+1 дауыс
5.8k көрілді
Сәлеметсіздер ме? Неге бөлме өсімдігі сарғаяды? Оны жою үшін қандай тыңайтқыштар қолданған жөн. Егер мүмкін болса тыңайтқыштардың атын толық мәліметпен жазып жіберсе, оларды сатып алу мүмкіндігі қандай?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Кез келген өсімдік зат алмасу (фотосинтез) және хлорофилл түзу процесстері бұзылғанда сарғая бастайды. Олай болмауы үшін гүл сататын дүкеннен арнайы топырақ (почва для цветов) сатып алып, гүлді соған көшіріп отырғызу қажет. Немесе тыңайтқыштар қоспасын (смесь удобрений) сатып алып, гүлге құятын суға қосып отыру керек. Гүлдерді күн сәулесі барынша мол түсетін терезенің алдына қойып, арасында жапырақтары мен сабақтарын арнайы су бүріккішпен (Мистер Мускулдың бүріккіші сияқты) су бүркіп тұрған пайдалы.
0 дауыс
пластик терезеде турса саргаяды ол терезелер ауа откiзбидi оиткенi!!!
...