+1 дауыс
6.8k көрілді
Түркияның бүгінгі таңда жағдайы қандай?қандай елдермен сауда байланысын орнатқан?қысқа да нұсқа мәліметтер керек еді....

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Түркия мемлекеті - Батыс Азияда жіне ішінара Оңтүстік Шығыс Еуропа жерінде орналасқан мемлекет. Аумағаның 97%-ы Кіші Азия(Анадолы) түбегін, 3%-ға жуығы Еуропа ендігін немесе оңтүстік Шығыс Балқан түбегін (Шығыс Фракияны) қамтиды. Солтүстік Шығысында ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТЫҒЫ елдерімен, Шығысында Иранмен, оңтүстік батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік батысында Болгария мен Грекиямен шектеседі. Жерінің аумағы 780,6 мың км 2, халқының саны 75,1 млн адам(2004). Астанасы Анкара қаласы. Негізгі Түрік халқы. Одан басқа күрдтер, арабтар, гректер, кавказ халқы т.б тұрады. Сондай ақ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқында болып, кейін Батыс Еуропада қалып қойған, 1940-50 жылы. Шығыс Түркістанда Қытай комунистеріне қарсы күресіп, Үндістан мен Пәкістан арқылы келген және 1970-80 жылы. Ауғаныстандағы соғыстан бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары тұрады.(10-15 мың адам). 1982ж қабылданған соңғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы президент. Жергілікті халық негізінен ислам дінінің суннит тармағынр ұстанады. Президент елдегі бір палаталы парламент Түркия мемлекетінің Ұлы ұлттық мәжілісі жеті жылға сайланады. Президент пример министр мен үкімет мүшелерін мәжіліс депутаттары арқылы тағайындалады. Елде көппартиялы сайлау жүйесі орныққан. Премьер министр сайлауда ең көпшілік алған партия арасынан үсынылады және үкімет мүшелері партиялардың мәжілістегі орнына тәуелді. Ресми тілі түрік тілі. Әкімшілік жағынан алпыс жеті уәлатқа бөлінген. Түркия 1991ж 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел болып табылады. Ұлттық валютасы түрік лирасы. Түрік халқы алғашқы болып елге инвестиция тартты. Қазір Қазақстанда көптеген түрік компаниялары әртүрлі салада жұмыс істеуде. Екі ел арасында тығыз экономикалық, мәдени, саяси байланыстар орныққан.  1990-1994 жылдардан бастап өнімдерді бөлу жүйесі жақсарып, елдегі жұмыссыздық пен аймақтық сәйкессіздік ахуалы жойыла бастады. Қазіргі кезеңде түкия әлемдік стандарттар бойынша тауар шығаратын өнеркәсіптің жетекші салаларын құрылымдық жағынан жетілдіріп, экспортқа бағдарланған даму стратегиясын ұсынуда. Елде туризм жақсы дамыған және ол экономикаға үлкен кіріс кіргізуде. Түркия мемлекеті Еуроодаққа кіруді мақсат етіп, ел экономикасын Еуропалық стандартқа жақындату мақсатында көптеген шаралар жүргізді. Негізгі сауда серіктестері: ЕУРООДАҚ елдері, АҚШ, Иран, Ирак, ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТЫҒЫ елдері,т.б.  1980 жылы болған кезекті әскри төңкерістен кейін, 1982 жылы жаңа Концтитуция қабылданды. Экономика нарықтық қатынастарға көшіріліп, 1980-90 жылдары ел жедел дами бастады . 1987 жылы Түркия Еуроодақққа мүше болуға тырысқанымен, әртүрлі себептермен бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. 