0 дауыс
7.3k көрілді
Кейбіреулері "мұнтаздай таза" деген сөзді қолданады. Осындағы мұнтаздай деген не сөз? ол қандай мағынаны білдіретін сөз?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мұнтаздай деген сөз кісінің атымен байланысты. Таж Махалды салдырған Ақсақ Темірдің ұрпағы Жахан Шақтың сүиікті тоқалының аты Мұмтаз өте сұлу,таза,кіршіксіз,мінсіз жан болған. 13 бала тауып,14шісін тапқанда дүниеден өтеді. Жахан-шақ көпке дейін тоқалын ұмыта алмайды ,ақыры тоқалына арнап Таж Мақал кесенесін салдырады. Кесене өте сәулетті, сұлу,ешқандай кемшіліксіз болып шығады. Оны көрген жұрт кесенені шынында да Мұмтаздай көркем,сұлу,кіршіксіз екен деп кеткен. Кейін бұл сөз Мұнтаздай деген сөзбен қолданысқа еніп кеткен. Негізі Мұмтаздай-көркем,сұлу,таза,кіршіксіз,мінсіз деген мағаналарды білдіреді.
0 дауыс
тап таза, кіршіксіз, мөлдір деген мағынаны білдіреді. Мұнтаздай тап таза кіршіксіз синоним сөздер.
0 дауыс
Кіршіксіз, мінсіз деген мағына да.
0 дауыс
Мұнтаздай көбінесе- таза, кіршіксіз, тап-таза деген мағынада қолданылатын сөз
...