әрі ағзадағы процестерді ретке келтіруші сусын болып табылады. Ағзаға әсер етуі жағынан оның айран мен қымыздан айырмашылығы жоқ. Квас ұйыған сүт өнімдері сияқты ас қорыту жүйесін реттеп, зиян және ауру туғызатын микробтардың пайда болмауын қадағалайды, адамның көңіл-күйіне жағымды әсер етеді, зат алмасуды, жүрек-қантамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады.

Айтарлықтай квас адамға ешқандай зиян келтірмейді. Тек қана қалыпты мөлшермен ішу қажет.
0 дауыс
Кез келген тағам артық мөлшерде пайдаланса, семіртеді. Адамды тез семіртетін сусындар: Кока-Кола, Пепси-Кола, Холидей сияқты қантты лимонадтар.
0 дауыс
Ия!!! Кәзіргі КВас өте зиан Бұрын 1991 жылы ішіп көргенімде жақсы болатын. Шамасы Квасты жақсы көретін жандардың қатарына жататын сиқтысыз. қорықпаңыз семірмейсіз ішпеңіз !!
127,956 сұрақ
322,863 жауап
153,167 пікір
72,966 қолданушы