0 дауыс
19.7k көрілді
Танымайтын адамдармен қалай достасып кетуге болады?Менің достарым тек сыныптастарым ғана.Басқа адамдармен достасудың жолдары қандай:Мен достарымның көп болғанын қалаймын.Жалпы олармен қалай сөйлесуім,не туралы сөйлесуім керек?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Меніңше, адам өзі қызықты болуы керек. Яғни, сырт көзбен қарағанда. Эгоист болмауы керек.

Жалпы, мынадай пункттер адамға пайдалы:

- Өзін өзі күшпен де, сөзбен де қорғап шыға алуға дайын;

- Сөйлейтін кезде сөйлеп қалу, сонымен қатар сөйлегенде де субардинация мен сыйластықты сақтап, "ешқандай мүддені көздемеймін, сөзімді көңілге алмаңыздар" деп бастап, сауатты сөйлей алу;

- Вербалдық емес күйде адамға байлануды доғару (Мысалы: "не істеп жатсың, қалайсың, немен айналысасың, жалақың қанша" деген сияқты адамның жеке басына бағытталып, адамға психологиялық тұрғыдан жабысу формасындағы сұрақтар. Бұндай сұрақтар ешкімге де пайдасы жоқ, бірақ адамды бір-бірінен алшақ ететін құсық сұрақтар, ал психологиялық тұрғыдан қазбалай келе, жеке басқа бағытталған сұрақты көбіне әңгімелесу мәдениетін жөнді білмейтін, күшпен дос болуға тырысатын адамдарға тән деп ойлаймын);

- Жеке басты дамыту. Барлығы өзіңізге қажетті болсын: гигиена, тән (әсемдік, спорт, дене күтімі, денсаулықты қадағалау және пайдалы әрекет пен тағамға назар аудару), жан (психологияның көп салалары бар, солар туралы көпшілікке арналған мақалалар оқу, ән, рухани, діни де көпшілікке рұқсат етілген мақалалар оқу, тәрбиелік материалдар оқу, әсіресе этика. Этикалық мәнер жасанды болмас үшін, ол этиканың шығу тарихымен, себебімен танысу), хобби (мысалы: гитара, домбырада ойнау, ән айту, шахмат, коньки, шаңғы тебу, жәй емес, экстремалдық трюк жасап үйреніп, одан ләззәт алу. Бұлардың барлығы мақтан үшін немесе біреуден артық көріну үшін емес, адамның көңіл күйін бір қалыпқа салу, нервтік жүйелерді тыныштандыру және психологиялық тұрақтылық, өмір сүруге деген мотивациялар болып табылады шындығында.)

Әрқашан өзіңіздің комфорт зонаңызды (зона комфорта туралы интернеттен іздеп, көп пайдалы материал табуға болады) дамыту өте пайдалы. Әрқашан адам өзін дамытқан сайын, өз деңгейіне сай адамдарды тартып, сол деңгейдегі адамдармен араласатын болады. Және бұл табиғи заңдылық. Егер табиғи заңдылық орындалмаса, адамның өмірге деген көзқарасы негативке өзгеру ықтималдығы бар, басқалармен араласуында аздап, білінбейтін де психологиялық болсын ауытқушылықтар пайда болады. Соның себебінен адам өтірік айтуға, жасанды әрекет жасауға және өзін өзі моральдік тұрғыдан басып тастауға дейін барады. Түбінде депрессияға ұрыну моменттері бар.

Бұл тақырып өте қызықты және көп талқылауды қажет етеді. Достар, сәттілік тілеуден басқа вариант жоқ :)
0 дауыс
Кәдімгідей сыныптастарына не айтсаң басқаларға да соны айт
Ыңғайсыздау ғой
Белгісіз
+1 дауыс
ең бастысы шын жүрекпен таныссаң болды.
...