1991 жылы желтоқсанда КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған Орта Азия түркі мемлекетттері мен тығыз байланыс орнатты. Стамбұл қаласы Түркия Республикасының дамыған туристік орталықтарының бірі. Истанбұл Түркия мемлекетінің ең дамыған қаласы. Стамбұл иліннің әкімшілік орталығы. Мәрмәр теңізінің жағалауында, Босфор бұғазының қос жағасында, Азия мен Еуропаны байланыстыратын су торабында орналасқан. Тұрғыны 10.1 млн адам. Стамбұлдың Еуропалық бөлігі Азиялық бөлігімен Византии көпірі (ұз.1560) және парлмдар арқылы байланысқан. Стамбұл мемлекеттің ең ірі сауда, қаржы , өнеркәсіп және мәдени орталығы. Мұнда жиһаз, машина жасау, қағаз, химия, цемент, дәнді дақылдар, жеңіл өнеркәсіп, әйнек өнеркәсібі жақсы дамыған. Қалада үш университет, экономика және сауда академиясы, мәнерлі өнер және кескіндеме, археологиялық музей, қыш музейі, муниципалдық музей және т.б бар. Қала алғашында Рим императорының құрметіне константинополь деп аталды. 395- 1453 Византия мемлекетінің, 1453- 1918ж Осман сұлтандығының, 1918-23 жылы Түркия мемлекетінің астанасы болды. Стамбұлда көне ескерткіштер өте көп. Ола үш дәуір сәулет ескерткіштерінен тұрады. Византия кезеңінен қалған император сарайлары мен ғибадатханалары, қасиетті Ирина, Айя Софья музей ғимараты, қасиетті килесе Димаси шіркеуі сақталған. Сонымен қатар орта ғасырлық түрік өнерінен Анадолухисары, Румелихсары, Едлкуле қамалдары, Шахзаде Фатих Исами, Баязит мешіттері сақталған. Қазір музей саналатын топкана сұлтанның кешені т.б көптеген кесенелер мен фонтандар қала сәулетінің құрамдас бөлігі болып табылады. 18- ғасырдан Стамбұл сәулетіне Батыс Еуропа стилі ене бастады. Қазіргі заманғы биік ғимараттар да бой көтерді. Қаладағы тарихи орындарды біріктіретін Ататүрік атындағы мәдени орталық және т.б мәдени, денсаулық орындары бар. Түкия мемлекетінің туристік мүмкіншіліктері. Түркия мемлекетіні өзінің экономикасын туристік бизнесін дамыту арқылы экономикасын дамыта алған елдердің бірі болып табылады. Түкияның туристік орталықтарының бірі тарих тамыры тереңде жатқан қамалдарымен танымал. Олар: Сұлтанахмет мешіті, Сүлеймен мешіті, Рүстем Паша мешіті, Фатих мешіті, Жаңа мешіт, Михримах сұлтан мешіттері негізгі болап табылады. Сұлтанахмет мешітін 1609-1616 жылдары Мехмет атты сәулетші салған. Негізінен ғимараттар көк мешіт деген атпен танымал. Мешітте 6 мұнара бар. Стамбұлдың ең әдемі мешіттердің бірі 1550-1557 жылдары Синан атты сәулетшінің туындысы Сүлеймен мешіті болып табылады. Мешіттің іші ақ мәрмәрдан жасалған, бағында сұлтан Сүлеймен сұлтан мен оның жұбайы Роксананың кесенесі және Осман империясы кезінде өмір сүрган атақты сәулетші Синанның моласы, 4- медресе, медициналық мектеп, түрік моншалары, асхана және кедейлерге арналған пана болатын орындар бар. Түркия мемлекеті елдегі мұражйлардың санымен және әрқилылығымен танымал. Олар: Әулие Софи мұржайы, Археолгия мұражайы, Түрік керамикасының мұражайы, Әулие Ирина мұражайы, түрік және ислам мәдениетінің мұражайы, түріккілем мұражайы, Еретабан қамалының мұражайы, әшекейлер мұражайы, әуе мұражайы, әскери мұражай, Ататүрік үйінің мұражайы, Сардарбек ханымның мұражайы, теңіз мұражайы, Қала мұражайы және т.б бар. Әулие Софи мұржайы адамзатттың керемет көз тартар туындыларының бірі болып табылады. Бұл мұражайдың негізін Ұлы Константин құрған. Ал VI ғасырда Юстианның бұйрығымен қайта жөндеуден өткен. Оның биіктігі 55 метрге, ал диаметрі 31 метрге дейін жетеді. Туристерді бұл мұражай тамаша византиялық әшекейлерімен таң қалдырады. Түрік керамкасының мұражайы Мехмет басқыншының бұйрығымен ХV ғасырда салынған. Бұл мұаражайда VІІ ғасырдағы ең әжемі керамикалық бұйымдар сақталған. Түрік және Ислам мәдениетінің мұражайы 1524 жылы Сүлеймен сұлтанның резеденциясы ретінде ұлы уәзір Ибраһим Пашаның қолдауымен салынған. Бұл Осман империясының ең танымал тұрғын үй кешендерінің бірі. Әшекейлер мұражайында V-VІ ғ Ұлы Византия императорлардың