Құдай сақтасын әке-шешені сотқа беруден. Әкең жынды болса, байлап бақ деген. Мен өз басым дәл, бауырым, сенің тағдырыңдай бір жігітті көргенмін. Бірақ ол өзінің сүйген қызына әке-шешесін тыңдамай үйленді, ол қыз да орамал тағады. Тойында да болдым, сонда ол жігіт әке-шешесінің алдына барлық шараптарды жұрттың көзінше лақтырып, әке-шешесін жерге қаратқан. Сонда ауылдың барлықсы басын шайқады. Сенікі де дұрыс, әке-шешенің орны бөлек. Олар ешқашан жамандық ойламайды, жаны ашиды, қазір қыздардың да неше түрлісі бар, сондықтан сені бір күні тастап кете ме деп қорқатын шығар. Басқа ағымда ма деп уайымдайтын болар. Сен неге оларға бәрін түсіндіріп көрмедің, анаңмен жеке сөйлеспедің бе, ана ғой бәрін түсінетін. Бауырым, уайымдама, әке-шешеңді сыйла, Алла тағаланың мейіріміне бөленесің. Сенің жолың боларына сенемін.