Мен саған бір әңгіме айтып берейін.
Бұрын бір өте атақты, аты әлемге таралған әнші (аты есімде жоқ) болған. Әншінің беделінің жоғарылығы сонша ол өз концерттерін алдағы 4-5 жылға дейін жоспарлап, тіпті билеттері де сатылып кетіпті. Өзі өте бай болған.
Солай әр елге сапарлармен ән айтуға барғанда ол сол елдің бір ұлы жазушы, ақынының кітабын алып, сол елдің тілін меңгеріп барып оқиды екен.
Жасы 60-қа таяғанда бір елге келіп (нақты есімде жоқ), бір дүкеннен кітап алғалы жатқанда сатушысы айтады:
- Өтінемін дүкенге қарай тұрасыз ба? Үйде балам науқастанып жатыр еді. Қазір 10-15 минуттан соң келемін, -деп дүкенді тапсырып кетеді.
Сатушының кеткеніне 1 сағат, 2 сағат өтіп 3 сағат болғанда келсе жаңағы әнші 3 аптада сатылатын кітапты 3 сағатта сатып жіберіпті. Содан кейін өзінің менеджер ма (есімде жоқ) шақырып, "Мен әншілікті қоямын. Жоспарланған бүкіл концертті болғызбай, кері шегеремін"-дейді.
- О не дегеніңіз бұл деген өте үлкен шығынға алып келеді ғой. Қаншама штрафтар салынады, -десе:
- Жоқ, мен бәрін есептедім. Менің оған ақшам жетеді екен. Мен бәрібір ән айтуды тоқтатам. Мен өз жұмысымның бақытын 60 жасқа келгенде таптым, - деп сол күннен бастап ән айтуды тоқтатады.
Бұнда айтайын дегенім айлығы мынадай, анадай деп таңдамай, өзің ұнатқан, қолыңнан келетін мамандық таңда.
Егер өз ісіңнің шебері болсаң мейлі қандай мамандық болса да сен суырылып алға шығасың.