сарайында әлі күнге дейін сақталған мозайкалы еденімен танымал. Теңіз мұражайы Бешіктас ауданында орналасқан. Бұл мұражайдан сұлтандардың ортағасырлық қайықтарын көруге болады. Түркия тарихы тереңге ескерткіштерге толы. Ежелгі кезеңдегі византиялықтардың арбалар жасауға қолданған және қоғамдық өмірлерінің негізгі орталығы болған иппподромнан қазіргі кезде тек үш ескерткіш қалған. Олар Феодосия обелискісі, күміс серпетин және Константин колонналары. Ахмет ІІІ фонтаны Топкан қамалының алдында орналасқан. Беязыт мұнарасы 1828 жылы ІІ Махмұтттың бұйрығымен салынған. Оның биіктігі 85 метрге дейін жетеді. Галат мұнарасы (62 метр) 1348 жылы салынған. Бұл жерде кешке туристерге романтикалық кештер ұсынылады.. Қыздар мұнарасы Қыз Кулеси деген атпен танымал. Бұл Стамбұлдың ең романтикалық орындарының бірі болып табылады. Ол ХІІ ғасырда салынған. Стамбұл дүниежүзілік мәдениет орталығы болып табылады. Түркия елінде маусым-шілде айларында әлемдік әртістердің қатысуымен мәдениет фестивалі өтеді. Ал наурыз- сәуір айларында Халықаралық кино фестивалі өтеді. Кұмқапы Стамбұлдың ең танымал жерлерінің бірі. Бұл жерде көптеген таверналар, балық мейрамханалары, барлар өте көп. Ортакей- Стамбұлдың түнгі өмірінің орталығы. Мұнда көптеген джаз клубтар, мейрамханалар, кафелер мен клубтар көптеп кездеседі. Татилия Джумхириети – елдің ең үлкен атттракцион паркі болып табылады. Кез - келген турист белгілі бір елге барған кезде міндетті түрде суенирлер сатып алғысы келеді. Түрік халқы ерте заманнан жақсы сатушылар болған. Егер, сіз арзан бағамен ұлттық тауарларды сатып алғыңыз келсе, Капалы Шаршы базарына барғаныңыз дұрыс болады. Ол қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Бұл жерде кішігірім 4000 жуық дүкендер бар. Мысыр Шашысы базарына барсаңыз сіз өзіңізді шығыс елінде жүргендей сезінесіз. Бұл жерде әртүрлі шөптер мен шай түрлері сатылады. Ал егер турист жаңа еуропалық стильдегі заттарды ұнатса, Ақмерез, Карусель, Капитоль сауда үйлеріне барсаңыз өкінбейсіз. Сонымен қатар, Түркия әлемге экологиялық таза курорттарымен танымал. Бұл курорттар өзінің төмен бағасымен және жоғарғы дәрежедегі қызмет көрсетуімен туристердің ағынын мыңдап тартуда. Түркия мемлекетіндегі танымал курорттардың қатарына Анталия, Кушадасы, Кемер, Алания, Белек, Мармарис, Бодрум жатқызуға болады. Түркия курорттарында турстер жоғарғы дәрежеде демалып қана қоймай, сонымен қатар, кернекмт көңіл көтерулеріне болады. Кемер- Тарус тауының етегінде, теңіз жағасында орналасқан. Курорт өзінің экологиялық таза ауасымен, қарағайлы ормандарымен және жаңа заман талабына сай қонақ үйлер мен клубтардың жиынтығынан тұрады. Бірнеше жылдар бұрын Кемер кішкене балықшылар кенті болған. Қазір бұл курорттарда теңіз жағалауында демалып қана қоймай, сонымен қатар романтикалық кештер өткізуге болады. Кемер курорты ежелгі антикалық қала олимптің жанында орналасқандықтан, онда танымдақ экскурсиялар жүргізуге болады. Фитхие- инфрақұрылымы жақсы дамыған жас порттық қалаларының бірі болып табылады. Ол қарағайлы ормандар басқан тау етегінде орналасқан. Қала 1913 жылы әуе апатында қайтыс болған ұшқыштың атымен аталған. Фитхие сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. 1956 және 1957 жылы бұл қалада қатты жер сілкіністері болған. Туристерге танымал демалыс орны Кушадасы - теңіз айлағы. Қаланың маңында археологтар қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі гректің Эфес, Милет, Дидила, Афродииас қалдықтарын тапқан. Памукале – түрік тілінен аударғанда «Мақта қамалы» дегенді білдіреді. Осы жерде құрамында калции бар ыстық бұлақ көзерінің көмегімен ақ тау массивтері пайда болған. Туристер тамаша ақ массивті тауларды тамашалап қана қоймай, «Клеопатра хауызында» шомылады. Бұл жерде көптеген сауықтыру орталықтары бар. Сиде- жаңа және ең танымал туристік орталықтардың бірі . Мрамариас- Эгей теңізі мен Жерорта теңізі түйіскен жердегі ежелгі Фискос қаласының орнында орналасқан. Бұл жерде ежелгі ескерткіштер жаңа ғимараттармен тамаша үйлесім тапқан. Көптеген барлар, кафелер, мейрамханаларда би мен әннің ұштасуына, бұл қаланы бишілер қаласы деп атаған. Ал Анталияға жазда түрлі мемлекеттерден көптеп туристер ағылып келеді. Қыс мезгілінде бұл жерде қысқы ойынға дайындықтар өткізіледі. Стамбұл қаласы Түркия мемлекетінің ең дамыған туристік оратлықтарының бірі болып табылады. Стамбұл қаласы дүние жүзіне сан ғасырлық қамалдарымен танымал. Алтын мейіс және Мрамор теңізі қиылысқан жерде Х V – ХІХ ғғ Осман империясының билігі кезінде Топкан қамалы салынған. Қамал өте үлкен аумақты алып жатыр және көптеген ғимараттар мен аулалардан тұрады. Бірінші қамалдың ауласында татмаша бақ орналасқан. Екінші қамалдың оң жағында бұрын асхана болған, ал қазір оны хрусталь, күміс және қытай форфоры қойылған мұражай жасалған. Үшінші аулада аудиенциялар, ІІІ Ахметтің кітапханасы, зергерлік бұйымдар мен киімдердің көрмелері орналасқан. Бұл затттарды сұлтандардың отбасы кезінде кигендіктен аса құнды мұра болып табылады. Қорытынды Туризм ХІХ ғасырдың феномені және табыстың тайқазаны болып табылады. Есебін таба білген елдер бұл салаға белсене кіріскелі қашан. Индустриясын дамытып, өз өлкесінің жарнамасымен жұрт назарын аударуда.: Табиғатын тамшалатып, тарихын танытқаны үшін қып-қызыл пайдаға батып жатыр. Түркия мемлекетінде шикізат көздері өте тапшы болғанымен, ел табыстың 50 пайызын туризмнен табады. Туристерді тартудан дүние жүзі бойынша бірінші орында тоғызыншы орында. Алдағы уақытта алғашқы бестіктің қатарына енбекші. Жыл сайын 22 млн туристі қабылдап, бюджетіне 18-19 млрд қаржы құятын елдердің бірі болып табылады. Ал енді ел діни туризмді дамытуға да білек сыбана кірісті. Түркия мемлекетіндегі туризмнің дамуы еуропалық мемлекеттер, әсіресе Германия мен Ресей мемлекеттің туристердің елеулі үлестерін қосты. Сонымен қатар, Түрік халқы ерте кездерден жақсы саудагерлер болғандықтан, туристер бұл елде ұтымды және арзан бағамен тауарлар сатып ала бастады. Сондықтын туризмнен елеулі пайда тауып отырған түіктерден еліміз үлгі алып, төл туристік бизнесімізді дамытамыз деген ойдамын!

Түркия жайлы естіген соңғы жаңалығым:

2011 жылы Түркия экспорттан рекорд орнатты
ЫСТАМБҰЛ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Дынникова Ирина/- 2011 жылы Түркия экспорттан рекорд орнатты. Экспорттың 18,17 пайызға өсу нәтижесінде, жылдық табыс 134,6 миллиард долларға жетті.

Осылайша 2008-ші жылғы 132 миллиард долларлық рекорд жаңаланды. Түркия Экспортшылар мәжлісінің мәліметтеріне қарағанда, желтоқсан айындағы экспорттың 4.5 пайызға өсуі нәтижесінде табыс 12,1 миллиард долларды құрады. Бұл соңғы 37 айдың ең жоғары экспорт айы болып тарихта қалды. 47 салада жасалған экспорттар рекордты жаңартып, 38 аймақ жоғары нәтиже көрсетті.

Түркия Экспортшылар мәжлісінің бастығы Мехмет Бүйікекші, «миллиард 500 долларлық экспорт жоспарында жылына 12 пайызға ұлғаю көзделіп, 18,5 пайыздық нәтиже көрсетуі - бұл мақсатымыздың 50 пайыздан асқанын көрсетеді»,- деді.

...